Аты-жөні Е. Өтетілеуұлы
Туған жылы 1938 – 2006 ж.ж.
Туып-өскен жері Ақмола (Нұрсұлтан) қаласында
дүниеге келген.
Шығармалары «Алақай» жинағы
Ақпарат Ақын
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары бойынша
«Біз – қазақ баласы» атты өлеңді оқушылар шумақтарға бөліп оқиды. Әр шумақтан соң талдау жасалып, мағынасы ашылып отырады.
Дескрипторы:
-Сауатты, мәнерлеп оқиды.
-Мазмұнын түсінеді.
(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша «Мирас», «Білген ат бағасын» деген сөз тіркесінің мағынасын ашады.
Мирас – атадан әкеге, әкеден балаға қалатын мұра.
Білген ат бағасын – бұл жерде жылқы малын жақсы көрген деген мағынада.
(Т, МК)«Сұрақ-жауап» әдісі
Өлең кейіпкері өз ұлтының қандай мұрасын мақтан еткен?
Өлеңде аталар мирасы туралы не айтылған?
Мақсаты: Осы сұрақтардың жауабын топ болып іздейді. Әр сұрақтың мүмкін жауаптарының бәрі қарастырылады.
Мұғалімнің көмегімен ортақ шешімге келеді.
Тиімділігі: Оқушылар сұрақтың мүмкін жауаптарының барлығын қарастырып, ой елегінен өткізіп отыру дағдыларын арттырады.
|