Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет176/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

САТТАР АСҚАРҰЛЫ ЕРУБАЕВ

(1914–1937)



Туған жері: қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы.

Қызметі: Жазушы, публицист.

Түркістандағы бастауыш мектепте білім алады. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.




1930

Саттардың зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі.

1930-1933

Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі. Институтты үздік бағамен бітіріп шықты, дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады.

1933-1934

Алматыда «Ленинская смена» газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы;

1934

Бірер ай музыка театрының директоры;

1933-1934

Алматы жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы;




Қазақстан өлкелік партия комитетінің «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты редакторының орынбасары болып істейді.

1935

Осы жылдың жазында Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады.

1936-1937

Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар оқиды.

2.06.

1937


Бар болғаны 24 ғана жаста бойын әбден меңдеп алған ауыр дерттен көз жұмды.

1966

Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді.


Шығармашылығы

1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде: «Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп шығаратын болды!» – депті. Әдебиет сүйер қауымға мәлім «Менің құрдастарым» романын дәл осы кезде жаза бастаған еді, бірақ аяқталмаған. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдардағы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды.

Қарағандыда жазылған шығармалары:

«Бақыт», «Мәңгілік өмір», «Өмір көркемдігі», «Келесі соғыс туралы» новеллалары;

«Өмір туралы рапорт», «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» тәрізді балладалары;

алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары.


М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды.
К.Чуковский, Ю.Березин, А.Суриков, И.Эренбургтің шығармаларын қазақ тіліне аударған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет