Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 
Ауылдағы  «қақсауық  Қадиша»  аталып  кеткен  жеңгеміз  анада  шадыр 
мінезді  Шалбай шалына көп нəрсені көпіртіп: 

Жұрттың шалына ұқсап, сауда жасап, ақша табуды да білмейсің, қараң 
ғана  қалғыр!- деген болатын. 
Бүгін  Қадиша  от  басында  ұршық  иіріп  еді,  тана  көзді,  таңқы  танау 
немересі Несіпкүл: 

Əже, «қараңқалғыр» деген не сөз? – деп сұрақ қойып,  қадалды.  

Оны  неге  соңша  сұрай  бердің?  Ол  «айналаңдағының  бəрі  өліп,  қара 
басың ғана қалсын» деген қарғыс,-деп зекіді. 

Əже сонда көкем де , мен де, апам да, сіз де өліп, атам жалғыз қала ма?- 
деп, Несіпкүл жылап жіберді. 

Тек-ей!  Жағыңа  жылан  жұмыртқалағыр! – деп,  Қадишаның  қабағы 
түйіліп, шошақ ерні шоштаңдап, көк езуі көпіріп кетті. 

Өзіңіз  ғой  атама  «қараң  ғана  қалғыр»  деген...  Енді  маған  «жағыңа 
жылан жұмыртқалағыр» дейсіз, - деп, Несіпкүл өкіріп жеберді. 
Қапаланған Қадиша «ойпырмай-ай, қапыда қарғыс сөз айтқаным дұрыс 
болмады-ау» деп ойлап, Несіпкүл немересін əрең жуатты. 
 
ҚАЛЖЫҢ 
 
Месқарын  Мекен  мен  жұқа  сары  Жұман  дəмханада  шарап  ішіп, 
шаттанып, қалжындасып, қаужаңдасып отыр. 

Əй,  Месқарын,  сен  осы  мынау  нарықтық  заманда  ерледің,  ей!  Талай 
аңқаудың ақшасын «қарыз» деп алып, қанқақсатып, қайтармай қойдың. Ой, 
ер... Ерім-ай! Сасық қулық жасап, итін шығардың-ау! Сен сондай итсің, əй!- 
деп  Жұман  қысық  көзін  одан  бетер  жұмып,  ішегін  шиқылдатып,  өлгенше 
күлді. 

Ау,  есалаң!  Сен  кеще  заманның  ағымын  түсінбейсің.  Мен  деген 
қулықты  тереңінен  ойлайтын  жігітпін.  Ха-ха-ха!  Хи-хи-хи!-  деп , Мекен 

Жұманның  иығына  батпандай  қолын  батыра  қондырғанда,  ол  күлкісіне 
шашалып, қиқылдап қалды. 
-
Əй, кəуқар қасқыр, сен осы жұртты аямайсың! – деп, есін зорға жиған 
Жұман, оған ырықсыз ыржаңдап отыр. 

Ау, керауыз, кеще, сенің аяғаның сол ма? Арам өлген ала байталыңның 
етін елге «байлаған соғымым еді» деп сатқаның кəпірліқ алдағаның күпірлік 
емес пе?  Еще мұсылманмын дейді! –деп, Мекен барынша бырпылдады. 

Əй,  осы  сен  иммансызсың-ей!  Содан  ғой,  ісінде  береке    жоқ. 
Сатқанарыңнан садақа қалмады, дүңгіршектеріңнен үңгіршек қалмады. 
Ой,  ашқасқыр!  Теңгені  теңдеп,  тығып  жатсың,  ақшаны  жастанып 
жатқанда не таптың, ей, месқарын! – деп, Жұман қисынсыз қиқылдады. 

Ау, миқұла! Сенің арамдықпен  жиғаның артыңда қалады əлі! Байқап 
сөйле, қыңқылдама, қисықауыз! – деп, Мекеннің «қалжыңы» ашуға ауысты. 
 
Қараниет  «қалжыңнан»  өздерінің    кім  екенін  танытқан  əдепсіз  құрдас 
сымақтардың қылжағын естігім келмей, мен жөніме кеттім. 
 
 
ЖҰМЫССЫЗ ЖҰМАН 
 
    
Ауылым  деп  алыстан  аңсап  келген  Асқарбек  Жұман  інісіне  ренжіп, 
намысы қозып отыр. 

Ей, ауылдың азаматы! Тұрмысың  не боп кеткен?!  

Тұрмыс  осылай!  Жегеніміз – қатқан  нан,  ішкеніміз  қара  шай... – деп, 
Жұманның шүңет көзі кіртиіп, қарасұр бетіне қан жүгірмей, сұрланды. 

Ауылдың  азаматтары!  Тірі  жан  болып,  тіршілік  етсеңдер  болмай  ма? 
деп, кең маңдайына түскен əжімдерін жиырып, Асқарбек ақыл салды. 

Не тірлік етеміз? Жұмыс жоқ! –деп, Жұманның көнектей ерні көнтиіп 
тұр. Өзінше жол таппағандай, мұңдана мыңқылдайды. 

Ей,  ерінбе!  Егін  еқ  мал  бақ,  бау-бақша  отырғыз,  сауда  жаса! – деп, 
Асқарбек нықтады. 

Е,  егін  егетін  баяғыдай  техника  жоқ.  Малды  «бартерге»  өткізіп 
құртқамыз.  Бақша  отырғызатын  мен  «садовот»  емеспін.  Сауда  жасау 
қолымнан келмейді,- деп, Жұман жұтынып отыр. 

Ей, ер жігіт! Өстіп, өлімше  болып отыра бересің бе? 

Бəріміз жұмыссыз қалдық! Əкім жұмыс тауып берсін бізге! 

Ей, егін егу қолыңнан келмей ме?! 

Менің  қос  дипломым  бар.  Мен  мал  маманымын . Ыңқ!  Мал  жоқ! 
Құрыған бəрі... 

Байыпта,  бауырым!  Ерінбесең  екі  қолға  бір  жұмыс  табылады.  Тірлік 
жаса... Мынау жалаңаяқ жас балаларға обал емес пе? Не оқу-тəрбие, не азық-
ауқат жоқ. Бұлар сонда кім болып өседі?!  

Мен жұмыссызбын! – деп Жұман жыламсырап, сөзді түсінетін емес. 
Аллам осындай ойсыз, еңбексіз нақұрыстан сақтасын. 

«
ІШУДІ  ҚОЙДЫ» 
 

Балам,  арақ  ақылыңан  аздырды.  Қойшы  соны!-деді  қабағынан  қар 
жауған Əлібек əке əбігерленіп. Өзінің өзегі өртеніп тұрды. 

Нешəуа,  той-томалақта  ғана, - деді  мұрты  тебіндеген  шегір  көзді  боз 
бала Боздақ. 

Балам,  арақ  арыңды  жойды!  Қой  бұл  пəлені! – деді  келесі  бір  күні  
шектен  шыққан  баласына  шекесі  тырысқан  əкесі.  Ойбай    салар  еді,  сабыр 
сақтады. 

Мен,  маскүнем  болғам  жоқ!  Қоям! – деді  Боздақ  шекірейіп.сақалы 
сапсиып, өсіп кетіпті. 

Балам, арақ ақылыңнан айырды, қызметіңнен қалдың, қой енді! – деп, 
жүрегі қысылған əке жылап жіберді. 
«
Өлдім-ау!» деп ол құлап түсті. 

Əке,  өліп  кетейін!  Бұдан  соң  ішуді  мүлдем  қоямын! – деді  көзі 
көнектей  болып,  қолы  дірілдеген,  өз  денесін  өзі  ұстай  алмаған  «албасты» 
бала. 
Əлібектің  əздек баласы  өлгенше қоям деді,-ішті ... Өлді. Сөйтіп, «ішуді 
қойды».  
 
   
 
КƏРІ ЖІЛІК 
 
 
Кəкеннің  «кəрі  қызы»  атанған  Алмагүл – «ақ  маңдайлы  аппақ  қыз», 
сымбатында  мін  жоқ.  Бір  көрген  жігіт  оның  танадай  көзіне  таңғалып 
қарайды, жүрегі лүпілдеп қоя береді. 
Бірде  оны    мейман  етіп  отырған  «желөкпе»  жеңгесі  алдына  ас  қойып, 
«
сыбаға»  тартты.  Сыбаға  демекші,  қазақ  мейманының  жасына,  дəрежесіне 
қарай сыйлы қонаққа –бас  құдаға – жамбас, күйеуге – төс, қызға – тоқпан 
жілік тартады. Ал Алмагүлдің жеңгесі оған кəрі жілік сыйлап отыр. 
Алдына табақ тартылғаннан-ақ Алма «тарс жарылып», айғай шығарды. 
Алмадай беті қызанақ болды. Танадай көзі шегірленіп кетті.  

Тарт кəрі жілігіңді !  Жауыз! Дұшпан!..  

Не боп қалды, Еркеқыз?! – деп Маржан сабыр сақтады. 

Сен оңбаған, қартайғанша күйеуге тимесін деп, маған кəрі жігіт тартып 
отырсың. Ырымыңмен ұшықтаймын сені!  

Менің ойымда оңдай арамдық жоқ, - деп Маржанның аппақ жүзі одан 
əрі құп-қу болды.  Күлімдеп тұратын қоңырқай көзінен жас іркілмей, тамып 
түсті. Сымдай саусақтары дірілдеп, не істерін білмеді.  

Сабыр ет, қызым! – деді Алманың сөзін тыңдап отырған анасы Айжан , 

Мына мінезің  тұрғанда, сені күйеу тұрмақ, ит те алмайды. 


Тамағыңмен  құрып  кет! – деп  Алмагүл  асты  төгіп-шашып,  қарғыс 
айтып үйден шығып кетті. 

Е-е,  қызым-ай!  Осы  оспадар  мінезіңмен  табасың  əлі! – деп  Айжан 
абыржып қалды. Маржан əлі жылап отыр.        
 
 
                                                  
ӨКПЕ 
 
Университетте оқып жүрген Өкен өкіреңдеп, өкпешіл боп алды.  

Университеттің  білдей  студентімін!  Блин,  мені  ешкім  бағаламайды, - 
деп,  екі елі  шекесін  тырыстырып, шегір көзін шекшейтті. Танауын  көтерді.  

Ау,  ағайын,  неңмен  бағаланбай жүрсің? – дер Құрман құрбысы оған  
күлді.  

Блин! Басқа былай тұрсын, тіпті əділетті деп жүрген Əбен ағай да менің  
жазғандарымды  жақтырмайды, - деп,  Өкен  быртық  саусақты  қолын  сілтей 
салып,  кейіспен  кейін  қарап  кетті.  

Ау,  ағайын,  сенің  «жазғаның»  белгілі  ғой,  ғылыми  еңбек  жаз  десе, 
ғалымдардан  көшіріп  аласың... 

Əй,  осы  сен көшірмейсің бе? Ғалымдардан  көшірмей ғалым  болатын 
кім бар, ə?! Айтшы! – деп Өкен атып тұрып,  құрдасының  желкесіне жетіп  
барды. Құрман  сабыр  сақтап,  оған  ойлана қарады.  

Өке,  өкіреңдеме.  Ғылымды  көшірмейді,  оны  жасайды.  Ал    ғалым 
туралы өз  пікіріңді айтқың  келсе, дəлелдеп айт.  

Блин,  еңбекті  бағалайтын    адам  жоқ.  Қит    етсең,  кінə  тағып,  сынап 
шыға  келесіңдер...  Бұл    дүниеде  əділдік    бар  ма?! – деп,  Өкен  есікті  тарс 
жауып,  сыртқа шығып  кетті.  
«
Оқу  инемен  құдық    қазғандай»  деген    халық    мақалын  Өкендей  
өркөкіректер қашан  түсінер екен» - деп құрдасы толғанып отыр.  
 
АҚЫЛ ЖАСТАН 
 
Жетпістен    асқанда  Алладан  тыныштық  тілеп  отырған  Жетібайдың  
кемпірі  Кемелтай оған  кінə таққыш болып  алды.  

Əй,  шал,  сен  тісің    түсе    бастағалы  аузыңды  кеусеңдетіп,  тамақты 
талғап  ішуді ойламайтын  болдың!...  

Сен  тамақты  таңдап    берсең,  мен    талғап    ішпегенде,-  деп  Жетібай  
желпініп,  терін  сүртінді.  Миығынан  күліп, кемпіріне кінə тақты.  
Əжесінің    атасына  ұрсып    отырғанын  көріп,  оның    жанашыр    немерсі 
Тұмаржан əжесіне əдеппен  сөйлеп,  күлімдеп тұр.  

Əже, атама ұрыспай сөйлеңіз. Бұл  кісі Сізді сыйлайды ғой... 

Əжең маған  ұрсып отырған жоқ, «шəңкілдеп» отыр, - деп атасы күлді.  

- «
Шəңкілдеу»  де  ұрыс  қой,  ата.  Қартайғанда  бір-біріңізге  дауыс 
көтермей,  бұрынғы сыйласыммен тату болсаңыздар.,  мен  қуанамын, -  деп 
Тұмаржан өзінің жөн-жосықты біле бастағанын аңғартты.  

Айналдым,  ақылдым менің! Дұрыс  айтасың,  атаңа мен  кейде өзімсіп  
дауыс көтеретін  болдым. Бұл  кінəмды мойындаймын, - деп Кемелтай əже 
кербезденіп,  қабағын  ашып, сылқ-сылқ күлді.  

Бірімізді  сыйлаудан    артық  не  бар?!  Өмірде  «татулық»  деген  құдірет 
қымбат. Аллам  сол татулықтан айырмасын, - деп Жетібай желпінді.   
Бұрыннан-ақ тату тұратын  атасы мен  əжесіне  Тұмаржан  риза болып,  
əжесінің  кеудесін  иіскеп,  бетінен  сүйді 
 
.  
«
АТАҚ» 
 
Алла  жаратқан  ақ  нұрлы    ақындығын    аялап,  өлең  өрнектерін  өзінше 
мəнерлеп,  ойға батып  отырған ақын Асқанға Шəлтік құрдасы келіп: 

Ей,  сен    осы    үнемі  қағазға    тесіліп    отырғанда  не  таптың?  Алған 
атағың жоқ. Кер заманда кедей болдың?!-деді. 
-
Маған атақтың не керегі бар?! «Ақын» деген атты ақтасам, маған сол да 
жетеді,- деп, Асқан аса бар мейіріммен күлімдеді. 

Ақыным»,  сен  қазіргі  кезде  атақтың  сатылатынын  білмейсің  бе? 
Мəселен, мен деген бес жүз баксқа «академик» деген атақты сатып алдым. 

Ол  атақ  емес,  алдау,  құрбым!-  деп  Асқан    кең  маңдайын  бір    сипап, 
өткір қара көздерімен Шəлтікке күлімдей қарады.  

Мен «академия»  деп  аталатын жаңа оқу орнынан босқа алған жоқпын 
бұл  атақты. Бес жүз «бакс» оңай ақша емес, Асеке байқап сөйле!  

Сенің «академик»  болатындай еңбектерің жоқ  еді ғой...  
- «
Ақыным»  сен заман  ағымын білмейді екенсің. Мен жоғары мектепте  
сабақ  беріп  жүрмін.  Менің  «академик»  атағын    алуға  құқым  бар, - деп 
Шəлтіктің шекесі тырысып, көкшіл көзі көкшиіп кетті.  
Асқан  ақын  ойға  батты. «О,  заман-ай,  адамды  атаққұмар,  ақымақ 
қылдың-ау! Қайтсең де дарын мен  өнер,  ақыл мен қайрат ақшаға сатылмас...  
Алла  асыл пендесін осындай оспадарлықтан сақтасын!»  
 
АРАҚ ПЕН ЖҮРЕК 
(
мысал) 
 
Ақыл  мен  қайрат  арақпен  кездесіп  қалды.  Тұнық  шөлмектегі  ақ    арақ 
мөлдіреп:  

Ақыл, сен көңіл көтерудің жөнін  білесің  ғой, мынау қуанышты тойда  
ырымға тост  көтерсеңші, - деді.  

Арақ,  сенің зияның  көп, оны білемін. Бірақ  тойда тост  көтеру  салтқа 
айналды. Сені бір-ақ рет көтерйін! – деп,  ақыл, «көңіл жықпады».  


Өлме! Өлсең қайтып  келме! – деп  арақ мəз болды.  

Дəстүр бойынша  сені бір  рет  көтердім,  сол жетер  енді, - деп Ақыл 
«
тоқтады».  

Ардақты  Ақыл-ау!  Адамды  адам  еткен – сенсің!  Сен    əрнəрсенің 
орнын,  өлшемін  жақсы  білесің. «Аяғың    сыңар    болмасын»,  енді  екінші  
тосты  «отправит»  қылсаң  қайтеді, -  деп    Ардақ    мөлдіреп,  жанды 
«
жадыратты».  

Əй,  сен қанша зиянды болсаң да,  сөз тауып  кетесің, əй, - деп Ақыл 
«
көтерді» 
- «
Ер  кезегі үшке  дейін»  деп, еңді  бір...  

Əй, сен қызықсың!  

Мың, жаса! Мың қой айдадың! Көтер көңілді! Сөйле! Құшақта! Сүйіс!.. 
Тиіс!..  
Арақ    ақылды  есінен  тандырды.  Жүрек  соны  сезіп,  атша    тулады. 
Қайраттың жігері құм болды. Ой-сана өз құжырынан айрылды. 

Ақылды «сайтан» жеңіп  кетті,- деп, жүрек ашуланып, қатты соқты. Ол  
ызаға  шыдай алмай, тарс жарылды.  
 
ƏДІЛБЕКТІҢ «ТЕЖЕУІШІ» 
 
Ағайынмен  ақжарқын  ақылдасып,  мейір  шапағатымен  жақсылықтың 
басы-қасында болып жүретін Əділбекті  ағасы Асқарбек  көзіне  мақтап,  мəз 

мейрам болып  отыр: 
-
Əділбек інім,  мен саған  екі дүниеде де ризамын! Іншалла!  Арақ  деген  
албастыдан  аулақсың,  темекі тарпайсың,  бейшекі,  асық  сөзің жоқ. Тіфа! 
Тіфа!  Көз    тимесін, - деп,  батыр  тұлғалы,  байсалды  аға  салалы  
саусақтарымен  сұлу мұртын  сипады.  

Асеке,  келеңсіздікке  кедергі  болатын  менің «тежеуішім»  бар ғой, - 
деп,  Əділбек  əсем жүзіне  жарасқан бұйра  шашын тарап, елжірей күлімдеді.  
- «
Тежеуіш»  деп,  қайдағы  техниканы    айтып    кеттің  ғой.  Мен    сенің 
бойыңдағы  жан жарқындығы  мен тəн  тазалығына ризашылығымды  нетіп,  
айтып  отырмын, - деп,  Асқарбек ағалық  ниетін жеткізе түсті.  

Асеке,  айтып  етпеңіз,  мен  «тежеуіш»  деп    адамда    болатын    ақыл, 
қайрат, жігерді айтып отырмын.  Жамандыққа жібермей тежеп  қалатын  осы 
асыл  дүниелер    менде  түгел    болса,  нағыз    азамат    болар    едім, -  деп,  
толғанған Əділбек «əлі де  менде кемшілік  көп»  дегендей рең білдірді.  

Дұрыс    айтасың,  күнім!  Əлгі  Əскербектің    баласы  «тормозы»  толық 
болмағандықтан  тоңқалаң  асып  жүрген  жоқ  па?  Ол  менімен    кеше  
кежілдесіп, «Арақ  ішуге құқым  бар. Өз  ақылым -  ақыл-ақ,  кісі ақылы - 
шоқырақ» деп, бетін тыжырып, аузын  қисалаңдатты. Өзі адамдықтан шығып  
тұр.  

Өйтіп өз  басын өзі қорлайтындар көп қой, Асеке, аянышты-ақ!  


Адамда аңғалдық, əбестік, меңмендік, топастық  сияқты  жаулар  бар  
екенін біле тұра,  сол  сайтандыққа жол  бермей үшін «тежеуіш» қажет  екен. 
Салауатты өмір үшін  сайтандықтан  аулақ болып жүрміз, Асеке.  

Рас айтасың, күнім! Ерте заманда Ескендір Зұлқарнайынға Аристотель: 
«
Батыр  болсаң,  нəпсіңді  тый!»  деген    екен, - деп,  Асекең    адамгершілік  
туралы ұзақ  əңгіме шертті.  
Ағайындар  өздеріңнің ақл-парасаттарын енді  сезінгендей болды.  
 
ЖАН КЕРЕК ПЕАҚША КЕРЕК ПЕ
 
Жалпиған    Жапалдың  «жамбасқа  басқаны»  мол. «Жекеленген»  малын 
сатып, үйін, қора-қопсысын саудалап, «баксқа» толған қолсөмкесін  қолынан  
тастамайды.  Ақшаға    сатып    алған  қызметінен  бүгін    кеш  қайтты.  Тайқы 
маңдайының  терін бір  сүртіп, жөткірініп,  ақшиған  көзімен  тек аспанды 
бағып, тар  көшемен талтаңдап  келе жатқан. Кенет оның  алдынан  сақал-
шашы өскен, қожалақ өгізқара кездесе кетті.  

Жан керек пе, ақша керек пе? – деді ол гүжілдеп.  

Ақша! – деді  Жапал.  Ол    жанды  ұмытып,  қолшабаданын  кеудесіне 
басты.  

Жан  керек болмаса, мə! – деп өгіз қара оның өңменіне  ажалдың қанды 
қанжарын сұғып  алды.  

Ақша! – деді ол өліп  бара жатып.  
«
Бұлардың жаны соқыр тиынға да тұрмайды» деп  ызалана  күбірлеген 
өгіз қара тез бой тасалап, жоқ болды.  
 
ИТТІК 
 
«
Əдемі бала» Əзімбектің əкесі «қызып»  келіп баласына:  

Иттің күшігі! – деп  еркелетпек болды.  

Көке! Сіз сонда итсіз бе? – деді аңқау бала.  

Теқ ей! Мен  ит  емеспін! – деп əкіреңдеді əкесі.  

Онда,  мен  күшік  емеспін, - деді баласы.  

Сен – күшіксің! – деп  ақырды  ақымақ  əке.  

Мен – «иттің күшігімін», - деп  жыламсырады бала.  

Қарыстыр жағыңды! – деп əңгүдік əкесі оны ұрып жықты, «күшікпін» 
деген баласы  талып жығылды...  
Əңгідүк  əке  өзінің    «ит»  екенін  енді  сезініп,  жайраған  жас  баласын 
құшақтап, еңіреп отыр. 
 
 
 
 
 

ҚАРЫННЫҢ ҚАСІРЕТІ 
 
Жасы  отыздан  асқалы  Қапанның    қарны  қампиып,  аяғы  алшаңдай 
бастады.  

Балам,  оңғы уақытта қызметтен  соң қызық қуып, қылғытуды əдетке 
айналдырып  барасыңдар.  Достарыңа  айт,  денсаулық,  жансаулық,  абырой 
деген оларға да, өзіңе де кереқ - деп, Əбен əкесі оның өңменіне жеткізе өткір  
қарап, қапалана сөйледі.  

Əке,  əлімізді білетін жігіттерміз. Жұмыстан  соң бір  мезгіл  бой жазып 
келудің не зияны бар. «Барыңды батып  іш» демей ме халқымыз?  

Балам,  жұма  сайын  достарыңмен  түнемелге  кетіп,  түнімен    шалқып, 
денсаулығыңды  бұздың.  Қарның    қампайды,  ауырлықты  жүрегің    көтере 
алмас...  

Əке,  қарынның қампайғаны – «бедел» ғой!  Толық  болып, томпайып  
жүргенім  жақсы  емес  пе?  Анау  Асанның    баласы  құсап    ілмиіп  жүргеннің  
несі жақсы?!  

Балам,  əр  нəрсенің  қалпы бар. Қалыпсыз  семіру  ақылды азайтады, 
денсаулықты бұзады,  адамдық  мүсініңе зиян  келтіреді, - деп Əбен  əбден  
шаршаған кейпін  білдіріп, терең күрсінді.  
Ақыл  айтумен  айлар    өтті.  Қарынның  қампиуын  «бедел»  деп  жүрген 
Қапанның қалі мүшкіл.  

Өкпем  алқынып,  жүрегім қысылып  барады, - деді ол,  кешкі  сейілден  
кеш  келіп, қара терге түсіп, қалжырап.  

Балам,  арақты ақылың ауысқанша,  ақшаңды тауысқанша іштің,  тамақ  
талғамай  күлдібаламды    күйсей  беріп,  құрыдың! – деп    Əбеннің  əлі  құрып 
қаны қашып,  бетінің түгі шығып кетті.  

Əке, тізем қақсап, жүрегім қатты соғып, өкпем  алқынып  барады, - деп 
Қапан  қарс ұрып,  жатып  қалды. Күндегі əдеті.  
Қапан  қарынның  қасіретінен қашан  құтылар екен? Міне, мəселе.  
 
ТІЛ  АЗАБЫ 
 
Қазақ «басқа пəле - тілден» деп тегін айтпаған. Тіпəннің  ащы тілі өзіне 
өкініш, қайғысына қасірет қосты. Нарық  заманында «намысы» қозып, тірлік 
тіршілігі    тірдектетіп,  жан    жүйкесі  тозған    ол  бас  иесіне  кінəмшіл  болып  
алды.  

Əй,  Сепен,  сенің  дəрігерлік  жұмысың    құрып    кетсін!  Тапқаның 
талғауға  жарамайды. «Ақысыз  емдеймін»  деп,  ақшадан    қағылдың.  Елдің 
еркегіне  ұқсап,  сауда  жасауды  білмейсің.  Сенде  сезім    жоқ! – деп  Тіпəнің 
алты  қарыс    аузынан    түкірігі  шашырап,  қушық    маңдайы  тырысып,  шегір 
көзі шекшейіп  кетті. Ол  Сепенді  желкелегісі келгендей жетіп  келді қасына.         

Ұрыспашы-ей!  Дəрігерлік  кəсібімді  қалай  тастаймын? – деп  Сепен  
томсырайды.  


Несі  бар?  Сауда  жасау  қолдан    келер, - деп    Сепен    келесі    аптада 
саудаға кетті. Бірақ  оның  саудадан «нəпахасы»  шамалы болды.  

Əй, Сепен,  сен  сауда жасауды да білмедің. Сен есалаңсың! – деп Тіпан 
тікендей тілін Сепеннің жүрегіне қадады.  

Ұрыспашы-ей!  Сауда  қолымнан    келмеді.  Енді  құрылысқа  барып, 
кірпіш  тасып  беруге шамам  келер, - деп Сепен мұрнын тіреп өсіп  кеткен 
мұртын  сипап,  міңгірледі.  

Əй,  Сепен! Құрылысыңның құдай төбесінен ұрып, жойылып, жойқан  
төбе болсын! Əлгі прорабың  ақыңды жеп,   аспанға қаратып  кетті! Сенде ми 
жоқ! – деп  Тіпəннің  онсыз  сұрқай беті қансызданып,  ала көздері алайды.  
-   
Ұрыспашы-ей! Мен қайтем? Төбелесем  бе?!  

Ой,  топас,  мисыз,  нақұрыс! Сен  адам сияқты болсаң, біз  əлдеқашан  
бай болып,  мерседеске  мінер  едік. Құрыдық! Өлдік! Бұдан  да өлген  артық! 
– 
деп, Тіпəннің  аузынан  ақ  көбік  шашырап, Сепеннің  бетіне тиді.  

Ме-ме-ме-ме-е-е-е!  Топас  емеспін  нағылет! – деп    Сепен    селкілдеп  
шалқасынан  түсіп,  шатқаяқтап,  талып  қалды.  
Тіпан  сасқалақтап, Сепеннің  бетіне су шашып жүр. Ол  сеспей жатыр. 
Тіпан  енді тіл  азабын  тартып,  өкіріп жылап тұр.  
 
 
ДАЛБАЙ «ДАНЫШПАН» 
 
Біздің ауылда Алланың  ақ  жолына түсіп,  иман  тілеп жүрген  екі қария 
бар. Оның  бірі кеңес өкіметі кезінде отыз  жыл  отар аралаған  мал  маманы 
Далбай. Ал  оның  құрбы-досы Балабай  сол  кезде мал  фермасын  басқарды. 
Бұл  екі дос «бірге өсіп,  біте қайнасқан»  етене жандар. Екі достың  зейнетке 
шыққанмен    бейнетке  шамасы  «келіңкіремей»  «қыста  қысылып,  жазда 
жазылып»  күн  кешіп  жүрген  жайы бар.  
Далбай мен  Балабай  күнде намаздыгерде екі үйдің  ортасындағы сəкіге 
жайғасып,  əңгіме қозғайды.  

Е-е, досым,  заман  не боп барады?! «Қилы-қилы заман  болар, қарағай 
басын    шортан    шалар»  депті  ғой  бұрынғылар, -  деп,  аққұба  жүзін  
құбылтып,  кең маңдайын  сипап,  Далбай əңгімесін  бастады.  

Ау,  данышпаным-ау,  соны айтсаңшы! Не  боп барамыз осы?! -  деп,  
Далабай  қалбалақтап,  жеңіл  денесімен  жедел    қимылдап,  əңгімені  қостай 
бастады.  

Е-е-е,  досым,  баяғыда  бір  данышпан  «заманақыр  боларда  қатын  
базаршы  болды  деген    екен.  Келін    базарына  кетті,  бала  əлгі  «ащы  суын»  
ішіп    алып,  бас  көтере  алмай  үйде  жатыр, - деп,  Далбайдың  нұры  қашып, 
сұрланып  кетті.  

Ау,  данышпаным-ау,  болашақты    болжап    айтушы    едің  ғой.  Мына 
заман  қасіретті боп бара жатқан жоқ па? Біз  кім боламыз осы?!  


Ауыл    азып,  дүние  тозып  бітті.  Енді  ақыр  заман    болмағанда  не 
қалды?!  Енді  Алладан    иман    тілейік! – деп  Далбай    көкшулан    сақалын  
тарамдады.  

Рас айтасың,  данышпан! «Егемен  болыңдар» деген  кезде еркінсініп,  
сол  кездегі басшылар көптің ризығын талап  жеп,  тақырға отырғызып  кетті 
ғой. Жеке  басын ойлаған жетпегірлер,  адам ба солар?!  

Е-е-е,  досым,  сол  жетпегірлердің  ел   ризығын    құртып,  мəдениетін  
таптап,  өнерін  өртеп,  білімді  компьютерге    салып,  ұрпағымызды  мəңгүрт 
қалдырды.   

Қайран данышпаным-ай! Не  айтсаң да,  тауып  айтасың. Рас, балалар  
білімсіз    болып    барады.  Оқитын    кітап  жоқ,  кітапхана,  кинотеатр,  клуб,  
мəдениет  сарайы  жабылған.  Ұрпағымызды  ұлттық    мəдениеттен  мəкүрім  
қалдырдық.  
Екі  дос    заманды  жамандап,  əңгімені  бітіре  алмады.  Заман,  уақыт  
өзінше  өзгеріспен өтіп жатыр. 
  
 
ҚОРЛЫҚ 
 
      
Батай баласына  оңашада «ойбайлап» отыр:  

Сенің    тірлігің    оңбады.  Бұл  –қорлық  қой,ойбай-ау! – деп    Батайдың  
бадырақ  көзі шатынап  кетті.  

Əке,  ашуланбаңыз!   Менен артық  мал  табатын кім  бар  осы?! -  деп,  
еңгезердей Елеусіз кеудесін көтерді.  

Əй,  əумесер! Сенің  тапқаның-ұрлық! Ұрлық түбі –қорлық!  

Əке! Табан қазысы бар  соғым  сойып  бердім! Риза болыңыз, былай.  

Əй,  əңгүдік!  Ұрлық-қарам!  Мен    пайғамбар    жасында  қарам  жеп, 
күнəға батсын деп  отырсың ба? Өлсем де таза өлейін де жетпегір-ау!  

Əке! Осы «адал» деп  жүріп  мына заманда  арам өлесіз! – деп  Елеусіз 
екіленді,  беті тыржыңдап, аузы ыржаңдап,  ашуға булықты.  

Əй,  есалаң! Соғымың  да құрысын, өзің де құры! Əкеге əкіреңдейтінді 
шығардың-ау, тасжүрек! – деп  Батай баласына кейіп, көзіне жас алды.  

Ойбай! Ошағың  ойран-топыр  болсын,  Батай! – деп Опан кіріп  келді.  
Қонышында пышақ,  қолдорбасында «бір пəле» бар.  

Опеке,  алыстағы Созақтан не қуып  келді сені?! Не  боп қалды?!  

Ой,  оңбағыр!  Сен  білмегенсіме!  Мынаны    көрдің  бе?!  Бұл    менің  
соғымға  байлаған    байталымның  басы! – деп  Опан    ойбайлап,  көпіршіген  
езуін сүртіп,  көзіне жас алды.  

Əй, əңкілдеме. Соғымыңның басын маған  несіне  алып  келдің?! – деді 
Батай.  

Ой,  оңбағыр! Соғымның  басын  сенің аулаңдағы шұңқырдан таптым.  

Əй,  əумесер!  Мына  Опан    құда  не  деп  тұр? – деп,  Батай  баласына 
қарады.  


Опеке,  абайлап    сөйлеңіз!  Мен    соғымды  сонау  солтүстіктен  
əкелгенмін, - деп Елеусіз  едірейіп,  бетбақтырмай тұр. Опан  ойбайлады.  
   - 
Ойбай! Оңбағыр «баукеспе», қолыңда өлем!  
Қанжоса  төбелес.  Содырлық.  Соттасу.  Түрмедегі  түңіліс.  Əкенің  
əбегерленуі. Қорлық.  Итқорлық... «Ұрлықтың түбі – қорлық» деген – осы. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет