Гипербола – әсірелеу, ұлғайту, кез келген нәрсені асыра айту. Мысалы,
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп.
Кейіптеу – әр түрлі жан-жануар немесе табиғат құбылыстарын жансыз нәрселерді жандының іс-әрекетіне, қимылына суреттейтін көркемдік тәсіл. Мысалы,
Ауырып домбыра да ыңыранды,
Санасыз саусақ қағып, қыдырады
Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,
Жүректе сандыраған күй жынданды.
(І.Жансүгіров)
Абайдың «Қыс» мағыналы «Жел» т.б. өлеңдері жатады.
Литота (грек. қарапайым, қораш) – затты не құбылысты кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Мысалы,
От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты. (Ер Тарғын)
Достарыңызбен бөлісу: |