«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Бүркіт Бекмағамбетов (1950 ж. т. солтүстік Қазақстан облысы, есіл ауданы, 
өркен ауылы) – ақын, журналист. Қазму-нің тарих факультетін бітірген. облыстық 
халық шығармашылығы үйінің қызметкері. өлеңдері жергілікті газеттерде жария-
ланып тұрады.
Ақтан Нұрбаев (1926-1988) – айтыс ақыны, жыршы. Шығыс Қазақстан облы-
сы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылында дүниеге келген. ақындақ таланты ерте 
танылып, ел арасында «ақын бала» атанады. 1960 жылдардан бастап өлеңдері газет-
журналдарға басыла  бастады. «ағажай, алтайдай жер қайда» атты жинаққа жыр 
жолдары енген. «сырымды айтам» (1996), айтып өткен ақында арман бар ма...» 
жыр жинақтарының авторы. 
Көлмағамбет  Нұрмағамбетов  (1942  ж.  т.  Жезқазған  облысы,  Жаңарқа  ауда-
ны) – әнші, ақын. оның орындауында арқаның атақты ақындары мен әншілерінің 
мұрасынан  бірқатар  әндер,  жыр-термелер  дыбыс  лентасына  жазылып  алынған. 
аудандық, облыстық айтыстарға қатысқан. 
Сара  Тоқтарбаева  (1931  ж.  т.  Шығыс  Қазақстан  облысы,  зайсан  ауданы, 
Кендірлі ауылы) – әнші, ақын. Белгілі халық ақыны рахметолла тоқтарбаевтың қызы. 
аудандық, облыстық айтыстарға қатысқан. 1972 жылы республикалық айтыста Пав-
лодар облысының ақыны Қимадиден нығымановпен өнер сайысына түскен. Бұл ай-
тыс «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» (1975) атты жинақта жарияланды.

371
Айтыс 4 ТОМ
Аяз Бетбаев (1942 ж. т. Жамбыл облысы, Шу ауданы, алға ауылы) ақын, әнші. 
Халық композиторы К.Әзірбаевтан бата алған. 
1970  жылдан  Шу  аудандық  мәдениет  бөлімінде  автоклуб  меңгерушісі  болып 
жұмыс істеген. облыстық айтыстарда н.дәутаев, а.Бүрбаев, Ш.мамасеріковамен 
өнер жарысына түскен. «ақ қайың», «сағыныш», «махаббат жұлдызы», «Жұлынған 
гүл» әндері кең тараған. «Жетісу әуендері» ән-жырлар жинағы, «Шу толқындары» 
кітабы жарық көрген. мәскеуде өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы 
фестивалінің лауреаты. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. 
Камал  Ендібаев  (1948-1989)  –  ақын,  жыршы-термеші.  оңтүстік  Қазақстан 
облысы,  Шардара  ауданы,  Көксу  ауылында  туған.  Белгілі  халық  ақыны  молда 
мұса  Жұманазарұлынан  тәлім  алған.  оңтүстіктің  ХіХ  және  ХХ  ғасырдың  ба-
сында  өмір  сүрген  майлықожа,  нұралы,  мәделіқожа,  Құлыншақ,  молда  мұса, 
тұрмағамбеттердің толғау-термелерін, өлең-жырларын насихаттаушы. 
«Қобыланды»,  «Шәкір-Шәкірат»  дастандарын  жатқа  айтқан.  өзі  де  жанынан 
көптеген  жыр-термелер  шығарған.  1980-1988  жылдары  республикалық  ақындар 
айтысына қатысқан.
Есенқұл  Жақыпбеков  (1953-2013)  –  ақын,  композитор.    алматы  облысы, 
Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 
(1995). 1990 жылы Қазму-ін бітірген. суырып салма айтыскер. 1984 жылы респу-
блика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды.
е.Жақыпбековтің алғашқы өлендері 1984 жылы «Жалын» баспасынан шыққан 
«Қарлығаш»  атты  жинаққа  енді.  «ағымнан  жарыламын»  (1986),  «Біз  екеуміз» 
(1990), «Жеріңе табын» (1994), «Жанқисса» (1996), «есіл дүние-ай», «Біздің елдің 
жігіттері» (1999), «Бұл жаз да өтер» (2001) атты өлең жинақтары жарық көрген.
ақынның шығарған ән-термелері де ел арасында кеңінен таралған. соңғы жыл-
дары Жамбыл ауданының «атамекен» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 
Көпбай Омаров (1929, созақ ауданы, сызған ауылы – 1989, ташкент қаласы) – 
айтыс ақыны.
Шымкент қаласындағы м.Әуезов атындағы педагогикалық институтын бітірген 
(1950). сол жылдан бастап, 40 жыл бойы Берен орта мектебінде өмірінің соңына 
дейін ұстаздық етті. Бұл мектеп қазір К.омаров есімімен аталады. 1964 жылы Жам-
был, Қызылорда, оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысқан айтыста 
1-орын  алған.  Көптеген  айтыстардың  жеңімпазы  болды.  ол  нағыз  суырыпсалма 
ақын әрі асқақ үнді әнші еді. тайжан, нартай дәстүрін жалғастырып, сырнайға әсем 
үнін қосқан өнер иесі. 
Әселхан Қалыбекова (1950 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауы-
лы) – айтыс ақыны. 1966 жылы м.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1970-
1971 жылдары аудан мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында, 1971-1991 
жылдары  аудандық  ауа  райы  мекемесінде  әр  түрлі  жауапты  қызметтер  атқарған. 
2001  жылдан  аудандық  мәдениет  бөлімі  жанынан  ашылған  ақындар  мектебіне 
жетекшілік  етеді.  1981  жылдан  бастап  ақындар  айтысына  қатыса  бастады.  Жам-

372
Қазақ өнерінің антологиясы
был  атындағы  сыйлықпен  (1989),  «Парасат»  орденімен  (2005)  марапатталған. 
Қазақстанның халық ақыны (1990), отырар ауданының «Құрметті азаматы».
Әсия Беркенова (1950 ж. т. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, ноғайкөл ауы-
лы) – айтыс ақыны. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1972). 1972-
1997  жылдары  наурызым,  Әулиекөл  аудандарында  ұстаздық  етті.  айтыс  өнерін 
дамытуға  үлес  қосқан  өнерпаз.  облыстық,  аймақтық,  республикалық  айтыстарға 
қатысып, жүлде алған дарынды ақын. 
республикалық айтыста с.тастанбекқызы атындағы жүлдені,  К. Әзірбаевтың 
туғанына 100 жыл толуына арналған айтыста 1 орынды иемденді. а.Құнанбаевтың, 
а.  Байтұрсынұлының  мерейтойларында,  наурыз,  тәуелсіздік  күндерінде  өткен 
үлкен  айтыстарда  тамаша  өнер  көрсетіп,  халық  құрметіне  бөленді.  1997  жылдан 
Қостанай  қаласындағы  мемлекеттік  тілді  жеделдете  үйрету  орталығында  қызмет 
істейді. Қазақстанның халық ақыны (1990). 
Ерік Асқаров (1959-2003) – ақын, аудармашы, драматург. солтүстік Қазақстан 
облысы, Жұмабаев ауданы, дүйсеке ауылында дүниеге келген.
республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редак-
тор,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  әдеби  қорының  директоры,  Көкшетау,  астана 
қалаларында қызмет атқарған.
«Қарлығаш»,  «Жетіген»,  «аққудың  көгілдірі»,  «Қазақстан  ғасыры»,  «аста-
на  жұртын  айналсам»  жыр  жинақтары  мен  «Біржан  сал»,  «Петропавловск  – 
қызылдардың қаласы» пьесаларының авторы.
айтыскер ақын ретінде көптеген айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. 
Қазақстан  Жазушылар  одағы  м.мақатаев  атындағы  сыйлығының  (1988), 
Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1990) лауреаты.
Әзімбек  Жанқұлиев  (1962-2003)  –  айтыс  ақыны.  Жамбыл  облысы,  Байзақ 
ауданы,  Шақан  ауылында  туған.  ауған  соғысының  ардагері.  Қазұу-ін  бітірген. 
Ә.Жанқұлиев айтыскер ақын ретінде 1984 жылдан бастап танылды. айтыс өнерінің 
дамуы  мен  қайта  жандануына  үлкен  үлес  қосып,  өзіндік  өрнегін  салған  арқалы 
ақын.  астарлы,  көркем  өлең  құрауымен,  айрықша  әуенімен  елдің  есінде  қалды. 
Көптеген айтыстардың жүлдегері.
Құдайберді Мырзабеков (1964 ж. т. ақмола облысы, зеренді ауданы, ақан ауы-
лы) – айтыс ақыны, жыршы. 1985 жылдан бастап айтыс сахнасына шыққан Қ. мыр-
забеков – Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің шәкірті. өзі де талапты жа-
старды айтыс өнеріне баулып жүрген ұстаз.
«айрауық», «Қармыс атаның ұрпағы», «ащылы-Жекебояқ» атты өлең-прозалық 
еңбектердің  авторы.  Қазақстан  Жазушылар  одағының,  Қазақстан  Журналистер 
одағының мүшесі. Бүгінде м.ғабдуллин мұражайының директоры.
Тәушен  Әбуова  (1932-2004)  –  айтыс  ақыны.  оңтүстік  Қазақстан  облысы, 
отырар  ауданы,  Балтакөл  ауылында  туған.  аудандық  мәдениет  бөлімінде  авто-
клуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. айтыс өнеріне кештеу араласса да, оны 

373
Айтыс 4 ТОМ
дамытуға сүбелі үлес қосты. ол айтыстарында өскен жерін, туған елін, оның болашағын 
жырлады.  1985-2004  жылдары  тәушен  Әбуова  бірнеше  айтыстарға  қатысты.  Халық 
ақындары  қызылордалық  манап  Көкеновпен,  көкшетаулық  Көкен  Шәкеевпен, 
Қырғызстанның халық ақыны Әмірәлі айтаевпен, тағы басқа ақындармен сөз сайы-
сына  түсіп,  облыстық,  республикалық,  халықараалық  айтыстардың  бірнеше  дүркін 
жеңімпазы, жүлдегері болды, республикалық телесайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. 
ол мәдениет министрлігінің 1-ші дәрежелі екі дипломымен марапатталған, «достық» 
орденінің иегері. ақын жайында екі деректі фильм түсірілген, екі кітап шығарылды.
Дүйсенбай Жұмасейітов – 1953 жылы Жезқазған (қазіргі Қарағанды) облысы, 
Жаңаарқа ауданында туған. 1989 жылы алматы қаласында өткізілген республикалық 
айтысқа Жезқазған облысының атынан қатысқан ақын.
Қонысбай Әбілов – 1954 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. 
ақын, журналист. «лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің торғай, Целино-
град облыстары бойынша меншікті тілшісі (1980-1985), облыстық «торғай таңы» 
газеті  редакторының  орынбасары  (1985),  қалалық  «арқалық  таңы»  газетінің  ре-
дакторы (1990), торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы (1991-1995) 
болып қызмет істеген. астана қаласы тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін 
атқарған.
айтыс  өнеріне  сіңірген  зор  еңбегі  үшін  1990  жылы  «Қазақстанның  халық 
ақыны» атағына ие болды. Көптеген айтыстардың жүлдегері. арқалық қаласының 
Құрметті азаматы. 
 
Серік Құсанбаев (1963 ж. т. Шығыс Қазақстан облысы, зайсан қаласы) – айтыс 
ақыны. Ш.Құдайбердиев атындағы семей педагогикалық институтының түлегі.
ұзақ  жылдар  мәдениет  саласында  істеген.  Павлодар  облысы  мәдениет 
департаментінде, Шығыс Қазақстан облыстық «дидар» газетінде қызмет атқарған. 
Қазір Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы.
Көптеген  республикалық  айтыстардың  жеңімпазы.  айтыспен  қатар  жазба 
поэзияға  да  ден  қойған  ақынның  «Байғыз»  (2000),  «Жырлаумен  өткен  20  жыл» 
(2011) жинақтары жарық көрді. Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері.
Мэлс Қосымбаев (1970 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жы-
лысу ауылы) – ақын. мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық ақындар айтысына 
қатысқан. орал педагогика институтын бітірген (1992). 
Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1992-2006). 2006 жыл-
дан маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. республикалық 
және  халықаралық  айтыстардың  жүлдегері  (1988-2007).  Қазақстанда  алғаш 
өткізілген «айтыс – Қазақстан» чемпионатының (2007) бас жүлдегері.
м. Қосымбаев – абыл, ақтан, нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан 
жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айту-
лы айтыс ақындарының бірі.
Филология  ғылымының  кандидаты  (1999).  Қазақстан  республикасының 
мәдениет қайраткері (2007). 

374
Қазақ өнерінің антологиясы
Қуаныш Мақсұтов (1963 ж. т. Қарағанды облысы, ақтоғай ауданы) – айтыс 
ақыны. Қарму-нің филология факультетін бітірген (1988).
республикалық «Жігер», университеттердің Бүкілодақтық фестивальдерінің ла-
уреаты. Көптеген айтыстардың жүлдегері.
«мәңгілік  мұңның  әуені»,  «тәкаппар  мұңның  кербез  тамшылары»  атты  жыр 
жинақтары (2013) жарық көрген.
«астана қаласының  10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. 
Қарағанды  облыстық  телевизиясында  аға  редактор,  облыстық    «Қазақ  тілі» 
қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, Жезқазған облыстық Жастар ісі жөніндегі 
комитетінің  төрағасы,  сәтбаев  қаласы  әкімінің  орынбасары,  «Қазтұтынуодағы» 
Жезқазған облыстық басқармасы төрағасының орынбасары, Қарағанды облыстық 
«замандас-современник»  газетінің  бас  редакторы  қызметтерін  атқарған.  Қазір 
«сайгез» және «маздау» қоғамдық қорларын басқарады.
Әбдікәрім Манапов – 1955 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, та-
лап ауылында туған. ақын. Халық ақыны манап Көкеновтың бел баласы.
Қазақстан республикасы мәдениет қайраткері, түркістан қаласының Құрметті 
азаматы. 

375
Айтыс 4 ТОМ
АЙТЫСТАР ТУРАЛЫ 
ТҮСІНІКТЕР
Әбілахат пен Файзолла (1957).
Әбілахат  Жанәділов  Қармақшы  ауданының,  Файзолла  омаров  Қазалы 
ауданының  атынан  сынға  түскен.  айтысты  қармақшылық  ақын  Шаймерден  Ше-
гебаев арнау өлеңмен ашқан. материал «айтыс» (алматы, 1966, 400-416 беттер.) 
кітабы бойынша берілді.
Хамидолла мен Хамит (1957).
Хамидолла Қыдыров пен Хамит Әбілов айтыста бірі – орал қаласының, екіншісі – 
Қаратөбе ауданының атынан өнер жарыстырған. 
айтыс «айтыс» (алматы, 1966, 417-415 беттер.) еңбегінен алынды.
Аманжол мен Бекболат (1957).
аманжол Әлжанов пен Бекболат меркемелденов ақмола облысының (бұрынғы 
Целиноград) қарт ақындары. Бірі аршалы ауданы (вишнев), екіншісі ерейментау 
ауданының (еркіншілік) атынан айтысқан. 
материал «айтыс» (алматы, 1966,  451-461 беттер.) еңбегінен алынды.
Бикен мен Әкпар (1957).
Бикен  сембаева  пен  Әкпар  Жүсіпов  ақмола    облысы,  Жарқайың  (бұрынғы 
Баранкөл) ауданының ақындары.  
материал «айтыс» (алматы, 1966, 473-484 беттер.) жинағынан алынды.
Теміртек пен Жұмабай (1957).
теміртек мұқышев пен Жұмабай сейдахметов Қостанай облысының ақындары. 
Әулиекөл (бұрынғы семиозер) және алтынсарин (бұрынғы обаған) аудандарының 
атынан сайысқа түскен.
мәтін «айтыс» (алматы, 1966, 513-521 беттер.) кітабы бойынша әзірленді.
Мұса мен Құдыкен (1957).
ақмола  өңірінің  ақындарының  сөз  сайысы  «айтыс»  (алматы,  1966,  525-529 
беттер.) жинағы бойынша берілді.
Баймұқаш пен Шабалы (1957).
солтүстік Қазақстан облысының ақындарының сөз жарысы «айтыс» (алматы, 
1966, 542-549 беттер.) жинағынан алынды.

376
Қазақ өнерінің антологиясы
Ержан мен Әзмұхамбет (1957).
Шығыс Қазақстан облысы ақындардың өнер бәсекесі «айтыс» (алматы, 1966, 
549-553 беттер.)  еңбегі бойынша әзірленді.
Кенен мен Халима (1961). 
1961  жылы,  тамыз  айының  3-5  күндері  алматыда  Қазақ  сср  ғылым  акаде-
миясы  м.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  мен  Қазақстан  Жазу-
шылар  одағының  ұйымдастыруымен  республика  халық  ақындарының  мәслихаты 
өткізілді. Бұл халқымыздың рухани өміріндегі 1943 жылғы ұлы Жамбыл бастаған 
ақындар бас қосуынан кейінгі елеулі оқиға еді. мәслихатқа халық творчествосының 
көрнекті  қайраткерлері:  импровизатор  ақындар,  әнші-композиторлар,  жыршы-
жыраулар,  атап  айтқанда,  Кенен  Әзірбаев,  Қалқа  Жапсарбаев,  майасар  Жапақов, 
Болман  Қожабаев,  Құмар  Жүсіпов,  нұрлыбек  Баймұратов,  үмбетәлі  Кәрібаев, 
есдәулет Қандеков, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Белгібай Бектұрғанов, Көшен 
елеуов, Бекболат меркемелиденов, артық Жексенбаев, Халима өтеғалиева сынды 
ел қадірлеген айыр көмей, жез таңдай өнерпаздар қатысты.
    Қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл мұраларын, үздік үлгілерін сақтаушылар, 
тамаша жарқын дәстүрлерін жаңғыртып сабақтастырушылар, шешен тілді, тапқыр 
ойлы  ақпа-төкпе  ақындар  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Болат  құс  –  аспан  кемесін, 
қара алтыны мен сары алтыны теңіздей толқыған кен ордасын, өндіріс ошақтарын, 
ерлік еңбекпен ерекшеленген сайып-қырандарын, олардың ер жігітке тән ірі мінез, 
ізгі,  нұрлы  қасиеттерін,  ұлы  шайқас  күндерінде  қаһармандықтың,  батырлықтың 
үлгісін көрсеткен сарбаздарын асқақ шабытпен, терең сезіммен шалқыта жырлады. 
Қанатты ақын Қалқа Жапсарбаев есдәулет Қандековпен айтысында:
атанды Қазақстан алтын өлке,
Бақыттың базарындай артық өлке.
Жерінде мың бір түрлі жеміс бітіп,
иісі қалампырдай аңқыды өлке, –
деп,  өмірін  жырға  қосты.  сондай-ақ  Кенен  мен  Халима,  Болман  мен  Желеу, 
артық пен Құмар, Қалихан мен Әбікен, таубай мен аманжол сөз сайысына түсті. 
мәжілісте Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының сол кездегі бірінші хатшы-
сы,  академик-жазушы  ғабит  мүсірепов,  м.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының директоры мүсілім Базарбаев, ақын Әбділда тәжібаев сөз сөйледі. 
Қазақ  сср  ғылым  академиясының  корреспондент-мүшесі  есмағамбет  ысмайы-
лов қазақ фольклоры мен эпосының қымбат нұсқаларын жинап, жүйелеп, зерделеп 
тексеру жөнінде және сыншы мұхаметжан Қаратаев халық ақындарының негізгі 
міндеттері турасында баяндамалар жасады.
Кенен  Әзірбаев  –  Жамбыл  облысының,  Халима  өтеғалиева  –  алматы 
облысының ақындары.
екі ақын 1961 жылы тамыз айының 3-5 күндері алматыда ұйымдастырылған 
Халық  ақындарының  республикалық  кеңесінде  айтысқан.  материал  «ақындар 
жыры.  Қазіргі  халық  поэзиясы»  (алматы,  1963,  64-70  беттер.)  кітабы  бойынша 
әзірленді.

377
Айтыс 4 ТОМ
Болман мен Желеу (1961).
Болман Қожабаев – Қарағанды облысы, Желеу Жақыпов – оңтүстік Қазақстан 
облысы атынан айтысқа шыққан.
ақындар 1961 жылы тамыз айының 3-5 күндері алматыда ұйымдастырылған 
Халық  ақындарының  республикалық  кеңесінде  өнер  жарыстырған.  айтыс 
«ақындар  жыры.  Қазіргі  халық  поэзиясы»  (алматы,  1963,  77-82  беттер.)  еңбегі 
бойынша ұсынылды.
Қалихан мен Әбікен (1961).
Қос ақын 1961 жылы, тамыз айының 3-5 күндері алматыда Қазақ сср ғылым 
академиясы  м.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  мен  Қазақстан 
Жазушылар  одағының  ұйымдастыруымен  республика  халық  ақындарының 
мәслихатында айтысқан. Қалихан алтынбаев – семей облысының, Әбікен сарыба-
ев – алматы облысының намысын қорғап айтысқа түскен.
материал «ақындар жыры. Қазіргі халық поэзиясы» (алматы, 1963, 83-94 бет-
тер.) кітабы бойынша берілді.
Таубай мен Аманжол (1961).
таубай Қирабаев – Қызылорда облысы, аманжол Әлжанов – ақмола (бұрынғы 
Целиноград) облысы атынан сынға түскен. айтыс 1961 жылы, тамыз айының 3-5 
күндері алматыда республика халық ақындарының мәслихатында болған.
мәтін «ақындар жыры. Қазіргі халық поэзиясы» (алматы, 1963, 95-103 беттер.) 
еңбегінен алынды.
Қалқа мен Есдәулет (1961).
Қалқа Жапсарбаев пен есдәулет Қандеков алматы және Жамбыл облыстарының 
атынан сынға түскен. 
айтыс «ақындар жыры; Қазіргі халық поэзиясы» (алматы, 1963, 104-114 бет-
тер.) жинағы бойынша ұсынылды.
Кенен мен Есдәулет (1963).
Кенен Әзірбаев пен есдәулет Қандеков – 1963 жылы халық ақындарының Жам-
был облыстық айтысында кездескен. айтыстың мәтіні 1964 жылы 1 ақпанда Жам-
был облыстық «еңбек туы» (қазіргі ақжол) газетінде жарияланған. 
антологиядағы  айтыс  Кенен  Әзірбаевтың  1984  жылы  шыққан  екі  томдық 
таңдамалы шығармалар жинағының 2-томынан (алматы, Жазушы, 47-53 беттер.) 
алынды.
Көкен мен Қалихан (1970).
Көкшетау  облысының  ақыны  Көкен  Шәкеев  пен  семей  облысының  ақыны 
Қалихан алтынбаев 1970 жылы в.и. лениннің туғанына 100 жыл толуына және 
Қазақ сср-інің 50 жылдығына арналған республикалық айтыста сөз жарыстырған. 
материал «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (алматы, ғылым, 1973. 208-212 бет-
тер.) атты кітаптан алынды.

378
Қазақ өнерінің антологиясы
Мұқаш пен Молдабай (1970).
ақындар в.и. лениннің туғанына 100 жыл толуына, Қазақ сср-інің 50 жылдығына 
арналған  республикалық  айтыста  өнер  көрсеткен.  мұқаш  Байбатыров  –  алматы 
облысының, молдабай Жолдыбаев – Жамбыл облысының атынан айтысқан. 
мәтін «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (алматы, ғылым, 1973. 200-208 бет-
тер.) атты жинақ бойынша әзірленді. 
Манап пен Әсімхан (1972).
манап  Көкенов  –  Қызылорда  облысының,  Әсімхан  Қосбасаров  –  алматы 
облысының  ақындары.  екі  ақын  Ж.Жабаевтың  125  жылдық  тойында  алматыда 
айтысқан. мәтін «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» (алматы, ғылым, 1975, 
97-115 беттер.) еңбегінен алынды. 
Көкен мен Әбікен (1972).
Көкен Шәкеев пен Әбікен сарыбаев Көкшетау және талдықорған (қазіргі ал-
маты)  облыстарының  атынан  сынға  түскен.  ақындар  Ж.Жабаевтың  125  жылдық 
тойында алматыда кездескен. материал «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» 
(алматы, ғылым, 1975, 151-157 беттер.) кітабы бойынша дайындалды. 
Мұқаш пен Әсімхан (1974).
айтыс халық композиторы, ақын Кенен Әзірбаевтың 90 жылдық мерейтойында 
болған. мәтін «Халық поэзиясы және бүгінгі өмір» (алматы, ғылым, 1976, 29-36 бет-
тер.) еңбегінен алынды. мұқаш Байбатыров талдықорған (1997 жылы таратылған) 
облысының, Әсімхан Қосбасаров алматы облысының атынан сынға түскен.    
Мүтәліп пен Қалдыбек (1980).
ақындар Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне 1980 жылдың 11-12 маусымын-
да алматыда өткізілген айтыста өнер бәсекесіне түскен. Халық өнерінің бұл салта-
натына 30 айтыс ақынынан басқа, 29 жыршы-жырау, 19 әнші, 17 күйші, 3 қобызшы, 
1 сыбызғышы, 3 биші қатысқан. 
мүтәліп  Қыраубаев  Қызылорда,  Қалдыбек  Әліқұлов  оңтүстік  Қазақстан 
(бұрынғы Шымкент) облыстарының атынан айтысқан. 
мәтін «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағынан алынды.
Қасымхан мен Ғалия (1980).
айтыс Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне 1980 жылдың 11-12 маусымында 
алматыда өткізілген.
Қасымхан  алдабергенов  –  Қостанай  облысы,  ғалия  сейдеғалиева  –  торғай 
(қазіргі Қостанай) облысы атынан айтысқан. антологияға айтыс «Жыр шашу» (ал-
маты, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағынан ұсынылды.
Абай мен Әсімхан (1980).
айтыс Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне 1980 жылдың 11-12 маусымында 
алматыда өткізілген.

379
Айтыс 4 ТОМ
абай асылбаев – талдықорған (қазіргі алматы) облысы, Әсімхан Қосбасаров – 
алматы облысының атынан сынға түскен. мәтін «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 
1982, 168 бет.) жинағы бойынша берілді.
Тілеумұрат пен Қалидолла (1980).
тілеумұрат  Қожабеков  маңғыстау  облысы,  Қалидолла  зекенов  атырау 
облысының  ақындары.  екі  ақын  Қазақстанның  60  жылдығы  құрметіне  1980 
жылдың 11-12 маусымында алматыда өткізілген айтыста кездескен. 
айтыс «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағынан әзірленді.
Жұмаш пен Айтуған (1980).
Жұмаш оспанбекова талдықорған (қазіргі алматы), айтуған Шәйімов алматы 
облысының ақындары. антологияға айтыс «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 
168 бет.) жинағынан ұсынылды.
Шолпан мен Елеусіз (1980).
Шолпан  Қыдырниязова  орал  (қазіргі  Батыс  Қазақстан),  елеусіз  Кенебаев 
ақтөбе облысының атынан Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне арналған айтыста 
сынға түскен. 
мәтін «Бір қыз бен он алты ақын» /Құраст. а.Қыраубаева. – (алматы: Жалын, 
1985) жинағынан алынды.
Манап пен Надежда (1980). манап Көкенов Қызылорда облысының, надежда 
лушникова алматы облысының ақындары. 
айтыс «Бір қыз бен он алты ақын» /Құраст. а.Қыраубаева. – (алматы: Жалын, 
1985) жинағынан ұсынылды.
Көкен мен Бүркіт (1980).
Көкен Шәкеев – Көкшетау (қазіргі ақмола),  Бүркіт Бекмағамбетов – солтүстік 
Қазақстан  облысының  ақыны.  Қазақстанның  60  жылдығы  құрметіне  арналған 
республикалық айтыста өнер жарыстырған. 
антологияға «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағы бойынша 
беріліп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет