Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Орыс ғалымдары әдебиет теориясы туралы



бет13/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
жауап теория

25. Орыс ғалымдары әдебиет теориясы туралы
Әдебиет теориясы - әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы.
 Орыс әдебиеттану ғылымында әдебиет теориясыбойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында әдебиет теориясын поэтикадан бөліп қарастыру тенденциясы бел алды. Алайда бірқатар Әдебиеттану мәселелерін байыпты талдаған іргелі еңбектің бірі – американдық авторлар Р.Уэллек пен О.Уорреннің «Әдебиет теориясы» болды. Олар әдебиет теориясы мен поэтиканы ұқсас ұғым ретінде қарастырады. Ал В.Томашевский өзінің «Әдебиет теориясы. Поэтика» кітабында бұл түсініктердің бір мағынада ғана қолданылатындығын ескертеді. 
Фабула мен сюжеттің арасын ажыратпай, екеуін бір ұғым деп қарастыратын зерттеушілер де бар. Л.И.Тимофеев те сюжет пен фабула ұғымдарының арасын бөлу шығарманы талдауды күрделендіретінін атап өтеді. Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер Г.Н.Поспелов сюжетті – оқиғалық желі, ал фабуланы – баяндауды ұйымдастыру деп түсінеді. Зерттеуші В.Е.Хализев те сюжетке осыған ұқсас анықтама береді: «Сюжет... дегеніміз – көркем шығармада бейнеленген оқиғалар тізбегі, яғни бірін-біоі ауыстырып отыратын жағдайлардағы, кеңістік-мезгілдік өлшемдердегі кейіпкерлер өмірі». В.Кожинов фабуланы мазмұндаумен, ауызекі әңгімелеумен байланыстырады. 
26. З.Ахметовтің өлең теориясы туралы еңбектері

27. Қазақ әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
Қазақ әдебиеттану ғылымының мақтаныштары: әдебиет теориясы бойынша 1926 жазылған Ахмет Байтұрсынұлының ««Әдебиет танытқыш» кітабын, әдебиет тарихы бойынша 1927 жазылған Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабын, әдебиет сыны бойынша 1971 жазылған Тұрсынбек Кәкішевтің «Сын сапары» еңбектерін әрбір әдебиетші, студент біліп қана қоймай, зерделеп көңілдеріне тоқу керек деп ойлаймын. З.Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» атты зерттеу еңбегінің оқырман қауымның эстетикалық талғамын өрістетуде орны зор. Кітап жарыққа шыққаннан бастап студенттердің әдебиет теориясын меңгерудегі сүйеніші, білім бастауы болды. Еңбекте шығармашылық өнердің қыр-сыры, жазылу машақаты, жазушы толғанысының психологиялық иірімдерін мысалдармен әдемі түсіндірілген. З.Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» зерттеуінің «Бастау» атты алғысөзінде: «Қазақтың әдебиет тану ғылымы туу, қалыптасу дәуірінен өткелі қашан! Бұл ғылымды бүгін де жас деуге де болмайды, бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу, өркендеу кездерін бастан кешіріп отыр. Әлгі күнге кенжелеп келе жатқан сала – әдебиет теориясы»,- деген екен. Зерттеуші әдебиет теориясына қатысты еңбектер жазып жүрген қазақ ғалымдары Қ.Жұмалиевтің, М.Қаратаевтың, З.Ахметовтің зерттеулерін де атап өтеді. Әсіресе, әдебиет теориясынан Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» мен Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» зерттеулерінің оқырманға берері мол екені айтылады. Әрине, Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабы туралы кеңестік тұста З.Қабдолов ашық айта алмады. Ондай еңбектің болғанын біле тұрса да, кеңестік саясат ауыз аштырмады. Ұлт зиялылары туралы еркін ой толғауға болған тұста З.Қабдолов: «Демек, күні кешеге дейін кешең қалып келген әдебиет теориясы да бізде, туған әдебиетіміздің тарихы мен сыны секілді бүтінделеді. Әлгі бір Аристотель қалыптастырған ұғыммен тұжырар болсақ, бұл ғылым да бүтін: мұның да «басы, ортасы, аяғы» бар. Басы – жиырмасыншы жылдарда туған Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы»; ортасы – қырқыншы жылдарға таяу басылып шыққан Қажым Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» мен Есмағамбет Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері»; аяғы – алпысыншы жылдардың ақырына таман жазылып бітіп, жарық көрген Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері», - дейді. Зейнолла Қабдолов 1990 жылы жазған «Ахаңның әдеби қисындары» деген еңбегінде А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабына нағыз әдебиет теоретигінің көзімен қарап, санадан өткізіп, қазақ әдебиеттануының теориясы осы бағытта жазылған әлемдік талдаулардан еш қалыспайтынын дәлелдеп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет