Әдебиетке шолу 1 Йогурттың шығу тарихы мен дамуы 5


Ешкі сүтінің сапасын сезім ағзаларымен анықтау



бет6/26
Дата30.03.2022
өлшемі157,73 Kb.
#29265
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Ешкі сүтінен йогурт дайындау технологиясы

2.1.2. Ешкі сүтінің сапасын сезім ағзаларымен анықтау

Сүттің сезім ағзаларымен көрсеткіштеріне: иісі, түсі, дәмі, қоюлығы жатады. Бағалауды жарық, температурасы бір қалыпты, жағымсыз иісі, қатты дыбысы жоқ бөлмеде өткізеді.



Ешкі сүттің иісін бөлменің бірқалыпты температурасында анықтайды. Жаңа сауылған сүттің иісінің жағымдылығы, әрбір малдың түріне тән болады. Иісінің өзгеруі көбінесе жеген азыққа, егілген дәріге немесе сауылған жердің тазалығына байланысты.

Ешкі сүттің түсін таза шыны цилиндр, колбада анықтайды. Сүт құйылған колбаны жарыққа қаратын жеңіл ғана шайқап қарауға болады. Жаңа сауылған сүттің түсі аппақ қардай болады. Сүтті екінші ыдысқа сапырып құйғанда көпіреді.

Ешкі сүттің дәмін ауызға азғантай ұрттап, тілдің түбіне дейін шайқап байқайды. Таза сүттің дәмі тәтті-тұздылау келеді. Егер Ешкі сүтінің дәмі өзгешелеу болса, онда жеген қорегіне байланысты болады.

Ешкі сүттің қоюлығы таза цилиндр немесе колбада шайқап немесе бір-біріне құйып анықтайды. Таза Ешкі сүттің қоюлығы қоюлау, колбаның ішкі қабырғасынан аққанда қалдық із қалдырады. Ешкі сүтін сезім ағзаларымен анықтау зерттеулерінің қорытындысы 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1


Ешкі сүтін сезім ағзаларымен анықтау зерттеулерінің

қорытындысы



Көрсеткіштер атауы

Сипаттама

Иісі

Бөгде қоспасы жоқ, жеңіл жағымды

Түсі

Таза ақ

Дәмі

Тәтті-тұздылау

Қоюлығы

Қоюлау, біртекті, көбіктенеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет