|
«Есіңе түсір» айдары
|
|
Өтірік өлеңнің мазмұны өмірде болмаған, қиялғажайып
|
оқиғаларға толы болады. Өтірікке құрылған ертегі көп. мысалы,
|
тазша бала, Алдаркөсе – өтірік айтудың нағыз шебері. Қазіргі
|
ақындар шығарған күлдіргі, қиыннан қиыстырылған өтірік
|
өлеңдер көбінесе балаларға арналып жазылады
|
«Тыңда» айдары (аудиодискпен жұмыс)
|
4. Өтірік өлеңдерді тыңда.
|
– Балалар, өтірік өлең құрастыру, әрине, оңай емес.
|
Мұндай өлеңдерді оқығанда қызығып, таңданасың. Басқа бір
|
ғаламшарға, ертегі еліне тап болғандай сезінесің.
|
Мына өтірік өлеңдерді тыңда.
|
Бiр жасымнан жұмысқа орналастым,
|
Қазанның қақпағына тамақ астым.
|
Қазанымды басыма киiп алып,
|
Өрт шығарған қақпағын ала қаштым!
|
***
|
Бiр күнi дәл алдымнан айна көрдiм,
|
Бос айнаға қарауды пайда көрдiм.
|
Қарасам, қарсы алдымда көкжелкем тұр,
|
Ойладым «Мұндай адам қайда көрдiм!»
|
***
|
Тау мен шөлiм өзiме өзi мекен,
|
Тау – рахат, шөл деген төзiм екен.
|
Ай жоқ, Күн жоқ. Бiрдеме жарқырайды,
|
Бұл не десем...өзiмнiң көзiм екен.
|
***
|
Қорықпаймын Аюдан, Арыстаннан,
|
Қасқырдан, Құмырсқадан, Сауысқаннан
|
Қорқамын өз-өзiмнен бәйге алғаннан,
|
Тамағын жұрттан бұрын тауысқаннан.
|
***
|
Мен өзiм кiшкентайдан өрге бастым,
|
Табаныма сурет сап, көрме аштым.
|
Көлеңкемдi қораға байлап қойып,
|
Өтiрiк сурет салғаннан жалықпаспын..
|
Оспанхан Әубәкiров
|
5. Енді сен де бір ауыз өтірік өлең құрастырып көр
|
6. Өлең шумағының ұйқасын әріппен белгіле (а, ә).
|
Саралау: Барлық оқушы өлең жолдарындағы буын санын
|
анықтай алады. Көптеген оқушылар өлең шумағындағы
|
ұйқасты сызба арқылы көрсетеді. Кейбір оқушылар өлеңнің
|
тәрбиелік мәнісін ашып айтады.
|
Тиімділігі: Алған білімдерін өмірмен байланыстара алады.
|
Дескрипторы:
|
1. Сұрақтарға жауап береді.
|
2. Өз ойын дәлелдейді.
|
|
ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.
|
|
Аяқталуы
|
Рефлексия
«Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.
«Қорытындыла» айдары
«Менің ойымша» әдісі
Бір тұжырымды таңдап, өз ойыңды айт.
Өтірік айтып, қиялдай білу қызық.
Өтірікті құрастыру – үлкен шеберлік.
Өтірік өлеңдер – болашақ туралы арман, қиял.
ҚБ: бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма: «Өтірік өлеңдегі адамның арманы» тақырыбына қысқаша ойыңды жаз.
Өтірік айтудың зияны туралы мақал-мәтел жаз.
|
Ақ парақтар
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Тапсырма тәсілі
|
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау парақтары, «Отшашу» әдісі
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|