Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет21/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
жауап теория

Классицизм (латынша – cklassicus – ең үлгілі). XVII-XVIII ғасырларда Европа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм деп аталатын себебі, Европа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің классик әдебиеттерін өздеріне үлгі етіп ұстады.
Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларыніріктеу мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте суреттелетін адамдар үстем таптан алынды. Төменгі таптардан шығармаға адам кіргізуге тек комедияларда ғана рұқсат етілді. Тақырыпты жәнешығармаға қатынасушы геройларды осылай таңдап алудыңсалдарынан ол кездегі әдебиеттің үстем түрлері: трагедия, комедия, батырлықты суреттеген поэмалар. Поэзияныңлирикалық түрлерінен ода ғана (бұлар туралы кейінірекайтамыз) болды. Көркемдігі жағынан құнды трагедия жазушы Францияда Корнель, Расин, Англияда Шекспир, ал комедияның үздік авторы Мольер болды.
Классицизм бағытындағы шығармалардың өзіншеөзгешеліктері тек тақырып пен қатысушыларды таңдапалуда ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдысуреттеуінде де өзгешеліктер болды. Қатысушылардыңмінезі бір жақты суреттелді. Қатысушылардың қайсысыболсын, оларда психологиялық қасиет (батылдық, қайырымдылық, серттен таймаушылық, т.б.) үстем болыпалыңды. Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әртүрлікиім кигізіп, қиялдан жасап шығарған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлығы өмір шындығынан алшақжатты. Өз бастарындағы күйініш-сүйініштер жөнінде көпойланып, ұзын-ұзын монологтар сөйлейтін болды.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманыңқұрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалықшығармаларды «үш бірлікті» сақтай отырып жазу керек. Бұл «үш бірлікті» caқтамаса, жоғарғы ережеден шеткешыққан болып саналады. «Үш бірлік» дегешміз: уақытбірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана болуыкерек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана болуыкерек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға бірінен-бірі туып, бұтақсыз, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттікшиеленіс.
Трагедияға қатысушы патша және басқа геройлардыңсөздері өктем менмендікті көрсететін ірі сөздер болыпкеледі. Ода мен эпостық поэмалар да өте көтеріңкі, әсірелеген тілмен жа зылды. Езілуші таптың күнделіктісөйлеп жүрген тілдері тек комедияларда қолданылуға ғанаболды. Әдеби шығарма, тіпті драмалық шығармалар да, дағдылы түрде өлеңмен жазылды.
Жалпы алғанда, классицизмнің өмір шындығынан алшақжатқан жақтары көп, әрине, классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін өмір шындығынан алғаны сөзсіз. Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз електерінен өткізіпжәне өз табының көзқарасынан көрсетті.
46.Қазақ драматургиясы. 

47.Образдың жасалу түрі тұрғысынан жіктелуі. 
Образдың жасалу тәсіліне лайық оның түрлерітуады. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше(әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екітүрлі романтикалық образ, реалистік образ. Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесініңбайырғы түрлерінің бірі. Ал романтикалықобраздың негізінде қиял жатады. Романтикалықобраз өмірдегі болған немесе бар деректен гөріөмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дереккенегізделеді.
Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің еңсымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл-кәдімгіөмірде болған, бар және бола беретін, біраққайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісізтың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.
Әдеби тек (эпос, лирика, драма) тұрғысынананықтағанда образ үш түрге бөлінеді:
Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен әрекеттерді суреттеу секілді Лирикалық образ – сыншыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалғанөзгеше кейіпкер. Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. 
Образдың жасалу тәсіліне байланысты геройлық, трагедиялық, фантастикалық, юморлық жәнесатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор — өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегісәулесі. 
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатираменсуреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, керікеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылментүйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. 
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленгенбейне; әдебиеттегі адам образының бағзызамандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көнетүрлерінің бірі. 
Образдың жасалу жолдары. Образдың жасалужолдары сан алуан, ең негізгілері: портрет, мінездеу, психологиялық параллелизм, кейіпкерлердің сөздері және жанама мінездеу.
Портрет – кейіпкерлердің кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын, түсін, жүріс-тұрысын суреттеу.
Мінездеу – жазушының кейіпкерлердің сыртқыпортретімен қатар, ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасынсуреттеуі. Адам образын жасауда мінездеуайрықша орын алады. Өйткені әдеби образдыңерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адаммінездерінің шебер жасалуымен байланысты.
Жанама мінездеу – қатысушының өзін емес, оныңайналасын суреттейді. Жазушы өз кейіпкері қандайнәрсені жақсы көреді, қалай киінеді, оның үйіндегізаттарды т.б. суреттейді. 
Психологиялық параллелизм. Адам баласы өмірдеәр алуан жағдайға кездеседі. Оның қуанып, шаттанатын да, ренжитін, қайғыратын да кездеріболады. 
Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орыналады. Кейіпкерлердің сөздері монолог, диалог түрінде кездеседі.
Монолог – бір адамның сөзі, кейіпкердің біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлеуі.
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіпсөйлесулері.Диалог – драмалық шығармалардыңнегізгі құралы.
48.Поэма. Өзіндік ерекшелігі мен жанрлық түрлері.
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі біроқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалықне лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемдіпоэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжеткеқұрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерінсуреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетіндекездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалықпоэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтықдастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” аттышығармалары поэма жанрының классикалық үлгісісаналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің“Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқанөмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегіпоэманың үздік туындылары. Поэма кеңестікдәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің“Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақынөлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларынажатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетіндепоэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің“Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің“Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялықмазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмаларқазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті. Қазақ әдебиетіндегі жанрдың бір түрі болып саналатын поэма табиғатын, оның туған әдебиетіміздегі қалыптасу, даму ерекшеліктерін, мазмұндық жағынан жіктелу сипатына назар аударсақ, көптеген жайттарды аңғарамыз. Ішкі мазмұндық сипаты мен композициялық құрылымына байланысты біз поэманы екі түрлі салаға бөліп қараймыз. Олар сюжетсіз лирикалық, публицистикалық поэмалар және сюжетті поэмалар.
Поэманың басқа әдебиеттік жанрлардан ерекшелігі – оның оқушы эмоциясын біртіндеп емес, бірден баурап алуында. Поэма өзінің ырғақ, ұйқасымен, мазмұны, түрімен, сырлы да терең идеясымен, өзіне тән сазды әуезімен, шабытты динамикасымен ерекш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет