«Ақынның Отан туралы түсінігі сенің ойыңмен ұқсас па?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, «Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.
(Ж) Дәптермен жұмыс.Оқулықтағы «Отан» өлеңінің мазмұны бойынша үлгіге қарап, Отан сөзіне кластер жасайды. Қазақстан Республикасының астанасы туралы «бес жолды өлең» жазады.
Дескрипторы: Өлең мазмұнына сәйкес «Отан» сөзіне кластер жасайды.
«Астана» тақырыбына бес жолды өлең жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.