Әдеби жанрлар теориясы. Тек пен түр терминдерінің мәні
Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, неі мағынада қолданылады : 1) әдебиеттің тектері-эпос, лирика, драмма ; 2) әдеби шығарманың түрлері — әңгіме, роман, баллада, поэма, коммедия, трагедия т. б.
Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі-жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге –очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге –повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге –роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай –ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лиркасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әр қайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Әдебиеттану ғылымының жанама тараулары
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиет табиғатына тән ең қарапайым қағидалар, ілкі түсініктер «Әдебиеттануға кіріспе» деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі.
Әдебиеттану туралы ғылым, негізінен, үш ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін зерттейді.
Зейнолла Қабдоловтың айтуынша, кез-келген көркем шығарманың байыбына бару үшін бес түрлі нақты сұраққа жауап іздеп табу керек:
Қандай оқиға болды?
Қалайша болды?
Кімдердің басында болды?
Болған оқиға қалай баяндалған?
Ол оқиғаға автордың көзқарасы қандай?
Бұл сұрақтарға жауап беру, бір жағынан, оқыған романның байыбына барғысы келген кісінің эстетикалық талғамының дәрежесіне байланысты болса, екінші жағынан, оның теориялық толғамының мөлшеріне байланысты. Себебі, бұл сұрақтарға жауап берген адам өз мүмкіндігінше әдебиеттің нақты теориялық мәселелерін қозғайды:
бірінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын сөз етеді;
екінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың сюжеті мен композициясын сөз етеді;
үшінші сұраққа жауап беру арқылы шығармадағы тип пен характер жайын сөз етеді;
төртінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың тілі мен суреткердің стилін сөз етеді;
бесінші сұраққа жауап беру арқылы суреткердің дүниетанымы мен көркемдік әдіс мәселесін сөз етеді.
Ал осылардың бәрін тек әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз заманының талабы дәрежесінде өзінің эстетикалық талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады.
Әдебиет теориясының ережеге айналған эстетикалық қағидалары мен қисындары әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-
теңіз әдеби деректерді терең талдау, пайымдау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.
5. Классицизм эстетикасы
Классицизм (латын тілінен classicus - үлгілі; бұл терминді романтиктер 19 ғасырда классиктермен күресу барысында енгізген) - 17 - 19 ғасырдың басындағы еуропалық өнердегі көркем стиль, оның маңызды белгілерінің бірі идеалды эстетикалық стандарт ретінде ежелгі өнер түрлеріне жүгіну. Ренессанс дәстүрлерін жалғастыра отырып (ежелгі үйлесімділік пен өлшем идеалдарына сүйсіну, адам ақыл-ойының күшіне сену), классицизм де оның антитезасы болды, өйткені Ренессанс үйлесімділігінен, сезім мен парасат бірлігінен, үйлесімді тұтастық ретінде әлемнің эстетикалық тәжірибесіне деген ұмтылыс жоғалды. Қоғам мен тұлға, адам мен табиғат, элемент пен сана сияқты ұғымдар классицизмде поляризацияланады, бір-бірін жоққа шығарады, бұл оны барокомен жақындастырады (барлық жалпы дүниетаным мен стилистикалық айырмашылықтарды сақтай отырып), сонымен бірге Ренессанс мұраттарының дағдарысынан туындаған жалпы келіспеушілік.
Классицизм әлемінің көркемдік тұжырымдамасы рационалистік, тарихнамалық болып табылады және мемлекеттілік пен тұрақтылық (тұрақтылық) идеяларын қамтиды.
Классицизм Ренессанстың соңында пайда болды, онымен байланысты бірқатар ерекшеліктер бар:
1) көне заманға еліктеу;
2) орта ғасырларда ұмытылған классикалық өнер нормаларына қайта оралу (демек, оның атауы).
Әдетте 17 ғасырдың классицизмі ерекшеленеді. және 18 - 19 ғасырдың басындағы классицизм. (соңғысы көбінесе шетелдік өнер тарихында неоклассицизм деп аталады), бірақ пластикалық өнерде классицизм тенденциялары XVI ғасырдың екінші жартысында баяндалған болатын.
6 Романтизм
Достарыңызбен бөлісу: |