Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет5/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
жауап теория

9. Драмалық жанрдың түрлері
Драма (грекше drama – қимыл, әрекет) — әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі». Драма өзге жанрлардай емес, онда шарттылық көп. Алдымен, драматургиялық шығармаларға көлемі жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын, бәрібір, жетпіс-секесен беттен аспауы шарт.
Эпос пен лирика сияқты драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Драмалық жанр трагедия, комедия, драма болып үшке бөлінеді. Соның бірі – трагедия (грекше tragodia – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де әр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір, тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан-дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма.
Драматургияның тағы бір түрі – комедия (грекше комадиа – күлкілі қызық ән) — өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса. Жазушы өз ұғымынша керексіз деп тапқан бір өмір құбылысын не мінез, іс-әрекеттерді күлкі ету мақсатымен сахнаға лайықтап жазған драмалық жанр. Комедия трагедияға керісінше, «өмірдің биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын», ұсақ-түйегін, кездейсоқ жәйттерін суреттейді. Комедия мінездігі кемшілікті, істегі қателікті, өмірдегі әр алуан сорақылықтарды сынау, шенеуде ең күшті құралдардың бірі саналады.
Драма – сахнаға қоюға лайықталып жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Драмаларда әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінің кездесуі шартемес болса, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейін туған. Драманың тағы бір ерекшелігі – ондағы адам басына түскен қиыншылық мезгілмен, белгілі жағдаймен байланысты болып келеді. Мысалы, М.Әуезовтің «Түнгі сарынында» байларға қарсы шаруалардың көтерілісі көрсетіледі. Сол көтерілістің негізгі себептері ашық айтылады. Байлардың еңбекшілерді қанаушылығы еңбекші бұқараның революцияшыл қозғалысын туғызды деп дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет