Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


 Жанр - тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері



бет19/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
41. Жанр - тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. 
Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді.
Әдеби жанр термин ретінде шартты, 2 мағынада қолданылады:
1. Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма.
2. Әдеби шығарма түрлері: әңгіме, роман, комедия, баллада және т.б.
Эпос (грекше–баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту)- көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігенше терең ашып, жан-жақты танытатын, іргелі, күрделі жанр. Эпос – жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан, айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын көлемді эпикалық түр; орта көлемді эпикалық түр; кең көлемді эпикалық түр. 
1. Шағын көлемді эпикалық түр: миф, аңыз, ертегі, мысал, новелла, очерк, фельетон. 
2. Орта көлемді эпикалық түр: повесть, поэма, дастан. 
3. Кең көлемді эпикалық түр: роман, роман-эпопея.
42. Әдеби процесс. Көркемдік даму заңдылықтары
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс термині XX ғасырдың 20-30 ж.ж. пайда болып, 60 жылдары кеңінен қолданыла бастады.
Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша көркемдік ашылымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестің құрамында кезеңдік, жалғастырушы өзгертуші қызмет атқарады. Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсыбір элементтер келесі дәуір мен кезеңдердегі көркемдік ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады. (Мыс, М.Әуезовтың «Абай жолы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов шығармашылғындағы «мифтік» бастаулар). 
Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттар бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне-типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. 
идея сабақтастығын көзқарастары жағынан біріне-бірі жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты. Себебі – көркемдік құрал-тәсілдер (мысалы, тіл) түрлі идеялық мақсаттарға бірдей қызмет ете береді. 
Идея сабақтастығы әлеуметтік күштердің дамуындағы жалғастық көрінісі болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа дәуірде бұрынғы ой-идеялардың қаз- 
қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа түр иеленіп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет