(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың өлең бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Түзімнің– бұл жерде: даламның деген мағынада (Т)«Анықта» айдары бойынша өлең үзіндісін оқып, аллитерацияны табады. Бірінші жолда «ж» әрпінен басталады, екінші жолда «т» әрпімен басталады. Осындай дауысты не дауыссыз дыбыстан басталатын өлең жолдарын өздері оқып жүрген немесе мұғалім ұсынған ақындар кітабынан іздейді.