(МК) «Түсініп оқы» айдары бойынша оқулықтағы «Біздің аула көңілді» тақырыбына жазылған эссені оқи отырып, эссе жазу талаптарын еске түсіреді. Сол талаптар бойынша оқыған эссесін талдайды.
Эссенің мазмұны талданғаннан кейін, сол бойынша қорытынды шығару үшін, өз ауласын қалай гүлдендіретінін топта планын сызу арқылы көрсетеді. Әр топ өз жобасының тиімділігін жоспарлары арқылы түсіндіреді.
Дескрипторы: Тақырыпқа қатысты өз армандарын тұжырымдайды.
Кейіпкердің арманын өз ойларымен салыстырады.
ҚБ: Мұғалімнің жазбаша бағалауы.
Үйге тапсырма:«Өз қаламды/ауылымды осылай өзгертер едім» деген тақырыпта эссе жазып келеді.
Рефлексия. «Баспалдақ» әдісі бойынша сабақтың қалай өткендігіне баға беруі мен өзінің сабақты меңгеру деңгейін
көрсетуіне мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?