«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Надежда:
«Қыз», «би», «сүт» араласқан және «тауық»,
сұрақты үйдіңіз ғой алатау ғып.
ағасы, осы жолғы айтқаныңа,
Көрейін мен әлімше жауап тауып.
ақынның өлең деген перзентіне,
иіген адам түгіл, қара тас та.
Қыздарды қалай ғана кінәлайсыз,
ойында дәнеңе жоқ жырдан басқа.
Жаңаны бір көруге адам асық,
Әркім-ақ бір өнерді қылар машық.
ақшаға жақын кісі, шын айтасыз,
Жастықтың ауылынан тартар қашық.
Жастықтың ала берсін желік есін,
Жаңа би, «ша-ша-шаға» еліктесін.
ракета заманының қыз-жігіті,
Билемес сіз бен біздей, әріптесім.
Қолдары, ақ сандары жарқ-жұрқ еткен,
Жөн көрсе, варьетесін дәріптесін.
Бір сұрақ кермек татып таңдайыма,
Қаттырақ тиіп кетті маңдайыма.
гүл еді – алатауым жасыл кілем,
дачаны жыпырлаттық аздай мына.
ағасы, жан-жағыңа қаран-дағы,
еске ал, құс заводын «тарандағы».
Қалаға етке шауып сарсылғанша,
Жақыннан ала берем барам-дағы.
айтпадың, ақын аға, жөн емес-ті,
Шықтыңыз небір ойдан көкейкесті.

232
Қазақ өнерінің антологиясы
Қорамнан «қи көрмедім» демесеңіз,
соғымға соямыз ғой төбел бесті.
гүлденсін күннен-күнге алабыңыз,
тудан ту жеңе берсін «талабыңыз».
сәлем айт, сыр еліне берекелі,
Қашанда қыста – қызыл, жазда – қымыз!
ал, аға, тойдан тойға кез болайық,
Көбейсін асқақтата айтпағымыз!
Манап:
ақынға асыл қасиет жыр мен өлең,
сайысса, әзіл тастап ілмелеген.
сол үшін қастерлейді оларды ел,
Әу десең, айнала жұрт кимелеген.
ақынға ел бәйгені алып берген,
абырой-атақ, дәріп, даңқ берген.
Бұл айтыс қазағымның ата салты,
ұрпаққа мұра болып қалып келген.
Бұл айтыс – Жамбыл, Кенен, нартай жолы,
Құрметтеп дәріптеуде халық оны.
«Қызыл тіл ― өнер алды» деген бар ғой,
Әркімнің жете бермес оған қолы.
сөз тастап, пікір айттым, надя, шырақ,
Кейде жай, кейде айттық қатаңырақ.
топта озған шын жүйріктің өзі екенсің,
Жол көрген әдеп сақтап, аға сыйлап.
Қойдық та туыстықты, көршілікті,
табысты айтып, сынадық кемшілікті.
Көрініс көлеңкелі болса, мінеп,
Жасайық өлкемізде молшылықты.
ақын боп, өмірге бос келу емес,
Жеңілу, мақсатымыз – жеңу емес.
атынан облыстың келгеннен соң,
намысты бірақ қолдан беру емес.

233
Айтыс 4 ТОМ
Біз емес ежірейіп егесетін,
ақынбыз – шындықты айтып кеңесетін.
ақынбыз – жырға қосқан туған елдің,
торқалы алпыс жылдық мерекесін.
Білмейді біздің көңіл жасуыңды,
асамыз алда талай асуыңды.
өлеңнен өмір сәуле жарқыраған,
Шашайын, халқым, саған шашуымды!
октябрь, ленин берген күнім дарқан,
елімнің ертеңіне сенім артам.
табыспен кездесейік ел тойында,
Қолың бер, жасың кіші, надя қалқам!
1980 жыл.
КӨКЕН МЕН БҮРКІТ
Көкен:
уа, халқым, асыл халқым, асқан халқым,
табысың дариядай, жүзің жарқын!
ассалаумағалейкүм, астанамыз,
Қабыл ал, ұмытпайын ақын салтын.
ақынын ардақтайтын қазақ елі,
дәнменен әнді сүйер барлық жері.
Байлығы асып-тасқан жыр сияқты,
Көрші енді, болмай ақын, болмай сері!
игеріп жерді, енді айды құшқан,
Барлық ұлт аға-іні бір туысқан.
Шашуым – жүрегімнен шыққан жырым,
тойына алпыс жылдық Қазақстан!
Басталар сол байлығым алматыдан,
үздік тұр бар облыс, басқалардан.
табысы шетелге аян, біздер түгіл,
мен кімнен бой тасалап жасқана алам?!

234
Қазақ өнерінің антологиясы
Қарасам, орталықта Қарағанды,
аты да ерте кезден тараған-ды.
Қазағым аты шығып Байқоңырмен,
Космостық ерлігімен бағаланады.
Көп сыр бар – Жамбыл, Шымкент, өскеменде,
өркендер өндірісі өскен елде.
дәл бүгін мұның бәрі жарасады,
Бір кезде түйе мініп көшкен елге.
гурьев, маңғыстау мен Қызылорда,
Балығы, мұнай, күріш біздің қолда.
атасы ақ тарының ақтөбеде,
оралым – байлық құты қалмас жолда.
атасам талдықорған, семейімді,
еріксіз жыр кернейді көмейімді.
Белгілі Павлодар тракторы,
тағы да айтып оны берейін-ді.
Жезқазған – Жәйремымен жарасады,
Бұған кім жас отау деп таласады?!
Болмай ма мың айналсам заманымнан,
өсірген биік қылып аласаны!
егерде айта қалсам егін жайын,
дайын тұр – Целиноград, Қостанайым.
Және бар торғайым мен солтүстігім,
Бөлектеп Көкшетауды тастамаймын.
астықтан зор сенімді ақтаған-ды,
отанның ар-намысын сақтаған-ды.
Біздерді «тың игерген шын батыр!» – деп,
леонид ильич өзі мақтаған-ды.
теңселттім тың даланы табысыммен,
егінде еңбек еттім намысыммен.
Қазағым, құттықтаймын өткен күзгі,
асырған миллиард пұт табысыңмен!

235
Айтыс 4 ТОМ
алпысқа абыройлы келгеніңмен,
Жазбаймын қия басып көргенімнен.
туған жер кіндік кескен – Қазақстан,
тағы да құттықтаймын орденіңмен!
иесі төрт орденнің Қазақстан,
Жаңылмас Қазақстан сол табыстан.
астығың асып шықсын биыл тағы,
Біз-дағы құр қалмаспыз бұл алғыстан.
Көкшенің миллиардта күресі бар,
Жүз қырық үш миллион пұл үлесі бар.
ақыны солтүстіктің, ең алдымен,
айтыспай тұрып, бізге ілесіп ал!
«өмірдің өлең деген айнасы деп»,
Жақсыны жария етудің пайдасы көп.
Қос тойға жырдан шашу шашу үшін,
Шақырды астанамыз «қайдасың» деп?
Халыққа ұсынайық өлең гүлін,
Білгенге, өлең – өнер, өлең – білім.
тықыршып кезек күтіп сен отырсың,
Жырлай бер, домбыра ал да, Бүркіт інім.
Бүркіт:
мен бұрын көрмегенмін жетегіңді,
Кім білсін шарықтап бір кетерімді.
Көкшетау бізді сынап жатқан жоқ қой,
сондықтан жырлаймын өз мекенімді.
алтынға асыл ғасыр баланатын,
теңейміз күн нұрына балап атын.
туымыз, ұранымыз – бейбітшілік,
соғыстың көрсетпесін жаманатын.
өлеңге шаршы топта тартынбағам.
Әндетіп, той-думанда жарқылдағам.
өйткені ақын халық ұрпағымын,
Ән мен күй, өлең-жыры сарқылмаған.

236
Қазақ өнерінің антологиясы
сөз берді, домбыраны қолға алайын,
естілсін қоңыр даусым, ән салайын.
алпыс жыл асқарында қазақ елі,
Жиырма өзек етіп толғанайын!
дестелер сары мұртты алтын өрген,
Шаттанды шабытты еңбек оны өсірген.
облыс астық алды өткен жылы
Әр гектардан он сегіз центнерден.
ренжіп батқанына қысқа күннің,
санаулы әр сағаты нұсқа күннің.
Шам жағып бара жатыр қыр кемесі,
еңбек ері – төлебай мұстафинның!
елімде орасан көп ұлы ісім,
Қарқындап өрге басты құрылысым.
«сәулет сай – дәулетіме» дегендейін,
Көкенге Қызылжардың жырын ұсын!
Қырлардан қырман көрсек көңіл толып,
ордасы – тыңым думан ырыс қонып.
Жыл сайын сол байлықты жиған ерлер – 
ладиган, Батура мен заяц, ионов.
Көкен:
мен едім көкшетаулық Көкен ақын,
өнерге он жасынан болған жақын.
талайлар тайқақтап ед айтысқанда,
саған да тап осы жол кетпес хақым.
сөз айтқан сахнада салихалы,
семейлік білуші ме ең Қалиханды?
Көрінген күрескенде «күштілігім»,
Бас тартпан әкелсең де дариқаңды!
айтысқам жетісулық Әбікенмен,
Әзірге ешкімнің жоқ әлі келген.
Қалмай ма тұлпар түгі аунағанда,
Ән мен жыр келіп едім Көкше елінен.

237
Айтыс 4 ТОМ
айтыстың өнегесін Біржан берді,
үйретті сол айтысқа басқа елді.
алматы өз үйімдей болып алды,
сайысқа шықтым, міне, буып белді.
Көкшетау ежелден-ақ ақын елі,
сонда өсті өзіміздің ақан сері.
үкілі ыбырай мен Балуан Шолақ,
Бәрінің қызық, думан жүрген жері.
Бертінде көзге түсті Шәкен ақын,
ауылдас, туыстығы бізге жақын.
солардан үлгі-өнеге үйренгенмін,
Кешірші, ағат кетсем батып тақым.
Әттең, сен, жасы кіші баласың ғой,
Шаңыма ілесе алмай қаласың ғой.
Бурадай шайнап салып отырар ем,
Кездессе өзім теңдес, жарасып ой.
Білемін барлық сырын Қызылжардың,
өйткені, ақын іздеп талай бардым.
Көргенмін ахметжан, игібайды,
үлгі алған інісімін мен солардың.
Көкшеге лайықты сайланғанмын,
өзімді сан айтыста сынағанмын.
асты алтын, үсті де алтын Көкшетаудың – 
Жауабым, «ел қалай?» деп сұрағанның.
Көкшенің даласы – дән, тасы да алтын,
Көркейткен отанымның салтанатын.
«ерге сын – егін жинау» деп атаса,
еселі еңбегімен өскен қарқын.
Қосылған миллиардтың есебіне,
мөлшерді есептемей кешегіге.
астығын Қазақстан төртке бөлсе,
Біреуі «көкшетаулық» деседі де.

238
Қазақ өнерінің антологиясы
үлесі үстемелі жыл-жыл сайын,
орындап жоспардағы ет пен майын.
Жобасын Компартиям сызып берген,
іспенен орындауға халқым дайын!
Бұларды орындайтын кімнің күші?
алыптай аңыздағы емес кісі.
елімнің еңбек, бірлік, ынтымағы,
Бастаушы ұлы совет Коммунисі!
алпыстың елім келді асуына,
табыспен халқым тойға асығуда.
арқауы адамзаттың алтын астық,
арналған осы тойдың шашуына.
егерде, ерлер ісін берсем талдап,
Қағарсың таңдайыңды өзің таң қап.
Жыл сайын жаңа табыс, жаңа ерлер,
айтайын мыңнан бірін асқан саңлақ.
есілбай Қадырәлин соның бірі,
табысы жиырма жаста болды ірі.
орденді тракторшы жиырма бірде,
еліміз еңбегінен білді мұны.
Жиырма екіде ссср депутаты, 
аталды құрметпенен оның аты.
гдр мен Бирма барды жиырма үш жаста,
өмірі көтерілген бейне саты.
Хатына «бейбіт өмір» қолын қойды.
Көркейтер білім ойды, еңбек бойды.
Қазірде жұлдыз тақты еңбек ері,
Қарсы алды отыз жаста осы тойды.
Бірнеше орден, медаль таққан тағы,
толықсып кемеліне келген шағы.
мүшесі Коммунистік партияның,
дейді ол: «ердің бағы ― елдің бағы!».

239
Айтыс 4 ТОМ
Бүркіт:
ұнады, Көкен аға, толғанысың,
Кей жайды баяндадың болған ісін.
түсінбей тұрғаным тек мынау ғана,
Көрші боп қайда берген қолғабысың?
Басқа сөз ұқсастықтан жоқ па дайын?
ойлап ем олқылыққа тоқтамайын.
Қазбалап қоймадың ғой, Көкен аға,
мен-дағы кемшілікке тоқталайын.
өркенді өлкеңізді гүл санадым,
Кей жайды еліңізге мін санадым.
«Көкшетау правдасы» газетінің,
Қайтемін тізе беріп «сын садағын».
Болмайды қалайша бұл таңдануға,
Көкшетау кейін кеткен мал бағуда.
дімкәсі ірі қара толып жатыр,
рузаев, ленинград ауданында.
Көз ашу қиын болды сылтауыңнан,
ештеңе табылмайды жалтарудан.
Щучье фабрикасы өнім алмас,
сегіз құс фермасының алтауынан.
Көке аға, домбыраны қолға алып ал,
айтайық жақсылықты, толғанып ал.
Көкшетау облысын көргенімде,
осындай кемшіліктер болғаны бар.
айтыста арқам қозып жайтаңдаймын,
Көрсетпей өнерімді қайта алмаймын!
Фашистен беті қайтпаған, қайсар аға,
Қаймықтырам сізді деп айта алмаймын.
Көкен:
Білемін ерлеріңді маған таныс,
Бөлініп, бөлшектеніп баспа шалыс.
үйіңді жекеленіп шетке салма,
Келмей ме бірлікпенен жеңіс, табыс?

240
Қазақ өнерінің антологиясы
ортақпыз ер ісіне тегіс жалпы,
ерлерді «ел ұлы» дер қазақ салты.
Барлығын тізім жасап атамадым,
Болған соң түгел батыр Көкше халқы.
не керек, ақын сөзі шын болмаса,
Әзілмен қағысайық тым болмаса.
Басыма секіресің, мін айтпасам,
сөзіміз нәрсіз болар сын болмаса.
сын болды өткен орақ сендер үшін,
Жинадың қар жауғанша келмей күшің.
Кей жерде алынбаған егін де бар,
Бірақ та оны айтпаймын, ішің білсін.
Біздерден қырық үш миллион кемге соқтың,
дестені су қылып ап, жемге соқтың.
Жетіп ең Көкшетауға қай уақытта,
емес пе арасындай жер мен көктің?
«алматы» совхозының аты жақсы,
механизатор кадрлар неге тапшы?
Бір емес, алпыс адам жетіспейді,
совхоздың басшылары нені бақты?
мақтар ма «керемет» деп тұрмысыңды,
түзелмей салдыр-салақ құрылысыңды.
ақша жеп «дзержинский» совхозында,
Казарян ашып берді қылмысыңды.
Жолдастар «тораңғылдық» тыңда дейді,
директоры анатолий Пунда дейді.
Бітпеген бес жыл бойы бір база бар,
«сақалды» кәрі құрылыс мұнда дейді.
үкімет қаулы алды тойға арнап,
өндіріс байлық жолы талай тармақ.
Қазақстан тойына алпыс жылдық,
Әркім-ақ өз табысын алып бармақ.

241
Айтыс 4 ТОМ
Шыныңды айт, оқыдың ба қаулы жайын?
мініңді тұнжырайсың айтқан сайын.
Халыққа коммуналдық қызметің,
ақыным, дей алмаймын, сенің дайын.
ауданың сергеев пен Бескөліңде,
тұрмыстық қызметің өскені ме?
Халыққа костюм түгіл көйлек тікпей,
«Жарасар шекпен киген» дескені ме?
тілеймін, саған еңбек, өнер-білім,
Қабыл ал, ағаң айтқан сөздің сынын.
торқалы тойға арнаған сөз сайысын,
осымен тоқтатайын, Бүркіт інім.
Бүркіт:
ақынды сыйлап өтер халқы деймін,
Халықты сыйламаған жалқы деймін.
Көп сөзді өзіңізге айта алмадым,
«ағаны сыйлау – іні салты» деймін.
дәуірдің ақындары айна сынды,
айтысты нұрлы заман алға ұсынды.
менімен жас санаспай айтыстыңыз,
арнаймын менде сізге алғысымды!
1980 жыл.
АҚТАН МЕН КӨЛМАҒАМБЕТ
Ақтан:
алтайдың ақиығы ақтан едім,
Халқымның қолғанаты, мақтаны едім.
тасқындап тау суындай таусылмайтын,
Жырлауға дариядай аққан едім.
елімнің сөзін сөйлеп, жырын жырлап,
Жұртымның төрге төсер мақпалы едім.
ешкімге егес сөзден есе бермей,
Қарулы қарсыласқан қақпан едім.

242
Қазақ өнерінің антологиясы
сен-дағы көрсет аяқ алысыңды,
Кезекті енді сіздің жаққа бердім.
Көлмағамбет:
айтқанда жерім жайлы, халқым жайлы,
ініңіз іркілмейді, алқынбайды.
Байлықтың көзін тауып ғалымдарым,
Балқаш пен Қоңыраттың даңқын жайды.
Жерімде мың ғасырдың нәрі де бар,
тасымда таптырмайтын дәрі де бар.
ақшатау, Жамбылым мен ақтастыда,
Космостық металдардың бәрі де бар.
несіне, ақын аға, бәстесемін,
сұрасаң бар металдан септесемін.
Жезқазған өзі жалғыз бір құрылық,
Жерімен жеті облыс шектесемін.
Бар бізде еліміздің ең керегі,
Бір шахтым облысыңдай кен береді.
одақта түсті металл туын тіккен,
Жәйремім екі алтайды өңгереді.
ақыным, қиындайды халың әлі,
Біздерде жезден де алтын алынады.
мырыш пен молибденнің қазынасы,
Көктіңкөл комбинаты салынады.
сөзімді мына менің өрт пе дейсің,
ағажан, неге атыңды ерттемейсің?
Байлығы түгесілген алтайыңның,
Жер астын дұрыстап бір зерттемейсің.
аузыма бүгін жұртты қаратайын,
Жүйріктей домбырамды жаратайын.
Қаныштай ғұламадан бастап тұрып,
мен бәрін білгірлерді таратайын.
Шығады Жезқазғанның атағы әлі,
Әлемге тарап оның жатады әні.

243
Айтыс 4 ТОМ
«Жезқазған комбинаты» деген алып,
сәтбаев есімімен аталады.
етейін білгенімді мен жария,
Білмесең құлағың сал, сен қария.
Қаныштың басып кеткен іздерінен,
ағады сары түсті кен дария.
таситын дарияның кезі келді,
тепкілеп, жүгіреді жезі жерді.
данышпан ағам менің сан кеншіні,
оқытып, білім нәрін өзі берді.
Жайым жоқ сенен ғалым сұрап алар,
Қазақтың мақтанышы бұл ағалар.
машанов, ешпанов пен Байқоңыров,
Жезқазған дәрпін жайған ғұламалар.
ақыным, қарсыластың пенделікпен,
тосылар тосқауылды мен де күткем.
өскемен аты дардай болса-дағы,
ғылымнан қалып қойдың сен неліктен?
мен сенен, ақын аға, қалдым ба бір,
Күміс көл, тауым да өлең, шалғын да жыр.
Қос сыншы Қаратаев, Қирабаев,
Әдебиет майданының алдында жүр.
Ақтан:
Шуақты шығыс жері шұғылалы,
өзені мен тау-тасы құбылады.
Көкорай белуардан жасыл шалғын,
ақмарал, еркін өскен бұғылары.
саф ауа, самал желді атырабы,
етектей балдырғанның жапырағы.
үзіле бұраңдаған бәйшешегі,
мейманды күндік жерден шақырады.
Білектей саумалдығы желбіреген,
Бармақтай қарақаты мөлдіреген.

244
Қазақ өнерінің антологиясы
алтайдың қойны толы жеміс-жидек,
уыздай ауызға алсаң, үлбіреген.
Жаудырып қырқа белден қызғалдақтар,
Билейді мың тақия, жүз балдақтар.
Көк торғын, жасыл манат көрпе астынан,
ағады сылдыр-сылдыр мұз бұлақтар.
сыңсыған жасыл орман, ну қарағай,
тіккендей жасыл ала ту жағалай.
самырсын, балқарағай, қайың, терек,
теңселеді балағын су сабалай.
Көңліне таңғы шықтан көл тұндырып,
ашып сап омырауын желпіндіріп.
Жатады көк майсада келген қонақ,
мойылдың бұтағына бөркін іліп.
тәкаппар мұзтау сері өр қараған,
Шыңына шыққан жаннан шер тараған.
өңірі өзендермен өрнектеліп,
ақ ерке ақбұлақпен бел ораған.
Жаңғырған аңмен, құспен далалары,
Көзге әсем тау мен тастың салалары.
Қойнында әр жотаның тұп-тұнық көл,
сынаптай тербетілген шарадағы.
таутеке, елік, ешкі, арқар, құлан,
ойнақтап топ-тобымен тартар қырдан.
орманда аю, барыс, борсық, түлкі – 
арқаның қай бейнесі артар бұдан?
Көргенде табиғаты тамсандырған,
Жер-ана өр алтайды дарқан қылған.
дәлелді тура сөзге тоқталасың,
өзің де көріп қайттың шет жағасын.
Жетер ме арқа алтайға, ары барсаң,
селеу мен сексеуілге мақтанасың.

245
Айтыс 4 ТОМ
Кенді алтай иса ақынның қалағаны,
нақ сұлу көркіне көз қадағаны.
Көңілге жылы сезім ұялатар,
арқаның айтысуға жарағаны.
Қолға алып домбырамды сабалайын,
сөзіме құлағыңды сал ағайын.
ақмарал, кербұғыны кербез тентек,
үйреттік қолға ол да енді мал, ағайын.
Басында бір бұғының санап көрші,
арқаға біткен бүкіл шала қайың!
сол мүйіз дертке шипа, денге – саулық,
Жасарар сөлін ішкен баладайын.
Пантының тең жартысын одақ бойы,
Береді жалғыз Қатонқарағайым.
тағы бір артық табыс, мақтанышым –
теңі жоқ терісінің аң, ағайын.
түлкі мен бұлғын, құндыз асыранды,
тиын мен суыр алуан сан, ағайын
Келінге жанат жаға, құндыз бөрік,
Қалағаның бар болса, ал, ағайын.
атақты сапасымен алтай балы,
алтай балы барша астың бал-қаймағы.
Балауызын балымен сорсаң бірге,
денеңнен жел-құз қашар қай-қайдағы.
мүйіз сөлін ішкендер, бал жегендер,
Жүз жаста қару қайтып қартаймайды.
мен келдім шұғылалы өскеменнен,
Бақыты, байлығы да өскен елден.
Кенді алтай керегесі кенге толы,
түгелдей менделеев кестелеген.
Қойнауы – алтын, күміс, қола, мырыш,
даласы ақ бидайға дестеленген.
санына төрт түліктің жете алмайсың,
асқанда алты қырдан, бес белеңнен.
толықсып төрт бұрышым тең тұрғанда,
Қалайша Жезқазғанға дес берем мен?
облыста он бес аудан, алты қала,
сексен бес совхозымның салты дара.

246
Қазақ өнерінің антологиясы
Жиырма колхозбенен он комбинат,
Шығыстың тоғыз жүз мың халқы ғана.
Шығысқа қолы жеткен «жетем», – дейді,
Байлық пен дәулет нені көтермейді?
алтайдың аясында қол ұстасып,
Бір отау, елу алты ұлт мекендейді.
Көлмағамбет:
аңқау шал, ауа сөйлеп жайыласың,
Білмедім айтқаныңның қай расын.
сен неге өскемен мен Жезқазғанды,
Бір ана бауырынан айырасың.
Кемітсең, орындалмас ол есебің,
мен бүгін өзіңмен де теңесемін.
леонид ильич пенен димаш аға,
Болжады Жезді өлкенің келешегін.
Баласы елу ұлттың араласып,
Кеншілер кен қабатын алады ашып.
техника прогресін қолданған соң,
табысым күннен-күнге барады асып.
аз емес, алты жылда өңгергенім,
Жарыста саған бәйге мен бермедім.
Жылқыбай, смағзұмдай – балқытушым,
Бар және Қазымхан мен дембергенім.
Біздерден сенде озат артады ма,
Балқымаң бізден ауыр тартады ма?
сары мыс уыстаған оразалым,
нина мен Жолдасбайым бар тағы да.
Көрсең сен, кен тасқыны – мол ағынды,
түзетіп алар едің олағыңды.
одақ пен республика жарысының,
осылар бастаушысы бола білді.
табысым осылармен ағылады,
Шақырып ерліктердің дабыл әні.

247
Айтыс 4 ТОМ
депутат, делегат та, еңбек ері
солардың ортасынан табылады. 
ақыным, менен асып шалқымадың,
мысты да менен артық қалқымадың.
лениннің тойына біз смен сайын,
Береміз ең ауырын балқыманың.
Көзіме сені, ақыным, әлі ілмеймін,
өрлесін енді менің әнім деймін.
төрт жылдың өнеркәсіп жоспарларын,
орындап шығамыз деп мәлімдеймін!
Болған соң, жерім байтақ, көл-көсірмін,
Кен қазып, малды бағып, кең көсілдім.
Бесжылдық жоспарын да орындадым,
алтын дән жүз елу мың пұт мен өсірдім.
ақыным, мол өндіріп етті де біз,
Жүнді де вагон-вагон өткіземіз.
он жылда облыста қойдың санын,
енді екі миллионға жеткіземіз.
ақыным, сіз сияқты мен үшін де,
айналған мал өсіру төл ісіме.
Шыққанда көріктенер дала төсі
Қойлары еділбайдың өрісіме.
Әрине, таң қаласың малға мұндай,
Қойлары еділбайдың арманыңдай.
отардан таңдап алған қос саулығың,
өлшесең бір тоқтымның салмағындай.
сатанның сайсың ба сен атағына,
Келмейді бір шопаның қатарына.
депутат, еңбек ері, бригадир,
Әйгілі болып отыр отаныма.
табыстың таудай үйіп қазынасын,
Бөлеген мол ырысқа жазирасын.

248
Қазақ өнерінің антологиясы
оқып жүр астанада партмектепте,
атақты аға шопан Қазинашым.
Құштармын жаңалыққа, қиынға да,
Жастарым қойға келді биыл да.
Бір ғана ақтоғайдай ауданымда,
Бар екен отыз жеті бригада.
Бұдан да салғырттығың көрінеді,
Жастарың шопандықтан жерінеді.
Шалдыққан дәл өзіңдей шалдар баққан,
отарың қалайынша семіреді?
өсіріп Жиделінің сәйгүлігін,
Бәйгенің алып жүрміз сан қиынын.
Жылқым бар кілең тұлпар, көк алалы,
төскейде ойнақтатқан тай-құлынын.
еңбектің ерлеріміз біз бүгінгі,
Жарыста босатпаймын тізгінімді.
самедтей жылқышым бар төрт жыл бойы,
өсірген жүз биеден жүз құлынды.
сіз-дағы өсіресіз жылқы малын,
саууға жетпес бірақ ынтымағың.
мен болсам жайраң жазда наушагүлдей,
сапырып сары қымыз құлпырамын.
Бар ұлтым бал қымызды етті нәсіп,
мен сізден бұл жерде де кеттім асып.
ағатай, ауылға кел, шөліңді бас,
сусында ұялмай-ақ бетті басып.
Жерім жоқ облыста түлетпеген,
Жасымның жаңалықсыз күні өтпеген.
Қыздарын білесің бе, ақын достым,
Әйгілі бригаданың «Жібек» деген.
ерліктен қарындастар қалыспаған,
нық басып үнемі алға қарыштаған.

249
Айтыс 4 ТОМ
даңқты осылардай бір қызың жоқ,
сіз түгіл, оған мен де намыстанам.
Жері құт Жезқазғанның қойнауының –
айтуға реті бар тойда мұның.
одақтың туын былтыр жеңіп алды,
сәтбаев деген жаңа қойлы ауылым.
ағажан, сөзден мені ұтасың ба, 
өскемен мақтайды екен бұтасын да.
ал біздің «Просторный» заводының,
Қос-қостан медалі бар бұқасында.
демеңіз бұл сөзімді құр кекесін,
Көресің, көрмей жүрсең, жыр көкесін.
өзіңе жарты ай тамақ болар еді,
сыйласам бір өгіздің бір шекесін.
«Красная поляна» бұ да күшті,
Көрген жан сиырымен құрақ ұшты.
алматы көрмесінде өскеменнің,
Қызығып бар маманы құда түсті.
терісі қызыл күрең түк болады,
Желіні тарам-тарам жік болады.
Бір жылғы сүт сиырдан жеті тонна –
өзіңдей бес жүз шалға жүк болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет