Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет90/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   168
Шығармашылығы
Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, оларды «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай» деп жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді.
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.


Романдары:
«Қамар сұлу» (1914)
«Кім жазықты?»


Поэмалары:
«Таныстыру» (1918, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов т.с.с. Алаш партисы қайраткерлерінің қазақтың тәуелсіздігі жолындағы еңбегі жайлы)
«Адасқан өмір»
«Кедей»
«Айтыс»
Өлеңдері:
«Шығамын тірі болсам адам болып»
«Қымыз» (әлеуметтік теңсіздік жайлы)
«Оқып жүрген жастарға» «Анау-мынау»
«Тәліптерге» («Шәкірттерге») «Жарлау»
«Ендігі беталыс» «Оқудағы мақсат не?»
«Мағынасыз мешіт» «Досыма хат»
«Түсімде» «Жазғы қайғы»
«Кешегі түс пен бүгінгі іс» «Алтыаяқ»
«Ләпет бұлты шатырлап» «Тұрмысқа»
«Ендігі беталыс» «Сымбатты сұлуға»
«Бір адамға» «Туған еліме»
«Қыз сүю» «Гүләйім»
«Өмірімнің уәдесі» «Жан қалқам»
«Гүл», т.б.


«Шәкірт ойы» өлеңі
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?!
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып, көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр – бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас,
Қаһарман Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлкісі,
Алдандырмас бір ісі...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет