Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет257/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   290
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтінді бөліктерге бөліп, бөліктері бойынша жоспар құрады.

Оқушылардың басым бөлігі: Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз сезімдерін жүйелі жеткізе

алады.


Бағалау критерийлері:

Мәтінді бөліктерге бөліп, бөліктері бойынша жоспар құрады. Шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Тақырыпқа қатысты сезімдері жайлы айтады.



Құндылықтарды дарыту

Көпшіл және жылы шырайлы болуға баулу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен https://youtu.be/DhCCQ7h5wPQ бейнебаян

тамашалау



Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

Ғарыш туралы біледі, ұшқыштар туралы білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.

ҚБ: үй тапсырмасын дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау.

«Ойлан» айдары

Оқулық




Суретті пайдаланып, ұйқас сөздерді табыңдар. «Ұшты-ұшты» ойынын ойнаңдар.



Үлгі: тарақ – парақ.

«Пікіріңді айт» айдары

Ғарышқа ұшқан жануарлар туралы не білесіңдер?



ҚБ: оқушылар ойын тыңдап, дұрыс жауап иелерін мадақтау




Ортасы

Мағынаны тану

Оқушы ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару үшін, Ютуб желісінен алғашқы ұшқыш иттер туралы бейнебаян көрсетуге болады (0:30 секундтан бастап). Содан соң тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин туралы айтып өтіледі.



«Тыңда» айдары бойынша электронды құралдан тұңғыш ғарышкер туралы қосымша деректерді тыңдайды. Оқушылар өздері білетін мәліметпен толықтырады.

«Түсініп оқы» айдары

«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша «Аман қайтып кел, Звездочка!» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі. (Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына болады. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады).

«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Ғайып болу лезде жоқ болу

  1. Ғарышайлақта қай мамандар жұмыс істейді?

  2. Ғарышкеменің ұшу сәтіндегі сипатын тауып, оқып бер.

  3. Ю. Гагариннің көңіл күйі қалай өзгерді? Дескриптор:

Сұрақтарға белсенді жауап береді.

ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет