Үйге тапсырмасын тексеру: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрып жаз.
ҚБ: оқушылар бірін-бірі бағалайды
Ширату: «Сен жалғастыр» ойыны. Ойынның мақсаты: Басталған ойға ой қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. Мұғалім (оқушы) алғашқы сөзді айтады, ал оқушылар оны
аяқтайды. Мысалы, «Мен қалаймын, ....», «Менің арманым, ....». Оқушылардың ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берген дұрыс.
Ортасы
Мағынаны тану
«Түсініп оқы» айдары
«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша «Жеті түсті желбір гүл» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі.
(Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына да болады.
«Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады)
(Т) «Болжау» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды талдау ұсынылады:
Женя енді қандай тілек айтуы мүмкін?
Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?
(Мәселе оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болуға тырысыңыз)
Дескрипторы:
Сұрақтарға белсенді жауап береді.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.