Қызықты тапсырма айдарында логикалық қабілетін шыңдау
Саралау тапсырмалары
Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу
Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау
Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық)
Үйге тапсырма
Ескерту: мұғалім қысқамерзімді жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде қолданып, әр кезеңдегі әрекеттердің орнын өзгерте алады.
Оқулықпен жұмыс істеуерекшеліктері
4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәні оқу бағдарламасының мақсат-міндеттерін толығымен жүзеге асыруға негізделген;
Оқулықта жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді ерекшеліктері болып табылатын
«Сындарлы оқыту теориясы», «Шиыршық қағидаты», «Іс-әрекет арқылы үйрену», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Алған білімін түрлі өмірлік жағдаятта қолдану» және
«Пәнаралық байланыс» т.б. басшылыққа алынғандығы көрініс табады;
Шартты белгілер және белсенді оқу әрекетіне жетелейтін айдарлар арқылы тапсырмалар ұсынылған;
Оқылым дағдысын дамыту үшін «Түсініп оқы», «Зерттеп оқы», «Тауып оқы», «Өзгертіп оқы», «Мәнерлеп оқы», «Жаңылмай оқы», «Рөлге бөліп оқы», «Түртіп алып оқы» т.б. оқу түрлері қолданылады;
Мазмұнды түсіну «Талдау жаса», «Салыстыр», «Дәлелде», «Анықта», «Орында» т.б. айдармен берілген тапсырмалар арқылы жүзеге асады;
Игерген білімін қолдану үшін «Түсіндір», «Кестемен жұмыс», «Қолдан», «Құрастыр»,
«Жарнамала», «Постер жасаңдар», «Жоба жаса», «Жеке, жұптық, топтық жұмыс», «Ізден, сұра», «Сахнала» т.б. тапсырмалар арқылы орындалады;
Жаңа білімі мен жетістігіне рефлексия жасау үшін «Қорытындыла», «Тұжырым жаса»,
«Бағала» сынды айдарлар берілді;
Сыни ойлауды дамыту үшін «Ойлануға арналған сұрақтар», «Болжам жаса», «Өзгерт»,
Оқулықта оқушының зерттеу дағдысын дамытуға мейлінше көңіл бөлінген;
Әр тақырып мазмұнын терең түсініп, талдау жасау үшін жоғарғы деңгейдегі ашық сұрақтар беріледі;
Баланың зияткерлігін дамыту мақсатында тапсырмалар жаратылыстану, музыка, көркем еңбек, қазақ тілі, би өнері, АКТ т.б. пәндермен байланыстырылып берілді;
Оқу тапсырмалары мен үй тапсырмаларын орындау балаларға қызықты болуы әрі жалықтырмас үшін түрлендіріліп берілді;
Бірнеше тапсырмаларды берген себебіміз, сыныпта қабілеттері әртүрлі балалар болатындықтан, күрделі тапсырмаларды саралау тапсырмасы ретінде кіріктірдік;
Оқушылардың белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін таңдалған мәтіндер, аңыз- әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, энциклопедиялардан алынған мәтіндер, аудармалар, мақалалар т.б. кәсіби талғампаздықпен іріктеліп, қолданылды;
ХХІ ғасырдағы қазақ балалары өзінің ауыз әдебиетінің бай мұрасымен жан-жақты сусындап қана қоймай, әлем әдебиеті шығармаларымен де танысуы үшін құнды материалдарды іздеп, кіріктіру басты міндетіміз болды;
Оқу тапсырмалары Блум таксономиясының жоғары танымдық деңгейлеріне сай құрастырылды;
Мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне талдау жасап, баға беруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен келешектегі өміріне қажетті тәжірибе жинақтап, өзіне тәлім-тәрбие алатындай тұжырым жасауға арналды.
«Жасау және жобалау» дағдысы бастауыш білім стандартында қалыптасуы тиіс кең ауқымды дағдылардың бірі болғандықтан, жаңаны ойлап табуға арналған тапсырмалар да кеңінен кіріктірілді.
Оқулықтағы әр тақырып мазмұны қысқамерзімді жоспардың негізгі үш кезеңіне сай құрылды. Яғни, мұғалім оқытуда тапсырмалардың ретін сақтайтын болса, оқушы өз бетімен оқу мақсатына қол жеткізе алады деген сенімдеміз.
Оқулық мазмұнымен сәйкес, оны әрі қарай толықтыра түсетін екі жартыжылдыққа арналған №1, 2 жұмыс дәптерлері дайындалды. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқу мақсаттары бойынша оқушының жеке білімін бекітіп, тексеруге мүмкіндік береді.