«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Құдайберді:
ауғандық жауынгерге құрметім бар,
сеземін, Әзімбекжан, жырда отың бар.
ол жайлы ескерттің ғой өзің айтып,
Білемін ол жағынан льготың бар.

306
Қазақ өнерінің антологиясы
Қашанда жөн сөйлеуді оң санаймыз,
Қазылар не шешсе де жөн санаймыз.
льготыңның пайдасын сонда көргін,
Біз қазір апарып ап қол санаймыз.
Жаңа да мен айтып ем арал жайын,
аралға тағы, халқым, аялдайын.
Жатқанда ондай көлдер күңіреніп,
Көмекті көрсетуден аянбайын.
Бұл сөзімнің демегін жалғаны бар,
ел ұқты, ұға берер алдағылар.
ниятолла досыммен тілдескенде,
мойныма артып жіберген салмағы бар.
Әзімнің қылпылдайды іші демек,
Көре алмас мұндай сәтте ысып өлет.
аралдың суын қайта көтеруге,
мен емес бірнеше мың кісі керек.
Әнеу күні жақсы сөз теріп едің,
еске алады деп және сеніп едім.
ниятолла сексен көлің бар дегенде,
Жартысын ала қой деп беріп едім.
деп тұрсың мені жеңіп байқалайын,
Белгілі болып қалды шайтан ойың.
Жүлде алу мені жеңіп мақсат болса,
Жүлдеңді беріп қазір қайтарайын.
сен де, досым, жырладың,
мен де, досым, жырладым.
Әлеумет, бәрін тыңдадың.
маған деген пейілін,
мұнда отырған халықтың,  
демеші бірақ ұрладың.
отырғамыз жоқ мұнда түнейін деп,
дарбазаға ат басын тірейін деп.
мен сенімен айтысам деп келіп едім,
Келіп ем тілеуіңді тілейін деп.

307
Айтыс 4 ТОМ
өзіңді жеңу емес басты арманым,
сезеді ел айтыс жаңа басталғанын.
дос тілегі өзіңе сол болады,
асқарлай бер, бауырым, аспандаған!
Әзімбек:
ішінде жүргендейміз қайыңдардың,
Белгілі бір жағдайды мойындарың.
түнімен қонақ үйде ұйқы бермей,
Жадыра қыз екеуің дайындалдың.
ескерткіш бұл айтыста қалдырамыз,
сыр елі болар дәйім сол бір аңыз.
Жеңіліп қалсаң егер бұл тартыста,
өзіңе өкпелейді Жадыра қыз.
Қатты кетсек жолдасқа болар айып,
Көкшетау, Жамбыл жерін аралайық.
Қызбай тұрған сәтінде денеміздің,
рұхсат етсең, құрдасым, доғарайық.
ақынның жыр жалындар денесінде,
өзіңе мықты болсаң келесің де.
Қайта-қайта орныңда теңселесің,
аралдың мінгендей-ақ кемесіне.
мерейің Құдайберді өсе берсін,
Шапқан сайын тұлпар боп төселерсің.
льготым бар болса да бір пәтердің,
ауданым шеше алмай жүр мәселесін.
Жаныма тағы менің шабыт берші,
отырмыз Көкше-Жамбыл болып көрші.
Қолыңнан келсе егер жолдасым-ау,
Бір пәтер ауданымнан алып берші.
екеуміз түстік бүгін қара сынға,
таңырқасын жас-кәрі қарасын да.
Шыңдалған шымыр жігіт берші жауап,
Бұйырса, бәйгені өзің аласың да.

308
Қазақ өнерінің антологиясы
сауал қойсаң дәл тиер ой табайын,
Жолға түскен жорғадай тайпалайын.
Шүкіршілік етіп қой осыменен,
өзіңе кезегіңді қайтарайын.
Құдайберді:
Бір сының жаңа маған ерек болған,
не деп ем дәл оныңа керек толғам.
ойлап-ойлап отырсам Жадыра екен,
Басымдағы бөрікке себеп болған.
Куә болар өнерге халық деген,
Керек болса тоқсан қыз тауып берем.
үйленіп, Көкшеге ертіп келсең болды,
Кезексіз-ақ бір пәтер алып берем.
Әзімбек:
арманым бар биікке жетелеген,
Жыр болды-ау Жамбыл менен Көкше деген.
Комсомол айтысында жөн болады,
Бар жайды қазып айтып өкшелеген.
сөз айттың елеңдетіп ел күтпеген,
Бойдақтықтың жазасын тартып келем.
Қыз берем деп Көкшеден қарық қылдың,
уәдеңнің беріктігін артық көрем.
осымен аман-есен бол ағайын.
сен де аман бол Құдайберді, толағайым.
туған жер, достарыма сыр ғып шертіп,
сенімен айтыстым деп оралайын. 
                         1987 жыл.
МАНАП ПЕН ТӘУШЕН
Манап:
армысың, Керекудің асыл елі,
ұл, қызы, өнерлісі, еңбеккері.
дүрлерден, сырдан келді қалған тұяқ
ақындар мекендеген аңсап сені.

309
Айтыс 4 ТОМ
Бұл жерде Бұқар жырау өмір кешкен,
Халқымен бір қайғырып, бірге өскен.
маңғазы маң даланың мәшһүр Жүсіп,
ел жайында ерлермен сан кездескен.
Қас жүйрік майра, иса, естай, мұса,
Ән, жыры құлағымда желдей ескен.
өлеңсөз классигі сұлтанмахмұт,
өнерді шет қылармын айтпай кетсем.
Бәрі де қазағымның мақтанышы,
оларға артық болмас тәжім етсем.
тәушенжан, енді саған ораламын,
есен бе елің, малың, балаларың?
менің жайым өзіңе белгілі ғой,
Білмеймін сенде қандай шама барын?
Жас ұлғайып келген соң демаларға,
айтысты беріп едім балаларға.
тәушен құрбың сені іздеп жүр деген соң,
үйде жатып қалуға шама бар ма?
елу рет түсіппін сүре айтысқа,
Бірінші рет түсуім түре айтысқа.
Қайтсе де сыбағамды аламын деп,
Күдіктенбей отырмын бұл айтыста.
о, халқым, мені ақын деп таныдыңдар,
сүйсініп ғалымың бар, дарының бар.
рақмет ақындық тағдырыма,
айтыста келіншектен салымым бар.
ал, тәушен, кезекті саған берейін,
сенің бүгін үстем болсын мерейің.
Халық алдында азғана сөз сөйлегін,
Шамаң менен шарқыңды мен көрейін.
Тәушен:
Кімдер келіп өмірге кім кетпеген,
ақын бар ма халқымен үндеспеген.
Павлодарлық армысың бауырларым,
сәлем бердім әндетіп құрметпенен.

310
Қазақ өнерінің антологиясы
отырардан әкелдім әнімді енді,
өлеңменен түзетіп сәнімді енді.
сау-саламат жүрмісің, манап ақын,
сәлемдесу реті қазір келді.
Фараби туған топырақтан кеп отырмын,
ұлы тойменен құттықтап бәріңді енді.
самғатқан соң заманым, самғағанмын,
Халқыма ұнаған соң салған әнім.
оқымаған сауыншы болғаныммен,
Бүгінгі күн тынысын аңғарамын.
естігенді деген ғой көз көреді.
Әсем қала екен ғой Павлодарың.
ақындарға қойылар талап деген,
ақындар жоқ бекерге қарап келген.
өзімді бақыттымын деп санаймын,
өйткені болдым әріптес манаппенен.
өлең десе сөз таппай қалғаным жоқ,
оқып білім жасымда алғаным жоқ.
«Жығылсаң нардан жығыл» деген мақал,
өзіңді ала кетсем, арманым жоқ.
Манап:
тәушенжан, өнеріңе бағам биік,
өнеріңді бағалаған халқың сүйіп.
мен сені қайда жүрсем мақтан тұтам,
Қазақтың төл өнеріне басымды иіп.
өнерің шалқып тұр ғой кемерінде,
Кім бөгет бола алады өнеріңе.
елуге келгеніңде бір-ақ шықтың,
айта кет біразырақ сол жөнінде.
тот басқан алтындай ғып алтын жанды,
елемепті-ау ауданның басшылары.
Шолпан, сара, мария жолын басқан,
Шын өнерпаз ақынды тапшы, кәне!

311
Айтыс 4 ТОМ
елу беске келгенше еленбеген,
ауылыңда ескілік көп дегенменен.
Жасыңнан өнеріңді сен ұштасаң,
Бәйгеден жеке-дара келер ме едің?
өнерге жүргеніңде өнер қосып,
апай деп жұрт жолыңды алар тосып.
енді барсаң алдына айғай салып,
«Бұл өзі қай кемпір?» деп қалар шошып.
Көз салып: «мынау қандай кемпір?» ― дейді,
Көбірек жиын-тойға келтірмейді.
Пенсияңды беред те қош айтысад,
Әйтеуір, ажал жетпей өлтірмейді. 
Бұл айтылған шын ақылы де ағаңның ,
не десең де, тәушен қалқам, құп аламын.
өзіңе жаным ашып айтқан сөзім,
өйткені өнеріңмен ұнағаның.
Тәушен:
Қиыннан қиысады өлең деген,
өлең десе әркім-ақ елеңдеген.
табиғаттың сыйлаған дарыны ғой,
айтыс десе жерім жоқ төмендеген.
мақсатым өзіңізді жеңу де емес,
Көңілін табу халқымның өлеңменен.
Қызыл туын өлеңнің желбіретіп,
Кемпір ақын қасыңа келді жетіп.
сөз маржанын тіземін мөлдіретіп,
Кейбіреуше айтпаймын селдіретіп.
мәке-ау, құлағың сап тыңдар болсаң,
Жүрегіңді жіберейін елжіретіп.
таудан аққан бұлақтай тасты жарып,
өлеңімді ап келдім мөлдіретіп.
таудан ескен самалдай аңқылдадым,
үзбей соққан сағаттай сартылдадым.
Шумақ сайын сіз мені мақтасаңыз,
Көктемгі найзағайдай жарқылдармын.

312
Қазақ өнерінің антологиясы
ау, мәке, сөйлессек сөз ұласады,
Бүгінде өзіңізден кім асады?
өлеңнің әзілі бар, оспағы бар,
Жөнімен айтылса кім таласады?
айтысқан соң ақындар сынасады,
Әріптесің осындай сыр ашады.
мәкесі, төрелігін өзің айтшы,
Қандай сөзді көңілің ұнатады?
Манап:
Көркіне тәушеннің қараса,
үр қызынан тамаша.
сұлулық біткен өзіңе,
оймақ ауыз, қиғаш қас,
Жазық маңдай, сүмбіл шаш,
Қарақат жанар көзінде,
елу бестің кезінде.
Қисаймай тұр қос анар,
Кеуденің көркем төрінде,
тізілген маржан тісі де,
Бір кеміс жоқ ісінде,
айтшы артық, кемін де!
өзіңе бүгін кез болдым,
алпысқа шыққан кезімде.
Әзілге, тәушен қалқам, болаттайсың,
сөзімді жөнмен айтқан жолатпайсың.
ағаңның ұтқыр сөзін естіген соң,
өзің де тоқтап біраз тағаттайсың.
Боп қалды, тәушенжан-ау, жайың мәлім,
дұрыс қой мұны мен де ұғынғаным.
айта бер айтарыңды ағаңа арнап,
Халқыңа болсын мынау жырың мәлім.
Тәушен:
Әзіл айтсаң жарасар қатарыңмен,
зіл сөзбенен жарамас қапа қылған.
Көркім нашар болғанмен, елім сұлу,
мен келдім отырардың шаһарынан.

313
Айтыс 4 ТОМ
сізден бұрын айтысқан ақындарым,
сескенуші ед сөзімнің қаһарынан.
мен кемпір болсам, өзің шалдайсың-ау,
атағың көпке мәлім дардайсың-ау.
тәушенді тоқтатамын деген сөзбен,
аға-еке, өзіңді-өзің алдайсың-ау.
ау, мәке, домбыраңды сабаладың,
айтатұғын сөзіңді таба алмадың.
Қонақ үйде төрт-бес күн бірге жаттық,
Бір қағуға есікті жарамадың.
Көрмесе білмейді екен бұрын кісі,
Бір сөздің тағы келді ұрындысы.
Көзіме оттай болып басылады,
еркектің сіз секілді мұрындысы.
ау, мәке, бір нәрсе айтсам көнесіз бе,
Бір істі тәуекел деп көресіз бе?
Қалихан «пұшықсың» деп жақтырмады,
мұрныңыздан кішкене бересіз бе?
Қалихан сөз қып еді сиырымызды,
сиырды айтып ашытты миымызды.
осы жолы жүлдені маған сыйла,
Көрсетші шыққан содан мүйізіңді.
Бұл жолы, мәке, сенен жеңілмеймін,
он бес күн айтысуға ерінбеймін.
алтынның нақ қадірін халық білер,
өлеңмен сұлу сөзді өрімдеймін.
тағы да ала қойшы кезегіңді,
мына халық естісін не деріңді.
ау, мәке, аяғыңды абайлап бас,
түсіріп алып жүрме беделіңді.
Манап:
Бұл сөзің дұрыс болды, тәушен сіздің,
мұрын сізде қысқа ғой, бізде ұзын.

314
Қазақ өнерінің антологиясы
екеуміз жөнсіз сөйлеп кетер болсақ,
атымызға кір келер сіз бен біздің.
мен өнерге бұрыннан қанық ақын,
сөз келсе көмекейге асау ағын.
сөзіміз бара жатыр майдаланып,
анау-мынау сөз айтып не қыламын?
ақынға да ортақ іс қайта құру,
Әзілді де жөнімен айта білу.
Қойылған қарсыластың сауалына
Жөнімен толық жауап қайтарылу.
ол үшін керек, тәушен, сауаттылық,
Күшті ғой халық алдында жауаптылық.
Жел сөзбен ел алдында бос мақтану,
ақынға келіспейтін оғаш қылық.
Белгілі бұрыннан маған сенің жайың,
ойлап ем жөн-жосықсыз бос салмайын.
Халықтың ақсақалы боп қалдық қой,
ойлайық сондықтан да жастар жайын.
Шал менен бүгінгінің кемпіріне,
Балалар көп өкініш келтіруде.
не болып жатыр сонау ауылдарда,
отырғанда біз мұнда желпінуде.
Келіннің көз салайық талғамына,
Балалардың тартып киді шалбарын да,
Бөркін де жарасад деп киіп алды,
Жұмысы жоқ оның жалаң бас қалғанында.
Көбісі ішкілікке бейім болып,
Көшеде шалыс басып пандануда.
мойнында, қолдарында алтын заттар,
осылай құртты кәрінің бар малын да.
Бұл жағы ауыл жақта әлі басым,
осыны керек еді-ау аңғаруға.

315
Айтыс 4 ТОМ
Тәушен:
ау, мәке, ақын ба едің, жырау ма едің?
Қатты тиген өлеңге тымау ма едің?
Бүгінгі сөз екеуміз арамызда,
Әлде өзің балаларға ылау ма едің?
Бір сөзіңді, ау, мәке, қайталайсың?
Бала емеспін мен оны байқамайтын.
осы әдістен ешқашан ажырама,
оңай ұйқас бұл осы шаршамайтын.
айтқан сөзің көңілден шығып тұрса,
адам бар ма сөзіңді аңсамайтын.
Шалым-ау, не деп кеттің түсінбедім,
Шикі сөзді неліктен пісірмедің?
есіл сөзді доп қылып тепкеніңмен,
Қақпама бірде-бір гол түсірмедің.
өзінше жылжып аққан бұлақтайсың,
айта берсем, әрине, ұнатпайсың.
айтпайын-ақ деп едім, амал бар ма?
сөздеріңмен шымшылап шыдатпайсың.
тастан-тасқа лақ болып ырғи берме,
Шапқылама орынсыз ылдиға-өрге.
өлеңде де тоқтайтын станса бар,
Жүк таситын пойыз құсап сырғи берме.
мойныңыздың тамыры зақымданар,
Бекер босқа басыңды шұлғи берме.
Шұлғымай-ақ жақсы сөз байқалады,
Жөн сөзді кім теріс деп айта алады?
ақынға ойланарлық бас керек қой,
Шұлғи берсең миыңыз шайқалады.
Манап:
тәушенжан, айтпадым ғой саған арыз,
сөзімді құптамадың асыл нағыз.
Балалар сізге де ортақ, бізге де ортақ,
оны айтсақ несіне біз шамданамыз.

316
Қазақ өнерінің антологиясы
Балаларың әнді бұзып, жырды бұзып,
сахнада айтып жүр быжық-шыжық.
айтар ем бас-басына мысалменен,
оларды уақыт қайда жатар тізіп.
еш нәрсе сезбегендей боп жүрсіңдер,
Әнді біздің жиендік қып ап жүрсіңдер.
мұзарап Жүсіповтың «Палымшасын»
Халық әні деп ұялмай сап жүрсіңдер.
мен айтқанда, шырағым, соны айтамын,
Кем-кетікті түзеткін деп айтамын.
Әйтпесе сені, тәушен, ақын дер ме,
несіне қыңыр сөзді көп айтамын.
Көктегінің бәрі де жұлдыз емес,
судағының бәрі де құндыз емес.
Басқа да ақындар бар кезек күткен,
айтысты бұл кеш атқарар бір біз емес.
Күй атасы Қорқыттай дана елдің
ескерткіштік бейнесін сала келдім.
Қойсын деп әл Фараби музейіне,
тәушенжан, өзіңе арнап ала келдім.
Тәушен:
Кемпірге құмарсың-ау, байқағаным,
оныңа көп алғысты айта аламын.
алмақтың да салмағы бар деп отырсыз,
ретін тауып бір жолы қайтарармын.
Барған соң кемпіріңе сәлемдерсің,
сөзіңнің бұрыс жерін дәлелдерсің.
Жабысып тәушен маған қалмай қойды,
Құтылдым-ау бәледен әрең дерсің.
Манап:
Келер деп күтіп отырған ертең күнде,
сәлем айт ауылдағы сүйгеніңе.
ризамын өнеріңе, қалқам тәушен,
саған өкпем жоқ менің бұл жөнінде.

317
Айтыс 4 ТОМ
Қалқажан, жан екенсің мақтағандай,
сенімін ел-жұртының ақтағандай.
Жарадың алысуға, шалысуға,
Бойыңнан мін таппадым жақпағандай.
Кетерсің ақын болсаң жалынданып,
Бағам сол жалғаны жоқ оным анық.
інісің жасың кіші орныңнан тұр,
сөзімді доғарайын қолыңды алып.
сәлем айт өз анаңа, келініме,
Келер деп жол қараған сені күнде.
ағалықпен ағаттау артық айтсам,
Қалқажан, ала көрме көңіліңе.
                                                                       1988 жыл.
ӘЗІМБЕК ПЕН ӘСЕЛХАН
Әзімбек:
Жеңгелер  сырларыңды ұғып тұрмын,
Біздерді жас та болсақ шынықтырдың.
Көптен бері аңсаған арманым ең,
Әселхан жеңешеммен  шығып тұрмын.
айтысқан жеңгесімен тәуір деген,
саптайық сахнада сабырлы өлең.
Әсеке, бұл қайныңды қамшылай бер,
«соңғы түйенің жүгі де ауыр»... деген.
Әселхан: 
Шындықты ақ самалдай аңқылдатып, 
Қалдың-ау рахатқа, халқым, батып.
алдыңа сәлем беріп тағы шықтым,
Қылышын қара өлеңнің жарқылдатып.
Әзімбек, қайным болсаң есе күтпе,
Шындыққа біздер бірден көшелік те.
Әселхан сендейлерге жеңге түгіл,
Бол десең жарайды ғой шешелікке.

318
Қазақ өнерінің антологиясы
салмағың болса дағы қауырсындай,
Қозғалмай отыр, қалқам, дауыл тынбай.
«соңғы түйе жүгі ауыр», – деп айтпай ақ,
Көтеріп келем бәрін ауырсынбай.
Әзімбек:
Шыңдары көрінеді асқардың да-ай,
Жеңеше, атағыңнан жасқандым ба-ай?
«соңғы келген кімді ұрарын білмес» деген,
Қайныңды ә дегеннен бас салдың-ай.
Жақсының жүрегінен армандымыз,
Қайныңа дөп тие ме қармағыңыз?
дегенмен, мен өлеңнен қалыспаймын,
Бірақта басып кетер салмағыңыз.
сырымды шертейінші сенімді боп,
Қайнысын айтсын елі көңілді деп.
Қу қыздар ертең күліп жүрмесінші,
«Әселхан жеңгесінен жеңілді!», - деп.
Әселхан:
есемді бар өлеңнен алып тұрып,
Кездестім қайныма мен жанып тұрып.
салмағын жеңешеңнің айта-айта,
Жігіттер біткен еді-ау жалықтырып.
Көктемде көгілдір от өлеңменен,
Көзімді жіберсейші қарықтырып.
Қайнысы жеңгесінен абай болар,
Кезегі бұдан соң да талай болар.
Бір сұрақ сынау үшін берейінші,
Жақсы өлең, жаман өлең қалай болар?
Әзімбек: 
Қарайды екеумізге халық қалай,
Қайныңыз енді қайтсін шарықтамай!
Қайныларың қайта-қайта айта берер,
соғым жеп жүрсең егер арықтамай.

319
Айтыс 4 ТОМ
Қайныңыз еркелеп бір жорғалады,
Жақсының өлеңдері мол болады.
елінің жүрегінен шыға білсе,
Жақсы ақын, жеңешетай, сол болады.
Қайныңды жекіп таста шыдамаса,
алдыңда «жеңгетайлап» құламаса.
Жаман өлең, жеңеше сол болады,
ойпырмай, бар халыққа ұнамаса!
Әселхан:
Жансың ғой жақын тұрған талабы өрге,
Бірақ та тым өртеніп жана берме.
Халықты күлдірем деп жеңілденіп,
арзан сөз, бос күлкіге бара берме.
Әзімбек, ақынсың ғой, есің бар-ды,
Қинаймыз кейде біздер есіл жанды.
ауғанда қанша бауырың өлген болса,
еліңде сонша қыздар жесір қалды.
Бұл өзі – ащы шындық, әзілі жоқ,
Бота да байланбайды қазығы жоқ.
Жар-қосақ іздеп жүрген қыздарымның,
Қылаудай біреуінің жазығы жоқ.
тұрғам жоқ сені санап кінәліге,
ой жібер ойқастамай тым әріге.
Жігіттер желік қуып жүрген жоқ па?
екеуден келгеннен соң біреуіне?!
Әзімбек:
Қайныңның шыңғыртатын шыны бар ғой,
сізге де ұсынатын гүлі бар ғой.
Қыздарды қорғамаңыз қайта-қайта,
Біздерден қалыспайтын түрі бар ғой.
Қашанда көңілдерді бұра аламыз,
Жақсыны армандайық, сірә да, біз.
Қыздар да бізден енді қалыспайды,
тең деп бір жігіттермен провамыз.

320
Қазақ өнерінің антологиясы
Жеңеше, өлеңайттым қас-қағымда,
Бейбіт күн ойнай берсін аспаныңда.
Жарқырап ерікпенен бірге шықтың,
газетке - «алматының ақшамында».
Қайныңды жіберсейші от алдырып,
Шын қайны Әселханға атандырып.
Жеңеше бір өзіңнен сұранамын,
сол «ақшам» қашан шығар отау құрып?
Әселхан:
рақмет, құттықтаулар қаулап тағы,
сонда да бітпейді ғой даулар жағы.
Жақсылар оқып жүр ғой алматыда,
Күніге «вечеркадан» аударманы.
Жалғайтын болашаққа дастаны көп,
Қазақтың мақтанамыз аспаны деп.
Құттықтап шын жүректен қуанар ек,
отау боп шықса «алматы ақшамы» боп.
Жырыңды жырлай-жырлай батылдандым,
осылай жүрегіңе жақындармын.
сол «ақшам» отау болып шыға қойса,
Пайдасы тигені де ақындардың.
Әзімбек:
Жатамыз осындайда сыр алмасып,
артыңнан, жеңге, қадам тұрам басып.
сөзіңіз қабыл болсын манағы айтқан,
ағалар отыр мұнда құлақ асып.
Қайныңды жарасады серке десең,
Қалайша өлеңімді келте кесем.
Жеңеше, айып етпе, бұл қайныңа,
Шымшылай сол жағыңнан еркелесем.
Жеңгемнің таусылмасын шаттық үні,
Қайныңның сезіле ме тәтті мұңы?
Жеңгеммен қатарласып кетер ме едім,
сәрсенбі – бүгінгідей сәтті күні?!

321
Айтыс 4 ТОМ
Әселхан:
Қайнымның қараңдаршы сиығына,
Келеді күлкі үйіріліп миығына!
Жеңгеңіз қатарласып кетер еді,
Көтеріп барар болсаң иығыңа.
Әзімбек:
осындай шырқайтұғын таңдайым боп,
отырсам ортаңызға әрдайым кеп.
Жеңеше, иығыма көтеріп ап,
Қу белден айырылатын жағдайым жоқ.
Әселхан:
Әзімбек, жағдайыңды қиындатпа,
сөзіңді шырмалатып, шиырлатпа.
Жеңгеңді соншалықты бір көтеру,
ауғанның соғысынан қиын боп па?!
Әзімбек:
Жеңеше, сөзіңізге тамсанамын,
өзің ең баяғыдан аңсағаным.
ауғанда автоматты көп арқалап,
ойпырмай, мен болдырып шаршағанмын.
Әзілге ақын едім өте бейім,
ал енді, орағытпай төтелейін.
екі ай бойы штангамен айналысып,
содан соң екі иықпен көтерейін.
Әселхан:
Япыр-ай, әзір таптым төзімді мен,
Әріптес болған жақсы сезімдемін.
Штанга төрт ай жүріп көтерсең де,
Бір көтер, арғы жағын өзім білем.
Әзімбек:
Жеңеше алды-артыңа ойлап қара,
залда отыр небір сұлу ойнақтана.
ар жағын өзім білсең тіпті жақсы,
Әзімбек түк көрмеген бойдақ бала.

322
Қазақ өнерінің антологиясы
Әселхан:
Қайынның түсіп тұрмын елегіне,
ұрынды өзі келіп желегіме.
маған сол түк көрмесең, жүдә жақсы,
залдағы басқалардың керегі не?
алмастан домбыраңды сабаласып,
Жеңгеңмен шыға келдің жағаласып.
Халықтың арман-мұңы өлеңіме,
Жатса да жарасады араласып.
Жүргенде елдің жырын айтамыз деп,
Кетпейік сабаласып, қара басып.
мен өзім ел аралап көп жүремін,
Жақындау ұғынсам деп ел жүрегін.
«Қара шал» әнін бізге айтып бер деп,
Қарттарды қолқа салған көрді көзім.
Көбейіп «қара шалдар» кеткені ме,
Бір шалдың зары-ақ әлде жеткені ме?
ойласам жаным соны түршігеді,
ызғарлы шыдай алмай өкпегіне.
зарлатып тыңдап жүрміз «Қара шалды»,
адамдар сонша неге аласарды?
Қара шал қақ төрінде отырмас па,
Қарсы алып ақ тілеумен ала таңды?!
Жіберді мұңдандырып демде бізді,
о баста талантқа біз сенгеміз-ді.
Кешегі еріктей-ақ жалға, қайным,
сөйтіп бір қуантсаңшы жеңгеңізді.
Әзімбек:
отырмын, жеңге енді қармайын деп,
өзіңмен артық сөзге бармайын деп.
Әзілден бір қалыспай мен отырмын,
«сокращениеге» түсіп бір қалмайын деп.
мұңданып неге сонша аласардың,
Келмейді жүрегіңе жара салғым.

323
Айтыс 4 ТОМ
Жаныңда жап-жас қайның отырғанда,
ойпырмай, керегі не «қара шалдың?»
осылай бәріміз де ортаярмыз,
Құшақты өзіңізге бір жаярмыз.
Кезінде жырласақ та жарасады,
Бір күні кезі келсе қартаярмыз.
Әселхан:
Әзімбек, мына сөзің мақұл емес,
Шындаққа титтей-дағы жақын емес.
Қара шал, қара кемпір, қара бала,
Қамы үшін жырламаған – ақын емес.
Қайда бұл демейсің бе ұл намысы,
Қарғыстан кетпейді ме сыздап іші?!
Перзенттік парызын кім өтемесе,
алдына оралады қылған ісі.
тастанды бала менен қара шалдың,
тағдыры бірдей десем таласар кім?
тамақ тоқ, жатар төсек болса дағы,
Жылуын қайдан табар алақанның?!
газеттер жазады ылғи, дабылдайды,
сонда да мұның емі табылмайды.
Жүрекпен парасатты ойламасақ,
Болашақ қай үлгіңді қабылдайды?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет