«Түсініп оқы» айдары
«Қателескен мұғалім» әдісі. Мұғалім өлеңді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.
Саралау
Барлық оқушылар өлеңді мұқият тыңдайды. Көптеген оқушылар қатені табуға қатысады.
Тиімділігі: оқушылардың тыңдалым дағдысы дамиды. ҚБ: қатені көп тапқан оқышыны мадақтау.
(ТЖ) «Мозайка» әдісі. «Мозайканың» басымдылығы – оның топтық жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.
Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа
Дәптер
Кесте
тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |