кестені толықтырады
Аты-жөні Сұлтан Қалиев
Туған жылы 1943–2018
Туып-өскен жері: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Шығармалары: Сыныққа сылтау, Ғажайып тас,
т.б.
Ақпарат Шығармалары негізінен балаларға арналған
«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша «Қандай болып өсеміз?» өлеңі оқылады.
(Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына да болады.
«Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы өлеңнің мазмұнына талдау жасалып, негізгі ойы анықталады)
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету
Кесел – ауру, сырқат, дерт
Құштар болу – жақсы көру, құмарту
«Ізден» айдары
Өлеңнің негізгі ойы болатын шумақты тауып, оқы.
«Бағала» айдары
«Төрт сөйлем» тәсілі
Пікір. Тыңдаған өлең бойынша өлеңдегі кейіпкерге баға беріп, бір сөйлеммен жазады.
Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
- Өздерің құрастырған ертегінің қай кейіпкері ұнады?
|