Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет20/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
жауап теория

43. Портрет. Оның түрлері
Портрет – (француз тілінен portraire – бейнелеу) кез келген адамның немесе адамдар тобының бейнесі.Толығырақ айтқанда адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиетітүрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.
Портреттің бірнеше түрлері бар. Олар:
Парадтық – қоғамдық жерлерде салынатын суреттер. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді.
Әлеуметтік - әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.
Психологиялық – ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі.
Автопортрет – суретшінің өзін өзі салуы.
Портрет кескіндемесінің ең маңызды критерийлерінң бірі бейненің шын сұлбамен ұқсас болуы. Портрет жанрының ең басты сапасы – сыртқы келбеттің дәл ұқсастығында ғана емес, снымен қоса бейнеленіп отырған адам келбетінің ішкі ойы, оның мамандығы, әлеуметтік жағдайы қоса бейнеленіп көрінуінде.
44. Трагедия жанры
Трагедия – (грекше tragodia – текенің әні)драмалық жанрдың бір түрі. Трагедия алғаш ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып, сахна өнерімен қатар дамыған Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты, бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін, қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді. Өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады. Әдетте кертартпа топтар әшкереленіп, шығарма оқырманды алға ұмтылуға, ізгі арман-тілек, мақсат үшін күресуге жігерлендіреді. Мысалы, “Абай” трагедиясындағы жауыздыққа батыл қарсы тұратын, жазықсыздың жақтасы Абай бейнесі, “Ақан сері – Ақтоқтыдағы” өмір қыспағына түсіп, қиянат-зорлықты көп көрген Ақан бейнесі. Трагедиялық кейіпкердің бойына үнемі жақсы қасиеттерді үйіп қою шарт емес. Мысалы, ақын С. Пушкиннің “Борис Годунов” трагедиясындағы Годунов бейнесі – қатпары көп, қайшылығы мол тұлға. Оның трагедиясы мансапты, тәж бен тақты халық мүддесінен жоғары қоюынан туындаған, сондықтан халық оны қолдамады.
Шекспирдің “Отелло”, “Гамлет”, Мұхтар Әуезовтің “Қарагөз”, Ғабит Мүсіреповтың халық эпосының сюжетіне құрылған “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиялары дүние жүзі мәдениетіне қосылған зор үлес саналады. Ахмет Байтұрсынұлы “Әдебиет танытқышта” тартыс басты-басты үш тарауға бөлінеді: 
1. мерт, яки әлектекті тартыс (трагедия); 
2. сергелдең, яки азапты тартыс (драма); 
3. арамтер, яки әурешілік (комедия). 

45.Классицизм




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет