33. Сюжеттің даму кезеңдері. Сюжет түрлері. Сюжеттік желілер
Сюжет - кез-келген әдеби шығарманың негізгі бөлігі. Сюжетте оқырман назарын аудару үшін оқиғалар белгілі бір ретпен тізіледі.
Кезеңдері:
Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.
Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.
Кейбір шығармалардағы сюжетте экспозиция, пролог және эпилог болуы мүмкін. Экспозиция - бұл жанжалдың басталуына дейін болатын нәрсе. Пролог шығарманың басында қолданылады, бұл - сюжеттің өзіне кішігірім кіріспе. Эпилог шығарма соңында пайдаланылады және негізгі бөлімде болған оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
34. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт-ағымдар
Көркемдік әдіс. Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм.
Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жайттардың шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі
.
35. Композициялық тұтастық мәселесі. Ішкі композиция
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Композиция элементтері мен деңгейлері:
* сюжет (формалистер түсінігінде - көркем өңделген оқиғалар);
* кейіпкерлер жүйесі (олардың бір-біріне қатынасы);
* баяндау композициясы (баяндаушылар мен көзқарастың өзгеруі);
* бөлшектердің құрамы (бөлшектердің корреляциясы);
* баяндау мен сипаттау элементтерінің арақатынасы (портреттер, пейзаждар, интерьер және т.б.)
Композицияның сипаттамалық элементтерін пейзаж, интерьер, портрет, сондай-ақ кейіпкерлердің сипаттамалары, олардың қайталанатын, үнемі қайталанатын әрекеттері, әдеттері туралы әңгіме (мысалы, әдеттегі күнделікті сипаттама) деп атаған жөн.
Композиция сыртқы және ішкі болып табылады.
Ішкі құрамы : бұл образдардың композициясы (құрылысы, орналасуы) - кейіпкерлер, оқиғалар, іс-әрекет, пейзаждар, интерьер және т.б.
Ішкі (Мағыналы) композиция кейіпкерлер образдарының жүйесімен, шиеленістің ерекшеліктерімен және сюжеттің өзіндік ерекшелігімен анықталады.
Шатастыруға болмайды: сюжет бар элементтері сюжеті, композициясы бар қулықтар(ішкі құрам) және бөлшектер (сыртқы композиция) композиция.
Композиция құрамына сюжеттің барлық элементтерін - сюжеттік элементтерді де, сюжеттік емес элементтерді де қосады.
Ішкі композиция техникасы:
Пролог (көбінесе сюжет деп аталады)
Эпилог (көбінесе сюжет деп аталады)
Монолог
Кейіпкерлердің портреттері
Интерьер
Пейзаждар
Композициядағы сюжеттен тыс элементтер
36. Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді. Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Эпос-әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар — біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік — адамның өзегі, алтын арқауы.
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман жанры психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры бірден бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ.
37 Типтендірудің жасалу жолдары. Типтік бейне
Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип — әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзі-нен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының” бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында деп білу керек.
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі — тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып байқайық, бұл кім? Аса күрделі бейне: әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқ-самайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл репе Құнанбай — жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен күллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім, әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай — жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы. С. Мұқановтың “Бо-такөзіндегі” Амантай мен Асқар, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” Игілік пен Жұман, Ғ. Мұстафиннің “Қарағандысындағы” Мейрам мен Әлібек, X. Ес-енжановтьщ “Ақ Жайығындағы” Хакім мен Құныскерей… Тағы кім керек?.. Осылардың әрқайсысы, әлгі айтқанымыздай, әрі бір адам, әрі бірнеше адамның жиынтығы.