Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.
ҚБ: үй тапсырмасын дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау.
«Ойлан» айдары
Оқулық
Суретті пайдаланып, ұйқас сөздерді табыңдар. «Ұшты-ұшты» ойынын ойнаңдар.
Үлгі: тарақ – парақ.
«Пікіріңді айт» айдары
Ғарышқа ұшқан жануарлар туралы не білесіңдер?
ҚБ: оқушылар ойын тыңдап, дұрыс жауап иелерін мадақтау
Ортасы
Мағынаны тану
Оқушы ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару үшін, Ютуб желісінен алғашқы ұшқыш иттер туралы бейнебаян көрсетуге болады (0:30 секундтан бастап). Содан соң тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин туралы айтып өтіледі.
«Тыңда» айдары бойынша электронды құралдан тұңғыш ғарышкер туралы қосымша деректерді тыңдайды. Оқушылар өздері білетін мәліметпен толықтырады.
«Түсініп оқы» айдары
«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша «Аман қайтып кел, Звездочка!» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі. (Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына болады. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады).
«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Ғайып болу – лезде жоқ болу
Ғарышайлақта қай мамандар жұмысістейді?