(Т) «Анықта» айдарыарқылы төмендегі сұрақтарды талдау ұсынылады:
Мәтіндегі бас кейіпкері - кім деп ойлайсың?
Автордың негізгі ойын қай кейіпкерлердің сөзінен табуға болады?
Оқиғаның басталуын білдіретін сөйлемді тап.
Басталған оқиғаның дамуына не себеп болды?
Суретте оқиғаның қай сәті бейнеленген?
Тақырыпқа қарап мәтіннің соңын қалай болжар едің? (Мәселе оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі
емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді түрде Ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болуға тырысыңыз).
– Мына сөйлем оқиғаның қай кезеңін білдіреді: «Әлгінде ғана өз ойларымен арпалысып, Талғатқа іштей өкпелеп тұрған құрдастар көңілденіп сала берді...»