«Тыңда» айдары
- Экологиялық мәселелер шешілмесе, не болуы мүмкін? Мәтінді тыңдаңдар.
Судың ластануы
Ластануға судың барлық түрі (мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары) әртүрлі дәрежеде ұшыраған. Сулардың ластануы суқоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері,т.б.) жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30 миллионнан 50 миллион тоннаға дейін мұнай төгіледі.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дамыған елдердің 20% пайызы әртүрлі аллергиялық аурумен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да – өкпе ауруларының бір себебі.
Экологиялық мәселелер шешілмесе, не болуы мүмкін? Өз тарапыңнан не қосар едіңдер?
«Ойлан» айдары
- Өз тарапыңнан не қосар едің?
Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар кітаптағы суреттерді басшылыққа алады.
|