Әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша 6В02305- «Филология»



бет10/29
Дата27.09.2023
өлшемі103,94 Kb.
#110547
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Әдебиеттер: 2,3,4,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25

9 лекция тақырыбы: Сюжет пен композиция. Лекция тезисі: Көркем шығарманың сюжеті мен компазициясы күрделі мәселенің бірі. Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді.Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстаржеп, тартып жату себебі де соған байланысты. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, шешілуі арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді. Осыған орай, шығармадағы сюжеттің алуан сипатты ролін дұрыс түсінуге қажетті кейбір негізгі сәттерді атап өткен жөн. Қаламгер тартыс мәніне тереңдей бойлауы арқылы сол конфликтіге қатысушы адамдардың жан-дүниесіне үңіледі. Сюжет желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт. Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуатция), шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі. Алайда бұлардың бәрі бірдей барлық шығармада болуы шарт емес. Бірі болған жағдайда бірінің болмауы әбден мүмкін.


Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
Бүларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным негізінде шешуге тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды «архитектаника» деп атайды. Бұл сөз гректің «архитектура – сәулет өнері» беген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде жазушылар да сәулетшілер сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын – ала белгілейді. Архитектаника алдын –ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қиспақа» көне берместен, шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады. Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургия да басты роль диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі, өзіндік стилі.
Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт. Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет