Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


 Әдебиет теориясының зерттеу объектісі. Эстетикамен байланысы



бет16/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
31. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі. Эстетикамен байланысы
Әдебиет теориясы - әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. 
Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттануғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнермәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиеттарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады.
Көркем әдебиетті тану үшін, жазушылардың шығармашылығы мен дүниетану ерекшелігін зерттеу үшін эстетиканың маңызы зор. Эстетика – қоғамдағы көркемдік даму тәжірибесінің теориялық жинақталуы десе болады. «Маркстік-лениндік эстетиканың негіздерінде» осындай анықтама бар: «Эстетика дегеніміз – адамның шындыққа эстетикалық қарым-қатынасының жалпы даму заңдылығын , қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылыми пән». Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысын мына бір мысалдан аңғара аламыз: Глеб Успенскийдің «Тез» деген әңгімесінде өнер туындысының адамға әсері, адамның көкірегіне күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу мен майысу атаулыны тезге салғандай түзеп, тіктеп жіберер «магиялық» қасиеті соншалық нәзік, терең және сұлу суреттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет