(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша
Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
Отан Аялаған өз елің, Отан – биік тауларың
Отан – шексіз кең дала, Жасыл бағың, бауларың Көк шалғының, аунағын.
Дескрипторы:
Эпитеттің ережесін еске түсіреді.
Берілген өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
(Т) «Кластер» әдісі бойынша
Отанға қызмет ету дегенді қалай түсінесің? Ойыңды сызба түрінде топтастырып жаз.
Дескрипторы:
Сұрақ төңірегінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.
Қорытынды ойларын топтастырып жазады.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды уақыт жеткілікті болса, өз қалауынша орындата алады. Онда берілген тапсырмалар оқулықта алған білімдерін әрі қарай толықтыруға арналған. Бекіту жұмысы ретінде де пайдалануға болады.
|