Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет108/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   290
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован

Оқушылардың басым бөлігі: Ойын ережесін құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты ойларын эссе арқылы бере алады.

Бағалау критерийлері:

Сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды пайдаланады.

Сөйлеу барысында көрнекіліктер, таныстырылымлар қолданады. Шығармашылық жұмыс жасап үйренеді.



Құндылықтарды дарыту

Көпшіл және жылы шырайлы болу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

Ұлттық ойындар туралы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту (Ұ) Шаттық шеңбері

«Дөңгелене тұрайық, Киіз үйді құрайық, Кереге болып керіліп, Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық», – деп балалардың бір ортақ шеңберде қол ұстасып тұрып, өзара жақсы тілектер айтуларына мүмкіндік тудырған соң сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. (МК)«Ойқозғау» әдісі бойынша «Ұлттық ойындар және олардың қазіргі таңда маңызы қандай?» деген тақырыпта ойларын ортаға салуларына мүмкіндік тудыру.

Дескрипторы: Оқушылар тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салады.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі

(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша оқулықта берілген суреттерді негізге ала отырып: «Қай ұлттық ойындардан спорттық жарыстар өткізіледі?Басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Дескрипторы: Сұрақтардың жауабын дәлелдермен негіздеп айтады.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі





Ортасы

Мағынаны тану

(Т, Ж) «Бірлесіп орында» айдары бойынша «Орамал тастау» ойынын ойнайды.

Дескрипторы:

  1. Іштей оқып, ойын ережесін жұбына түсіндіріп айтып береді.

  2. Екі топ болып ойнайды.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі

(Т) «Орында» айдары бойыншаоқушылар «Хан ойыны» атты таныстырылым жасап, оны қорғайды.

Дескрипторы:

  1. Ойын шартын түсініп оқып, танысады.

  2. Бұл ойын барысында ойыншы қандай болу керектігін сипаттайды.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі

(ЖЖ) «Пікіріңді айт» айдары бойыншаәр жұптағы оқушылар төмендегі сұрақтарға қатысты пікірлерін айтады.

  1. Асық ойындарын ойнап көрдің бе?

  2. «Хан» ойыны ертедегі ұлттық ойын екенін қалай дәлелдер едің?

  3. Қазіргі кезде не себепті асық ойындары сирек ойналады? Себебінтүсіндір.

Дескрипторы: Сұрақтарға толық, нақты жауаптар беріледі.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет