«Кейіпкерге хат» әдісі
Мәтінмен танысып, мәтін кейіпкеріне өз сезімін білдіру.
Оқушы мәтінді өз бетінше таныса отырып, мәтін кейіпкеріне өз сезімдерін білдіруге үйренеді.
Мағынаны тану, «Ойтолғаныс» бөлімдеріне қолдануға болады.
«Бірін-бірі оқыту» әдісі
Топқа бөлу, Абзац бойынша іштей оқу, әр топ өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды. Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді.
Мағынаны тану, «Ойтолғаныс» бөлімдеріне қолдануға болады.
«Семантикалық карта» әдісі
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталауға дағдыланады. Сабақтың 3 бөліміне де қолдануға болады.
«ДЖИГСО-2» әдісі
Топқа бөлу
Топты рет саны бойынша нөмірлеу
Мәтінді бөлікке бөлу
Нөмір бойынша топ құру
Мәтіннің әр бөлігімен топта танысады.
Үйренгенін өз топтарына келіп, талдайды.
Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір-біріне үйретеді,ұжыммен жұмыс істеуге үйренеді.
Мағынаны тану, «Ойтолғаныс» бөлімдеріне қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |