СЕРІК ПЕН МЭЛС
Серік:
түркия, моңғолия өлкесінен,
Киелі, қасиетті жер төсінен.
Келіпті сәлем алып бауырларым,
елінің еркесі мен серкесінен.
наурызым игі істерге бас болғандай,
Шаттықтан жанарыма жас толғандай.
Жиылып қазақ біткен басын қосты,
мысалы, құм жиылып тас болғандай.
той болар талай-талай әлі-дағы,
Қазақтың көтеріліп аруағы.
осылай келе берсе қазақ біткен,
Кеп қалар көп ұзамай бәрі-дағы,
ұршықтай иіріліп жыр қаламы,
інімнің ашылғалы тұр ма бағы?
ауылда тілек тілеп қалған анаң,
Қалай деп сөйледі екен құмалағы?
ал, інім, тежей көрме тасуыңды,
аса бер асқақ жырмен асуыңды.
наурыздың қасиетті тойы мынау,
Шаш кәне, жырдан елге шашуыңды.
Мэлс:
Басталды ұлы дүбір майдан жұртым,
сала бер, енді бүгін сайран жұртым.
Бастарың қосылыпты-ау, бәрекелді,
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.
тағы да тап болды ма, дуға басым,
сезімдер толқын болып тулағасын.
алдыңа айтысам деп тағы келді,
Бурадай буырқанған бұйра басың.
армысың, асыл жанды ақын аға,
Шығасың сағындырып сахнаға.
343
Айтыс 4 ТОМ
өзіңнің әуеніңе мың мәртебе,
Жайраңдап жаман інің жатыр аға.
айтылған сөзімізді сый біліңіз,
Жүректі отты жырмен күйдіріңіз.
екеуіміз егіз қозы сияқтымыз,
Болған соң, аги-га-гай гимніміз.
Халқым да айтылғанды ұғады екен,
демеймін, алдым менің тұман екен.
Әуеніміз жарасады бір-біріне,
айтыстан да оркестр шығады екен!
Жақсы әнді өзіңізден үйренеміз,
Шабытты осындай бір күйге енеміз.
айтыстай ақ отаудың алдында біз,
Кәдімгі жас келіндей именеміз.
алдыңда бұлбұлыңмын сайрап жүрер,
Жанысаң қайрағыңмен қайрап жібер.
айтыста домбыраның қос ішегі,
ал, енді біз едік қой, жалғап жібер.
Серік:
Бұл айтыс өзге жұртқа арман екен,
мұрасын бабалардың жалғап өтем.
Әй-әй-мен әги-га-гөй, хай-ләй-лімді,
айтысқа топтап бүгін салған екен.
талай жан бұл дүниеден өтеді екен,
арманға ізденген жан жетеді екен.
Әттең-ай, домбыраны солақайлап,
тартқанда тіптен қатып кетеді екен.
артыңнан түйдек-түйдек шаң қалдырып,
Көкейден орын алар ән қалдырып.
інішек, әуеніме салдың-дағы,
Жібердің тәмам жұртты таң қалдырып.
Жетелеп биіктерге арман әнің,
дәмін тат, талай-талай сан қаланың.
344
Қазақ өнерінің антологиясы
Жөн болар томағаңды сыпырып бір,
Қияға қанат қағып самғағаның.
исатай, махамбеттей қыраның бар,
Көкейден орын алар жыр-әнің бар.
ал енді өзіңе арнап көп алдында,
Қоятын аздап менің сұрағым бар.
сауалды тыңнан құрап жаратайын,
Қапыда қалма, інім, жазатайым.
Бағасы өсіп, заттардың көшедегі,
«Бес жүз сом» тұрады жалғыз малақайың.
Қуларға алып-сатар не айтар ең,
Халықты алдап жүрген қарапайым.
Мэлс:
Жүректе жалындаған өлеңім ғой,
Бәрін де жазмыштан мен көремін ғой.
алып-сатар дегенің ақын аға,
Кәдімгі кооператив дегенің ғой.
айналдың ақын аға қорғаныма,
Кіремін өлең деген орманыңа.
сол қулар күні ертең пайда тауып,
сатпаса адамдарды болғаны да.
Қайтемін ұсақ мінді бетке басып,
Жүргем жоқ өзіңізден шетке қашып.
Бітірсем педагогтық институтты,
Беремін Керекуден мектеп ашып.
үйренем мен өзіңнен ұсталықты,
Бойыма бір ғаламат күш дарыпты.
уақыт та тар болды ғой айтысуға,
ағасы, штатымыз қысқарыпты.
тұяқты тұлпарларың тайдан шығар,
Басына періштенің айдар шығар.
Қара шал, қара бала дегендерің,
ағасы айтып жібер, қайдан шығар.
345
Айтыс 4 ТОМ
Серік:
ойлаған сұрағыңнан айналайын,
ағалық парызыма сай болайын.
самалы сарыарқаның секілденген,
Жырыммен қоңыр салқын аймалайын.
мақсатқа талпыныспен жетеді әркім,
сәт сайын сағым болып кетеді алдың.
Жас жаның шырылдайды неліктен деп,
елімде есерсоқтық етек алдың.
айырмай ақ пен және қараны да,
тастады жетім қылып баланы да.
иегін кемсеңдетіп қартайғанда,
тастады ата менен ананы да.
сан сұрақ жатса-дағы қойыныңда,
адамның бөлінеді ойы мыңға.
сол жандар ойламай ма, ата-ананың,
Көз жасы кетеді-ау деп мойынымда.
тығатын көрден-көрге табыстарын,
ұмытқан туыс-дос пен таныс барын.
тастайды керексіз ғып арды-дағы,
ұмытқандар кеудеде намыс барын.
сан жұлдыз мезгілден тыс ақпады ма-ай,
сенің де құйындай боп аққаның-ай.
отырған қарға тамыр қазағымды,
надандық-қараңдықтан сақта құдай!
Бұл сөзім дей алмаймын шығар айып,
Жөн дейік, мұны ағайын, құп алайық.
Бөлінбей ұлы жүз деп, Кіші жүз деп,
Жеңнен қол, жағадан бас шығарайық.
Құлақ сап сөзіме де, әніме де,
отырсаң келем інім мәмілеге.
ал, енді тағы да бір сауалым бар,
өмірдің мәні менен сәні неде?
346
Қазақ өнерінің антологиясы
Мэлс:
арманның асқарларын бірге астық па?
ағасы не жетеді қимастыққа.
өмірдің мәні менен сәні деген,
осындай отырған бір сыйластықта.
ініңді қоясың ғой жайлап тұсап,
Білінер аздап қана айбат құшақ.
Финалға шыға алмайтын өмір бойы,
ағасы, біз жүрмейік «Қайрат» құсап.
Байқасаң кейбір бұлбұл торда болар,
олжасы жігіттердің жолда болар.
Бір көрем өзіңменен не көрсем де,
Жолдасын тастағандар жолда қалар.
Қырандай қанатымды қақтым деп бар,
Шабыттың шырағданын жақтым деп бар.
алатау алматының аспанында,
Құйрықты жұлдыз болып ақтым деп бар.
мұнайлы маңғыстаудан және де аға,
арқалы ақын іні таптым деп бар!
ұл туған анамды көр, атамды көр,
Көрінер өзгешелеу жотамды көр.
ал, аға тілегіңмен үн қосып бір,
ініңе ақ тілеулі батаңды бер.
Серік:
Құптады басын иді ел өлеңіңе,
Қанық боп ұзақ шабар көлеміңе.
Қайтесің күдіктеніп асыл інім,
сенгейсің халқың менен өнеріңе.
Әніңмен тербеп менің жүрегімді,
мәз қылдың жалпақ жатқан жыр еліңді.
Бата берер жасқа әлі жетпегесін,
ағалық білдірейін тілегімді.
Құлағың сал бұл сөзге,
осында үлкен ағасы,
347
Айтыс 4 ТОМ
Құлағың сал бұл сөзге,
текті жердің баласы.
Жүйрік шабар қияға,
Бойында болса шамасы.
Қос жүйріктің қызғанда,
алшақтайды арасы.
Бірте-бірте көрінбей,
Кетер бәлкім қарасы.
Бұл сөзіме жоқ шығар,
саналы жанның таласы.
астыңа мінген жыр тұлпар,
Жүйріктің болсын дарасы.
тобынан озып келсін тек,
табанда тозбай тағасы.
Жүрегіңе орнасын,
ағам айтқан тілек деп,
осы бір сөздің сарасы...
Мэлс:
дейсің ғой қыран болып самғап аққыр,
демейсің қасқыр болып қанға батқыр.
ағасы, ақ тілегің қабыл болсын,
айтайын ел алдында, аллаһуакбар.
несіне қуанбай мен түнеремін,
еркіне ерке ұлды жібер елім.
Жеңгеммен екеуіңе мен де аға,
индийский махаббат тілер едім.
1990 жыл.
СЕРІК ПЕН ҚУАНЫШ
Серік:
айтыстың керілген соң керегесі,
Қозбай ма ақындардың делебесі.
Бас қосып, ойдан-қырдан қазақ біткен,
теңелді талай ұлтпен терезесі.
өнердің сен де достым ақтангері,
осы бір өнер жолда тапқан мені.
348
Қазақ өнерінің антологиясы
аман ба, мәди бабам ән салған жер,
Және де Бұхар бабам жатқан жері.
ал, енді сының болса дайындай бер,
сөзіңді терең ойлап, пайымдай бер.
Бойыңда сүрең болсын, түрең болсын,
Болмаса ақын достым, қайымдай бер.
Қуаныш:
сәбиін кім жоғалтар құндақтағы,
Қоймады-ау, қу тағдырдың ырғақтары.
түркиялық қазақтарға сәлем айт деп,
Қарқара қолын ұзақ бұлғап қалды.
демеңіз арзан сөзбен шағып жатты,
Қазақ отын өшірмей жағып жатты.
моңғолдық қазақтарға сәлем айт деп,
нұрамыз тынбай ұзақ ағып жатты.
сүйемін мен де өзіңдей көріп үстем,
Қазақтың жақсы сөзін теліп ішкен.
мен де бір сарыарақаның ұлымын ғой,
суларын қара ертістің бөліп ішкен.
сұрасаң талай сөзге татырмыз ғой,
тігілген ортақ үлкен шатырмыз ғой.
Бұхардай бабамызға ел боп, жұрт боп,
мовзолей салып біздер жатырмыз ғой.
сөз болса ұрандатып күрей берші,
Көңілге көтерер жыр сілтей берші.
екі-үш жыл өткеннен соң аралауға,
Құдайдан үлкен рақым тілей берші.
сен болсаң мен де артыңнан айтар едім,
Байқасам көңіліммен жайқар едім.
Бос жатқан сөрелерді көре тұрып,
Құрбылас, өзің нені айтар едің?
349
Айтыс 4 ТОМ
Серік:
ақынсың таусылмайтын байтақ әнің,
Жырыңа жауқазындай жайқаламын.
сауалың маған қойған терең екен,
сондықтан сай жауабын қайтарамын.
Жатсақ та тойлап бүгін тойымызды,
өзендей құйдық көлге ойымызды.
дүкенде ет те жоқ қой бұл күндері,
Қазағым бақсадағы қойыңызды.
осындай шалқар тойда тасқын алам,
дей көрме жауап таппай састы балаң.
семейден составтарға артылған ет,
Шығады бір-ақ түнде москвадан.
сондықтан кірбің тартып қабағымыз,
Кей-кейде соғым болды жабағымыз.
дербестік алмайынша қалың елім,
ешқашан етке толмас табағымыз.
Қуаныш:
сөзіміз қатар артқан теңдей болсын,
Жиылған ой мен қырдан кендей болсын.
уа, серік, аруағыңа ризамын,
Қазақта ақын туса сендей болсын.
ол рас бар тамақты тасып жатыр,
Көңілім бірте-бірте жасып жатыр.
Барлық жердің тамағы біткен кезде,
Келгендер ауылына қашып жатыр.
Қазақтың орындалсын көп талабы,
Болады сондай кезде көп тамағы.
айтпай жүрген ойым бар, уа, қазағым,
миграция осы неге тоқтамады?
Бәрін жұрт талонменен алып жатыр,
Қалғаны төменгіде қалып жатыр.
ағайындар барлығын посылкамен,
Кәмпит пен қантты қоймай салып жатыр.
350
Қазақ өнерінің антологиясы
түк қалмай гостиница буфетінде,
өзегі де серіктің талып жатыр.
осымен ауылға да қайтар едім,
серікжан, көтерілген байтақ едің.
Қазақ тілін дамыту қиын боп тұр,
осы жайында тағы не айтар едің?
Серік:
Құлақ сал бұл сөзге де ағаларым,
Кем емес ешкімнен де саналарың.
мен енді тілдің жайын сөз етейін,
тапсырған аманат қып бабаларым.
асау сөз тізгін бермес аспандаған,
тіліңді құрметтесең асқан бағаң.
махамбет Жәңгір ханға осы тілде,
«Қасқырсың», - деп айтуға жасқанбаған.
елімнің ерлері де тек жүрген бе,
айтар сөз құнды болса сендірген де.
айырыла жаздаппыз ғой осы тілден,
орысқа еліктейміз деп жүргенде.
Жоқ-жетік, аш-жалаңаш күйімізде,
енгіздік сансыз ұлтты үйімізге.
атасын біз қырғандай қарсы болды,
Кейбіреу заң берерде тілімізге.
Бұл сөзге сенбес пе едің, сенер ме едің?
Жайым жоқ мазағына көнер менің.
ұмытып аштық жылын тойынғандар,
Желкеңнен шықсын бізден жегендерің.
асылым, ана тілім, келешегім,
тағдырың мұндай болды неге сенің?
асымды ішіп, аяғымды теппесе егер,
ашынып мен де бұлай демес едім.
ел едік терең ойлап, толғанатын,
Қырандай қияларда қомданатын.
351
Айтыс 4 ТОМ
Кетпейін ақылгөйсіп алдарыңда,
ағайын, кез келді ғой қолға алатын.
Қуаныш:
Бұл серік отты сөзден бұқпай тұр ғой,
Күрескер қасиеті елге жұқпай тұр ғой.
мектепті ашам дейсің, сол нәрседен,
Білесің бе, ештеңе шықпай тұр ғой.
Жайқалып жайың барда жаз боласың,
мамырлап пайда барда қаз боласың.
Бір класты зорға ашып, бір қаладан,
Қазағым, несіне сен мәз боласың?
Қонақжай деп әуенге басар едім,
Қонаққа бәрін салып тасар едім.
Бір ауылда бес-ақ қазақ қалған болса,
мектепті қай бетіңмен ашар едің?
ақындар, бәрін айтқан зерек деймін,
сондықтан достым үшін өрекпимін.
Қазақстан жағдайында біле-білсең,
өзіндік жақсы паспорт керек деймін.
тіл деп сен құрылтайды жинадың ғой,
өзіңше бір-біріңді сыйладың ғой.
сондағы бітіргенің календарьда,
наурызға бір қызыл күн қимадың ғой.
госплан жоспарларын алдырады,
Қазақстанға өнеркәсіп салдырады.
Жинап алып жан-жақтан мамандарды,
Қазағыңды жұмыссыз қалдырады.
алматыңа метро салып жатыр,
Көңілің қуаныштан қалып жатыр.
тағы да қаптап кетіп жұмыскерлер,
Жұмыссыз тағы қазақ қалып жатыр.
демеңіз асық түсіп алшы болды,
Бұл балаң жақсы ойларға жаршы болды.
352
Қазақ өнерінің антологиясы
Қаулыны шығарып ең өндіріске,
алайда, депутатың қарсы болды.
Қаптаған не бір ойлар қау боп шықты,
өзіміз-өзімізге жау боп шықтық.
Қаулыңыз артық товар сатпа деген,
ақырында орталық дау боп шықты.
ал, енді көп айтайын өтеліңдер,
мейілі биіктерге көтеріңдер.
мен саған, қайран елім, не айтайын,
Әйтеуір не көрсең де жеке өліңдер.
өткенің мейлі елім шұжық дейді,
Кейбіреу мына мені бұзық дейді.
Көппен бірге адасып сандалғанша,
Жалғыз жүріп жол тапқан қызық дейді.
тағы да өлеңіңді алмас қылшы,
сөзіңе тыңдаушыңды қанбас қылшы.
серік сендей ақынды жаңа көрдім,
Кәнеки, үлкен ойды жалғастыршы.
Серік:
Жырларың жорғадайын желсін мейлі,
дей көрме мұны досың менсінбейді.
Шығыстан сайланған бір депутатың,
Шығысты россияға берсін дейді.
Жырлайды қазақ елі жыры барда,
тынбайды көкіректе мұңы барда.
Жүргеніне тәубә, - деп жүрсе нетті,
атамның жер-суында құны бар ма?
Болса екен, халқым, әркез оң қадамың,
сол жайды ойлауменен толғанамын.
ол аздай абай бабам аруағының,
Басында күнде жарды бомбаларын.
сөздерін қор қылмайтын надандарға,
еңсем биік елім дер ағам барда.
353
Айтыс 4 ТОМ
Кеше ғана сайланған депутат боп,
Берер ең қандай баға адамдарға.
Қуаныш:
демократияны капиталист «батыс ұқты»,
Біздің шығыс жөні түзу жатып шықты.
Кешегі сайлауыңа білесің бе,
алматы бәрінен аз қатысыпты.
өткенде біраз нәрсе айтқан едім,
соны айтып еліме де қайтқан едім.
сол сөзімнен еш нәтиже болмаған соң,
Қайта айналғым келмейді ол жайтқа менің.
сайланған депутатта қызығым бар,
демеңіз, уа, халайық, бұзығым бар.
Әр депутат өлшемін дәл қоятын,
солардан күтер ертең қызығың бар.
Жақсы сөзге ақындар жаршы болды,
Көп қазақ мамандықсыз малшы болды.
дрожин деген депутат Қарағандыда,
Қаулыңа алдыменен қарсы болды.
демеймін қызықтарға беттей қалдым,
демеймін барар жерге жетпей қалдым.
екеуімен түсіп ем, білесің бе?
депутаттыққа қазақтықтан өтпей қалдым.
Бұл досың талайларға өрледі ғой,
айтыста сендей доспен терледі ғой,
ақын деп құрметтейтін халық барда,
Басқасы маған дауыс бермеді ғой.
Әрине, досыңа бас шайқайсың ғой,
дейсің ғой еліңдегілер қайқайсын ғой.
мына менің тағдырым сол сияқты,
осыдан талай жайды байқайсың ғой.
демеңіз бұл Қуаныш қысылады,
ұшырады қазаққа құсын әлі.
354
Қазақ өнерінің антологиясы
совхоздағы қазақтар жиналып ап,
депутат қып секретарьды ұсынады.
Барында өлең, дастан жиналамыз,
өнерден ой түйіндеп, иланамыз.
ауылда секретарьды өткізсек те,
Қалада жүрген қазақ қиналамыз.
сөйлесем әр сөзімнің сарасы бар,
Көңілдің бітпейтұғын жарасы бар.
ал, серікжан, ойыңды жалғастыршы,
досыңның дәл осындай наласы бар.
Серік:
Келмейді ешкіммен де ерегескім,
ерегесер санасыз мен емеспін.
ондай жара солтүстікте қаптап жатыр,
Қуаныш жалғыз ғана сен емессің.
демеймін көкірекке жыр келмейді,
демеймін сұңқарға қаз ілдірмейді.
ел бар ғой ол жақта да еңіреме,
Бөрілер арықтығын білдірмейді.
Жырың бар мына халық тоймас, білем,
деген бар, ел боп елді ойлас деген.
Келеміз тәй-тәй басып, жаңа ғана,
Бәрі де бір-ақ күнде болмас білем.
арнаймыз аман болсақ жырымызды,
Жетектеп арттан ерген інімізді.
Қайтардық ептеп-ептеп дінімізді,
Қайтарып келеміз ғой тілімізді.
ал, енді ағайындар, халық болып,
Көтерсек жарар еді туымызды.
сонда біз ешкімнен де бұқпантайлап,
Жүрмей-ақ ашар едік сырымызды.
Қазақтың бізге қалған мол мұрасы,
Қатты айтсаң ел көңілін тоңдырасың.
355
Айтыс 4 ТОМ
Бойы бар, күйлері жоқ қазағымның,
мен білсем сізден шығады домбырасы.
ал, ақын айтар сөзді құрап жүр ғой,
Бір тұрып, кезі келсе құлап жүр ғой.
Қазақтың бетке ұстар күйшілері,
домбырамыз «сақау» деп жылап жүр ғой.
Қуаныш:
Әрине, мұны ерте қиялдадық,
Қиялдап армандарға сия алмадық.
дегенмен рас тойда да мыңқылдаған,
домбырамен күй тартуға ұялмадық.
арынын мұндайда ақын баса алмайды,
дей көрме досың бойын тасалайды.
Біле-білсең «осакаров домбырасын»,
Қазақтың шеберлері жасамайды.
сөзіңнің жаны бар ғой жиі ақтарған,
Әлі де туады айың қияқтанған.
Білгенге ол домбыра ата-ана жоқ,
инкубатор балапаны сияқтанған.
ол әлде дүкендерде өтпейді ме?
немесе дифицит боп кетпейді ме?
домбыраның қадірін түсінетін,
азаматтар сол жаққа жетпейді ме?
Бәрі болар деген-ді бұрын маған,
ұйқы көп бұл ауылда пырылдаған.
министрлік қолына алмай оны,
не шығады ақындардан шырылдаған.
ақындар ортаға ойын салып жатыр,
серіктер талай жерге барып жатыр.
айтыста біз айтпаған ой бар ма еді?
айтқаның айтқан жерде қалып жатыр.
356
Қазақ өнерінің антологиясы
Серік:
Желкендеп жүрсің достым, қайығыңды,
Байқағам өткен жолы байыбыңды.
ұстазыңның тілін буып ел алдында,
енді жуып-шаймақсың айыбыңды.
ақынсың бойыңа аруақ шақыратын,
естіліп талай жерге жатыр атың.
айтыс сайын, ей, Қуаныш, не жының бар,
Кимелеп, бет алдына бақыратын?
Жеңем деп сол айғаймен ойлаймысың,
тілді алсаң бұл әдетті қоймаймысың.
атаң Қазыбек салмақты қорғасындай,
аруағына сай соның болмаймысың.
демеймін, жыр тиегі шешілмейді,
Қалайша жыр жүйрігі көсілмейді.
атаңда жоқ мінез ғой жеңілтектік,
мұныңды бабаларым кешірмейді.
деген соң бұл айтысты доғарасың,
ұлдарың айтар ойын жобаласын.
осындай тойың әркез тарқамасын,
Қазақтың тасы өрге домаласын.
Қуаныш:
Жыр болса қазағымда жаттағайсың,
досыңа бар кінәсін тақпағайсың.
Әркімнің бір тасы бар тығып жүрген,
Қайтарда тасты маған атпағайсың.
а-хау, серік, болшы көрік, болшы-ай,
доспын ғой, сеніміме берік болшы-ай.
Серік:
сенімін ел-жұртыңның ақтау керек,
орынсыз шабыт болсын шаппау керек.
Бөрік киіп жүрген соң жігітпісің,
намысын бөріктінің сақтау керек.
1990 жыл.
357
Айтыс 4 ТОМ
ӘБДІКЕРІМ МЕН ӘСЕЛХАН
Әбдікерім:
мерекең құтты болсын арқалы елім,
өзіңе сағынышымды сарқа келдім.
оралып түркістанға тайқазаным,
алдыңа сый табақты тарта келдім.
Қызылқұм қатар қонған қапталдасың,
отырар Шәміл-дүр боп сақталғасың.
Фараби, Қайырхан боп тарихқа еніп,
Шәмшінің әні болып жатталғасың.
армысың, Әселханжан кемел досым,
Бастаған ақтаңкер ең өлең көшін.
айтысқа бірге шыққан әріптесім,
Белгілі қызыл тілге бөгелмесің.
«Халықтың ақыны» деп берді атақ,
еңбегің ел алдында еленгесін.
оңалбектей жиенің еңбек ері,
нағашыдан қалай жиен төмендесін.
ақынсың ұшқыр ойлы мол талабы,
ұлыдан ұлағатты жол қалады.
екеуің де атағың құтты болсын,
осы енді арыстанбаб қолдағаны.
ақындар шабытты жыр, толғасын ән,
табылып осы тойда төр қасынан.
текті елдің тұяғы ем деп келіп тұрмын,
түркістан түмен бабтың ордасынан.
Әселхан:
Әбеке, амандассаң амандастым,
Әріптес сенен артық таба алмаспын.
айтыста бірге шапқан үзеңгелес,
адалы өзің едің замандастың.
от алып отыз баптан шығып едім,
түркістан түмен баптан қадам бастың.
ақыны болғаннан соң Қызылқұмның,
Шетінен ағытайын ұзын сырдың.
358
Қазақ өнерінің антологиясы
нағашылы жиен боп атақ алдық,
рақмет, дәл өзіңдей ұғынсын кім.
оңалбек Бекалиев еңбек ері,
Қорасы қойға толып өрген еді.
Қадады алтын жұлдыз кеудесіне,
Шопанның еңбегіне сенген елі.
Халық ақыны деген үлкен атақ беріп,
Шығарды мынау айтыс төрге мені.
мұхамметқасым Шәкеновтей басшымыз бар,
өнерді сүйіп көңіл бөлген еді.
Қызығын ақынның да, батырдың да,
тілектес осы отырған ел көреді.
Келгені құтты болсын тайқазанның,
Көрмедік бұл тағдырдың қай мазағын.
ағамыз өзбекәлі іздемесе,
Жүр дейсің қазанды ойлап қай қазағың.
Кезінде айтыскерлер жоқтағанбыз,
түбіне Ясауидің тоқтағанбыз.
Киелі тайқазанның оралуын,
үкіметке сауал беріп қостағанбыз.
осылай айтатын бар ретіміз,
Жеңіспен біткен сынды күресіміз.
рухы халқымыздың көтерілсе,
тырнақтай біздің де бар үлесіміз.
исламның нәр алғансыз бұлағынан,
Пендеде аз болмайды сірә күнәң.
Күнәңнан арылатын ойың бар ма?
тәу етіп тайқазанның құлағынан.
Әбдікерім:
Кім таласар ақындар рөліне,
саңлау тапқан сан мыңның жүрегіне.
үкімет те ден қойды ел уәжіне,
Шайырлардың құлақ асып тілегіне.
тайқазанмен ырыс, бақ қоса оралды,
Шырай кіріп ел-жұрттың реңіне.
359
Айтыс 4 ТОМ
ақындар – жаңалықтың құлағдары.
түркістаным – исі алаш,тұран бағы.
тайқазан тұғырына қонды ақыры,
Қайтарылса ғанибет Шырағданы.
Әсеке, қайда бізге оң қабағың,
Қиын болды жоқ күнәні болжағаның.
Басқаның бәрі боп па ашық ауыз,
Қожа ғана біле ме олжа жағын.
арыстанбаб ақшасын бөліске сап,
таласып жатқан жоқ па молдаларың.
Жел құздың мазағы боп отырарың,
Қашан жөнге саласың қолда барын.
осы ма қасиетті мекеніңнің,
мұң-зарын ақыны боп толғағаның.
Әселхан:
Әбекең әңгіме айтты асқаралы,
түзелер бұл айтыстың қас қабағы.
оймақтай бір сынығын отырардың,
Жел құзға отырғам жоқ тастағалы.
Қазады археологтар жалаңаштап,
Жабатын болмаған соң басқа амалы.
сенде тұр бір мекеме қарайласса,
төкеев ұлықбегің басқарады.
Бір мезгіл көмегіңді бермеймісің,
Қолыңды әлде кері сермеймісің.
таласқан арыстанбаб ақшасына,
Болмаса қожа-молда мен деймісің.
мұртыңыз әдемі екен қиған мықты,
өлеңің толық емес, сидаң шықты.
Көз салып әулиенің теңгесіне,
Бұл жоба қандай өзі мидан шықты.
едім деп түбім қожа есің кетіп,
Қолайлап жүрсің бе әлде имамдықты?
Достарыңызбен бөлісу: |