«Түркістан» өлеңінен үзінді
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!
М. Әуезов: «Мен Мағжанды сүйемін. Оның Еуропалығын, әшекейін сүйемін».
Ж. Аймауытов: «Қайткенде де Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзінде «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін». Үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде оятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді...»
С.Құдаш: «Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыған кезде, сондағы профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың (қазақтың) Пушкині» деуші еді».
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер –
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893–1920)
Туған жері: Көкшетау облысы, Қызылту ауданы.
Достарыңызбен бөлісу: |