Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


 Лирикалық жанрлар ерекшелігі. Сонет



бет15/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
жауап теория

30. Лирикалық жанрлар ерекшелігі. Сонет
Лирика (гр. λυρικός - «лираның үнімен орындалады, сезімтал, лирикалық») — лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.
Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады.
Әлем әдебиетіндегі лириканың жанрлық түрлері төмендегідей:
Эпиграмма-Антикалық поэзияда тек еркін үлгіде жазылған лирикалық шығармалардың қысқа, шағын түрі; адамды немесе әлеуметтік құбылысты келемеждейтін шағын сатиралық өлең.
Темірхан Медетбек:Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биікке көтерген ақын. Жарасқанның қаламынан туған ол ұтқыр да, өткір шумақтардың дені бүкіл республика көлемінде ауыздан-ауызға тарап, фольклорға айналып кеткені қашан! - деп, өз пікірін білдіреді. «Құлпытас» кітабы 4 бөлімнен тұрады. «Әзілің жарасса...» деп аталатын үшінші бөлім эпиграмма үлгісінде жазылған.
Элегия-Өмірдің күрделі мәселелерінефилософиялық ой толғаудың эмоционалды нәтижесін поэтикалық формада қамтитын лирикалық жанр; адамның жеке басынан өткен оқиғаларды жеткізетін мұңды өлең. Көбінесе элегиялар бірінші жақта жазылады. Элегия туралы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Қажым Жұмалиев төмендегідей қорытынды жасайды: элегиялық өлеңдердің негізі өз кезіндегі әлеуметтік өмірге ақынның риза болмауынан, оның көп жақтары ақынды қанағаттандырмай, қарсы күресуге әлсіздіктен, жалғыздықтан келіп туады. Сол себептен онда қайғыру, мұңаюшылық сарыны басым келеді.
Эпитафия- құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау. Ол көбіне көлемі шағын өлең түрінде жазылады. Әдебиетке ежелгі заманда эпиграмманың бір түрі ретінде енген. Орта ғасыр, өркендеу, классицизм дәуірлерінде өлген адамның атақ-даңқын білдіру үшін қолданылып, кейін ескерткіштік мәнге ие болған. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жазулар Э-лық мәнге де ие. Қазақ әдебиетінде АбайЖамбылЖұбан Молдағалиев, т.б. Эпитафия үлгілерін жасаған.Мысалы, 
Төлеген Жанғалиев
(Қазақстанның екі дүркін түйе палуаны Мағау Тайтөлеуұлы Оразбектегінің
рухына бағыштадым)
Ода-Елге еңбегі сіңген, жұртқа танымал, аты әйгілі адамдарды, жеке тұлғаларды ұлықтаған, дәріптеген ерекше құбылысты мақтап-мадақтаған мазмұны көңілді жырлар. Оданың әдеби жанр ретінде қалыптасуы б.д.д. 1 ғасырда өмір сүрген ақын Горацийдің шығармашылығында орын алды. Ода күші бар, маңызды адамдарға жүгіне бастады.
Қазтуғанның «Мадақ жыры»: 
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Сонет

Сонет қазіргі қазақ лирикасында да бар. Қ.Аманжоловтың «Құрдас туралы» деген сонеті:
Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,
Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт,
Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып,
Қақпа алдында қалшиып жалғыз жігіт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет