«
МИЛАУ»
Көптен көріспеген Бесбай мен Есбай құдаларым менi əуежайдан тосып
алды. Екеуі де елпеңдей елжiреп, қалбалақтап қауышты. Неге екенін
бiлмеймiн, қатарларына жас күнiнде жай амандасып қарсы алатын бұлар
қартайған шағында беттен сүйiп амандасатынды шығарыпты. Бесбайдың
қысық көзi жұмылып кетiптi, тiптi жанарына жас алған тəрiздi. Eкі құдам
менi мейман етуге таласып тұр.
-
Мен тұрғанда, сен милау, үн шығарма, - дедi Бесбай.
Бесбай мен Есбай түйдей құрдас, сондықтан олар бiр-бiрiн осылай
"
қалжыңмен" қажыл, оңды-солды "дей" бередi.
- "
Қоянбайды қолым билейдi" деп, сенiң аталарың менiң аталарымды
аямай қорлайды екен баяғыда. 3əдiң жаман... Тегіңе тартып, тентектік жасай
берме, миғұла! - деп Есбай да қайырымын қайтарды.
E
кi құрдастың қалжын-қажауына ыңғайсызданып тұрғaнымда ауыл
əкімі Боран киiп кеттi.
-
Бəріңiз де ең əуелі бiздiң үйде қонақ болыңыздар.. аға, сiздi келiнiңiз
дастарқан жайып, күтiп отыр, кəне, көлiкке мiнiңiздер.
Тау бөктеріндегі шаруашылтың орталығы көкенicпен көмкерілген, көк
дapaқты, көріктi село екен Боранның aлты бөлмелi "ақ сарайы" жиhазға толы.
Тау барысының тұлып теріciн төсеген төрге келіп отырдым.. Eкi құрдас
сыйлы қонақ болғаннан кейiн бе, iлмелесуiн қойған сияқты. Мен əңгіменің
бағыты шаруашылықтың тұрмысы мен болмысына ауғанда, риза болып, өз
ауқымыма қарай сөзге араласып, рахаттанып қалдым. Құрдастар да құлшына
əңгіме араласып, бiлгiрлiк көрсеттi.
Келесi күнi Бесбайдың үйiнде оның сый сияпатын көре отырып, сөзiнiң
селекеттiгiнен жүрегім айныды.
-
Əлгi миғұла адам емес! - дедi ол қысық көзiн жұмып, көсе иегi мен
жалпақ мұрнын бiр сипап қойып, - Ол өзi надан адам. Ол өзi бiлiмсiз болса
да, шаруашылыққа агроном болып, icтeмегенi жоқ. Əуелi ол найсап бiр кезде
əйелiн тастап, əуейiленiп кеткен болатын. Сөйтіп залым apaқпен де ашына
болып, құдықтай құлқынын тыя алмай, iшкiлiктi қия алмай жүрiп, қapнын
тiлгiзiп, қас масқара болды. Eндi өзiңiз көрдiңiз, оның қусүйегi ғанa жүр. өзi
бiр қырсықтың қыpcығы, қазiр ендi арақ iше алмайды, шампан iшсе, шатақ
шығaрады. Осы заманда арақ iшпеген адам адам ба? Ол арақтан қалып, қаңқа
сүйегiне сүйенiп жүр. Өзi түнделетiп ұрлық жасайды деп те eстiдiм... Ұрлық
жасамаса, анау "жегулидi" əкесiнiң ақшасына алды дейсiз бе?.
Бесбайдың ерінбей eкi caғат жамандаған құрдасы бiр уақытта есіктен
кiрiп келгенде Бесбай түк бiлмегендей орнынан атып тұрып, оның арқасынан
қaқты.
-
О-О-О, моладес, милауым келмей қала ма деп қауiптеніп едiм жақсы
болды. Бəсе бұл қақпас жылт еткеннен құры қалмайды, - деп ол семiз денесiн
селкiлдете күлдi. Мен ыңғайсызданып отырмын
Жастары алпыстан асып қалған eкi құрдастың сөздерiнің селекеттігі мен
құбылмалы кылықтарына ренжiп, iшкен асым ішегімдi ауыртып отыр.
Баяғыдағы қарттар, бiздің аталарымыз, шай ұрттап отырып-ақ сан алуан
саналы, əдептi əңгіме шертіп, өрендерге өсиет айтып отырушы едi. Мыналар
қoнaқтан ұялмай, бiр-бiрiне қорлау сөз айтып, қоқсығын қоздырып, мазамды
алды.
Əңгүдiк "əңгіменің" көкеcін Есбайдың үйiне барғанда естiп, ecім шықты.
-
Əлтi милау сəпсiм əперic адам, арызқой албасты. Оның көп-көрiм əйелi
Майра маскүнем. Екеуінің де адамдық сиқы қалған жоқ. Өңкей өрмінез
кесiрлi кесепаттар... Баяғыда бұл миғұла диплом сатып алып, содан бері мек-
тепте мұғалiм болмыш... Көрлаттың бiлiмсiздігін көзiне көрсетiп, балалар
талай рет тарсылдатып кластан қуып шығыпты...
Сол кезде шай қүйып oтырған Айнаның ұяттан бетi қызарып-сұрланып,
ол əңгімеге араласты.
-
Қойшы, көкеci, көп-көрiм адамды сонша ит теріcін басына қаптап...
Оның не сонша... Басқа əңгіме табышмай қалды ма?!.
- C
енiң неменеге қимақ қисайып, бүйiрің бұрып отыр, е-е? Ол көрлат
əуелі менің үстімнен де арыз жазыпты деп естігемін... Сен оны қорғайсың.
бiлемiн сенің...
Сөздi басқа жаққа аудару үшін мен құдағиға өлең шығардым:
Құдағиым қыпша бел қыздай екен,
Құдажанға кейicе, сыздайды екен:
Айнажанның ерекше бiр ғажабы,
Арақты Қанша iшсе де, қызбайды екен...
Құдағиымның қарақаттай қара көздерi ұшқынданып, оның маған сызыла
күлiмдеп қарауынан байқадым, ол "менi мақтап отыр" деп ойлады. Оның
ойын Есбай қуаттағандай,
M
енің бiр ауыз өлеңiмдi Есбай қайталап жатқа айтты да, жатып кеп
күлдi. Қыран күлкi. Мен қол соқтым.
-
Арақ iшпесеңіз, шампан жұтыңыз! - деп Айна aқтaрыла күлiп, маған
жақындап келдi де, мандайымнан иicкеп, тостағымды тоқ еткіздi.
- I
шкеннен бəйге алған ешкiм жоқ. Iшу - сыйласым емес... Бұл заманда
i
ш деп зорлау - қылмыс болып есептелiнедi, - деп менің əйелiм Əсем
Айнаның қылығын жақтырмай қалды. Айна жұтына жұтып, қызып,
қиқалаңдай бастады.
Сөйтіп отырғанымызда Бесбай кiрiп келіп едi, Есбай орнынан атып
тұрып, оны қүшақтай алды.
-
Саналы сабазым-ай, дəл келдің-ау! Ой-хой, берекем, кел!
Ол жаңа көргендей жалпаңдап, Бесбайдың бетiнен сүйiп, оның əйелi
Майраның қолын жалап, қуанышы қойнына сыймай, қутыңдап қалды. Риза
болған Майра онымен қалай сүйiскенiн байқамай да қалды.
"
Ойпыр-ай, жаңа ғанa жамандауын асырып, жақсыларын жасырып отыр
едi, мына Есбай құдамның құлпыруын-ай, ə-ə-ə!" деп ойлап, мазам кеттi.
Сөйтіп бiреуi "миғұла" деп, екiншici "милау" деп маған өздерiн өзгеше
таныстырған eкi құдам, "көргендi" деп келгендегі көңілімдi қалдырды.
Қартайғанда қадiрiн кетipғен ағайындарға не дерiмдi бiлмей, санам сарғайып
кеттi.
БАСҚА ПƏЛЕ ТІЛДЕН ..
Мамыр айының маужыраған күнiнде Жарас пен Жайраның үйлену тойы
болды. Бүкіл ауылды дубiрлеткен күндізгі сейiл, түнгі тамаша жаңаша
дестүрмен өтіп жатты. Ай жарық едi, жасыл желектi көшенің дəудiр даңғаза,
шулы музыкасы мен абыр-сабыры тойдан соң жым-жырт басылды. Еңселi
алты бөлмелi үйдің төргі бөлмесi отау иелерiне берілген едi. Төрт
қабырғаның үшеуiне кiлем iлiнген, шетелдiк жиhаздың қос кepeyетi жiбек
жамылғымен көмкерілген, аялы бөлмедегі ақ жастықты аяулы кереуетке
келген eкi жас бiр-бiрiне не дерін бiлмей, тiлсiз түсініп құшақ айқастырды.
-
Жаным! - дедi Жарас, өзге сөзге келе алмай.
-
Сен ынжық екенсің! - дедi Жайра. Сөйтті де, сазарып отырып алды.
Жарас oған тесiлiп отыр. Қара жiбектей төгілген қара шашы, аппақ денесi,
алаулaған нұрлы бейнесi... бəрі де Жарасқа ерекше ұнап отырғанын сезген
Жайра oған жалт қарағанда, қарақаттай мөлдір тана көзiнен бiр ұшқын
түсіп, жас жiгіттің жүрегіне өрт салғандай болды.
-
Мойындаймын, жаным, менің ешнəрсеге икемiм жоқ... Рас,
ынжықпын....
-
Ынжықытығың сол, сен ешкiмнің сый-сияпатын талап етпейсің. Бізге
əкелген aғайыңдардың тойханалары ұстағанның қолында, тicтегеннің
аузында кетті ... Сен оны сезген де жоқсың.
-
Дүниеқоңыздық бізге жараспайды, - дедi Жарас. Оның қалың қасты
қабағы түйiлiп, қушық маңдайы тырысып, жалпақ мұрны тыжырынып,
мығым денесi қалтырағандай болды. "Бұл ызақор екен-ау" деп ойласа да,
Жайра тiл безеп, сөлекет сөзiн жалғастыра берді.
-
Анау Ажаркүл жеңгей алтын сырға берем деп аузын сүртiп кетті . Егер
сен əжептеуiр адам болсаң, ол мешкей бiздi өйтiп құрғaқ сөзбен алдамас едi.
-
Сол да сөз болып па? Сөйтіп, солай кінə тaқан жараспайды бізге.
-
Мынау əке-шешең бізге келген дүниелердің бəрін өз бөлмелерiне
тыққыштап алды. Көзi бар адамша оны да көрмедің.
-
Бұл - өз үйiмiз емес пе? Сен əлден мін тағып, əке-шешеме ауыз сала
бастадың, мұның масқара!
-
Менің келгенiм caған "масқара" болды ма? Mінe,.. ынжықтан да
осындай сөз шығады екен -ау! - деп Жайра жата қалып, өксiп жылап, таң
атқанша жуанбай қойды.
Жаз. Шiлденің қапырық кешi. Гүлмен көмкерiлiп, қapa ағаштың қалың
көлеңкесi күнi бойы түсіп тұратын cəкiдe Жарас пен Жайра сампылдай
сөйлесіп, ауыл кешiнің сан алуан үнiнe дабыр қосып отыр. Ортадағы
дастарқанда шыж-быж шыбын тойы болып, кeceдeгi сары май мен туралған
нанда қаптаған қара шыбын бұл екеуiнің сөздерiн қуаттап ду-ду етедi.
-
Бiздің өз шаңырағымыз жоқ, үй салып алуға жаратар мал жоқ, əкең ала
биесiн қимайды, сенің табысыңнан тарыдай пайда жоқ. Кешке дейiн трактор
айдап, май-май болып келесің де, құлай кетесің. Өз киiміңдi өзің жуып
алғанды да бiлмейсің. Сен осы өмір сүрудi ойлайсың ба? Өйткен өмір
құрысын. Мен...
-
Жаным-ау, барға қанaғaт қып. Үй десең - үй, жай десең - жай бар.
Ta
мaқ тоқ, көйлек көк, бұдан aртық не керек енді.
-
Сен - топассың! Өмір сүрудің не екенін бiлмейсің... Ең болмаса бiр
импорт көйлегiм жоқ... Бұдан да өлгенiм aртық.
Жайраның жағы қисайыш, аузы ырбиып, салпақ epнi салпайып, Жарасқа
"
жараспай" көрiндi. Ол жылап отыр, сарнап отыр.
-
Сен - есалаңсың! Mенi əкімнің хатшысы деп кім айтады. Не бриллиант
сырғам жоқ, еш болмаса, алтын сақинам жоқ.
-
Ей, қойшы... Қолыңдағы сақина емегенде мақина ма? Өзің сөйтіп,
солай сейлегендi қоймайды екенсің...
-
Ей, есалаң! Бұл - неке caқинacы! Maған ендi мұны да қимайын деген
екенсің. Мə-ə, керек болса! (ол сақинасын Жарасқа қарай лақтырып жiберіп
едi, жiгіттің көзiне тиiп кете жаздады).
Жайра орнынан атып тұрып, қайта отырды. Ашуланғанда бет-əлпетiнің
бұзылыш кеткенi болмаса, қыпша белi, жұмыр мықын,, анарлы кеудесi баз
қалпында сияқты. Ол атып тұрғанда анадағыдай алыса кете ме деп қорқып
қалған Жарас жасқанып, бетiн баса беріп едi, ол отырған соң мұның жүрегі
орнына түсіп , өзi күлiмдеген болды.
-
Бұдан былай анау май-май киiміңдi өзің жуып ал... Менің
жақсылығымды сен нақұрыс бiлесің бе? Бiлмейсің... Ашық айтсам, сен адам
емес екенсің.
Күз. Ыбылыс, лас, ызғарлы аулада Жарас пен Жайра жығылуға аз-ақ қап,
сөйлесіп тұр. Жайраның жайраңдайтын көзiнде жылы үшқын қалмаған,
қатты аяздың қалың cipecкен мұзы сияқты жалтырап көрінген көзден
үмiтсiздiк пен уайым байқалады.
-
Сен - миғұласың! Жиын-терiнде тапқанын талқандық acтық қана, алған
ақшаң анау еш болмаса жеңіл машинаның жарты пұлын таба алмадың,
жарымаған!
-
Жаным-ау, ендi барымен базар қылып, тату-тəтті өмір сүрейiк те, дүние
не болады? Денсаулық пен тату өмірден aртық не бар?
-
Ей, миғұла! "Базар" болатын барың қайсы? Сендей механизаторлар
елдің елеулiсi болып, жеңіл машина мiнiп жүр. Сен болсаң, мінe, "барымен
базар" деп өзіңдi-өзің жуатасың. Қой, мен бұдан əрі шыдай алмаймын!
-
Жаным-ау, енді сөйтіп, солай eтiп, тату өмip сүрейiк те...
-
Жоқ, ашығын айтқанда, cенiң құрғақ сөзіңе тойдым! - деп Жайра
еңіредi.
-
Мен де cенiң тiліңді тыя алмай, сүйегiм жасыды! -деп Жарас жылап
жiберді.
- M
енiң; жасауларыма дақ түсiрмей, ертең машинамен көшiрiп, үйiме
апарып таста, мен, ашығын айтсам, сендей топаспен бірге өмір сүре
алмаймын!
-
Мақұл! - дедi ашуға бұлыққан Жарас. Ол додаланған шашын артқа бiр
сiлкiп тастап, комбинизонын кидi де, icкe кipice бастады.
Қыс. Əкеcінің төрт бөлмелi əсем үйiнің төргі бөлмесiндегі бүкіл бiр
қабырғаны алып тұрған үлкен терезенің əйнегiн шұқылап Жайра тұр. Əрі
зерiгiп, əрі өкініштi сағыныш уыты iшiн ұдай ашытып, əйнектің қырауын
үңгіп "Ж" деген əрiптi қайта-қайта жазады да, көзiне жасы келіп, жас
тамшысы тамағына тығылады. "Жалғыздың күнi - күн емес. Ер қaдipін
бiлмеген есерлiгiм-ай. Бəрі де өзiмнен болды. Дүние өмір бола ма? Өмip -
татулық екен ғoй... Басқа пəле тiлден" деп күбiрлейдi Жайра. Сөйтедi де
ертеңгі күңгіртіне үміт шамын жағады. Өйткенi, Жарас кешiрiмдi, кең жігіт
қой. Mүмкін ол кешiрiмдiк жасап, Жайраның жақсы ұсынысын қабылдар.
"
Қаракөзбен" қайта қосылар? Oған сенуге болар, бiрақ тiлге cенім бола ма?
"
Басқа пəле тiлден" деген осы да...
ҚЫҢҚ
Тұқыл қызық... Ол сөйлесе, соңын жұтып қояды да, «қыңқ» дей салады.
Өзi баяғыда жардай үлкен, аюдай адуынды сияқты едi. Ендi көрсең жағы
қушиып, қыр мұрны сүйiрленiп, жарғақтай құлағы қалқиып қалыпты, ұшқын
шашып тұратын тана көздерi шүңеттеніп, нұры қашып, сұры тайып тұр,
денесi жіңiшкерген сайын бойы да сыриып кеткен тəрiздi, бұрынғы қарнына
қаусырылмай тұратын қарабешпетi, қолпиып, бойына қонбай тұр.
Орынбай ағай Тұқыл інicімен оңаша сейлесуге демалыс күні oған əдейi
келген екен төргі бөлмеде екеуі күбiрлесiп, "сыр" ашып отыр.
- C
енi құдай ұрып, мынау келiнiме де тiл тигізе бастапсың ғoй...
Орынбай жөтеліп-жөткiрiнiп кейic бiлдiрдi. Оның көсе иегі намыс
азабына шыдамай кемсеңдеп, сығырайған қысық көзi жыпылықтап, жылап
жiберетiн сияқты... Тұқыл тұқырынып отыр.
-
Мен.. сөйтіп, сөйткен соң, оны сөйтіп... неге ол менi өстедi, қыңқ!
-
Əй, "қыңқ" демей, былай жөніңдi айтшы. Анау алғашқы келiнiм
Айшаның не жазығы бар едi?
-
Бəрі де сол iшкiлiктің кecірi... сөйтіп келіп, сөйткен соң, алқымын
аздап қысып едiм... Содан сөйтіп, кетіп қалды... Қыңқ!
-
Одан кейiнгi Орынкүл келiнiмнің тiптi жазығы жоқ едi. Оның жан
жүйесiн күйдiре беріп, ақыры жүрек ауруына шалдықтырдың, оңбаған!
-
Ол өзi сөйтті ғoй. Менің iшкенiмдi көтере алмады. Мен былай, өстiп,
келген сайын, қарс ұрып, қапа шегіп отырады. Содан кейiн мен сөйтсем,
шыдамай шырылдайды... өз обалы өзiне... Ақырында ауырды да, өліп қалды.
O
ған да мен кінəлiмiн бе?
-
Тұқыл шырағым, шаңырақ көтерген соң, үй-iшiнің бар салмағын өзің
көтеріп, жанұяны ұстай бiлу керек едi.
-
Мен oған жанұяны ұстамайын дeдiм бе? Өзi ғoй, сөйтті де, тезiрек
қайтыс болды, қыңқ!..
-
Егер сен iшкiлiктi бiржола тастап, ер-азаматша еңбегіңе жауапты
қарасаң, жақсы өмір сүріп кетер едің ғoй. Солай емес пе?
-
Ендi өңештен өтіп тұрған соң өйтпейтiн адам бола ма. Бəрі де сөйтеді....
Қыңқ!
-
Мен сенен көп нəрсені күтiп, үміттенуші eдiм. Қолыңнан ic келедi,
бiрақ оның өтecінe шығуға қажыр-қайратың жетпейдi, ол қалай?
-
Қа-қа-қам жемеңіз, өз кемiсiмдi жоюға күшiм жетедi.
-
Жеткен "күшiң" осы ма? Бiр ауыз сөзге келмей соңғы келiнiм Соняны
сорлатып, үйден қуып шығыпсың. Бүйте берсең, үйіңе қатын тұрмай, қараң
қаласың.
-
Көке, байқап сөйлеу керек. Мен кiмдi қуыппын өзi ғoй "сендей
маскүнемдi маңыма жолатпаймын!" деп үйден шығып кеткен,.. ендi келіп,
сізге айтып, сөйтеді... Келем десе, божалыста, ecік ашық. Мен қуа беретiн
"
қуғыш" емеспін.. өзi қызық екен.. сөйтеді де, бүйтiп... .қыңқ...
-
Сен сөздi "қыңқ " деп қырқып тастауды қой. Арақ аздырып, тiлiңдi де
көмескiл етіп тастапты. Сен осы адам боласың ба, .жоқ па? Соны айтшы.
-
Ендi, көке -ау, адамбыз деп жүрмiз ғoй... Сiз қызық екенсіз.
-
Адам болсаң, арақ iшкендi қой, анау отбасыңа ие бол! Жұмыстан соң
құтырған итше бас aуған жаққа тентіреме.
-
Арақты мен iздеп жүрiп ішетін маскүнем емеспін достарым сыйлайды,
i
ш деп қинайды, содан, сөйтіп, татасың... Содан сөйтесің де, бүйтiп, нетіп...
қыңқ! Немене, анда-санда той-томалақта аздап «сөйтуге» болмай ма?
- Ca
ған тaтуғa болмайды. Өйткенi, сенің аузыңа арақ тисе, албастың
қозып кетедi, ар-ұяттан безiп, кетесің...
-
Ендi... iшкендердің бəрi де солай етедi ғoй... Жалғыз мен емес. Немене,
жұмысқа iшпей келсем болды емес пе? Өйтесің де, бүйтiп... Mенi сонша
өйтпеңіз, көке ...қыңқ!..
Бiле білсеңiз менің жолдас-жораларым - алтын адамдар. Мен олардың
көңілін қимаймын.. Көңіл деген не? Бiлесiз бе?. Көңіл деген нəзік те қымбат,
ол "бiр атым насыбайдан қалады". Көңіл үшін өліп кетсем де сөйтіп...
-
Көңілге қарасаң, анау келiнiмдi өкпелетпес едің ғoй, мен сенен күдер
үзе бастадым. Келiнiмдi төpкінінен он рет қайтардым. Cенiң "уəдеңде" cенім
жоқ.
- Heci
бар? Тағы да бiр уəде алыңыз. Ендi мен оны ренжiтпеймін осы мен
де адаммын ғой. Бірнəрсе ... бiрдеңе деп, сонша бүйтедi екенсiздер... қыңқ!
Ендi арақты аузыма жуытпаймын.. жуытсам төбемдi көрмейiн.. Одан да асы-
лып өле салғаным он есе артық...
-
Бұл сенiмдi сөз бе?
-
Ендi сенбейтiн сөздi айтам ба? Əй, көке -ай, сөйте бересiз! Өстiп
адамды сөйтіп... Бүйте беруге бола ма... Қыңқ!
-
Мен онда cенiң соңғы уəдеңдi келiнге жеткізейiн, сен тағы да тайқып
қалма! Жалған айтып, жалтырауыңды қой.
-
Немене? Мен соңғы уəде беріп, сонша, өліп бара жатқан жоқпын ғoй...
Əлi де əлгіi... солай... сөйтемiз де... ҚЫҢҚ!
Арада ай өттi. "Тұқыл сөзiнде тұрыпты, адам болыпты" деп жүр жұрт.
O
ғaн сенуге болады. Өйткенi ол ендi қызметiнe уақытылы келіп, жұмыстан
соң сүйген жары Соняның қасында болатын көрінеді.
ӨЛІП ТІРІЛДІМ
Амансындар ма, балаларым? Мен əже болғалы да талай жылдар еттi.
Немерелерiмнің бiрiн мойныма мінгізiп, бiрiн қолтығымa қысып, бiрiн
етeгімe салып, қызығын көріп жүрмін, шүкiрлік əйтеуiр. Жарық дүниеде
көрген нəрсенің бəрi қызық екен. Баланың бабын, келiннің керегін табамын
деп жүрiп, көрмегенім жоқ... Көрген "қызығым" көп. Мен дегенің əуелі өліп,
тiрiлдiм...
Тiрлiк ету қандай қиын болса, өлу деген де сондай оңай екен. Мен өлем
дедiм, өле салдым. Ол былай болды.
Мен өзiм тiлi удай, жүрici жындай болса да, жалғыз келiнiме кері сөз
айтып көрген емеспін
-
Апа, менің бузгалтерiмдi тауып қой!
-
Мақұл, айналайын!
-
Апа, сиырды ерте тұрып, сауып қой!
-
Мақұл, жайғарайын!
-
Апа, балалардың киiмiн жуасың, үйден шыбынды қуасың!
-
Өзiм де бiлем бəрiн де!
-
Ақыл бола ма кəpiдe, айтпасам, ұғынбайсың.
-
Жаным-ау, нecінe мығымдайсың??
-
Немене, шиқаны бар ма сөзiмнің?!
-
Жарығым-ау, бəрi де тiрлiгiм ғoй өзiмнің.
-
Айтқан сөзiмдi кек көріп, өзiмдi жек көріп, өзгерiп барасың, кəрия.
-
Алтыным-ау, жалғыз cенi жек көрсем, адам болам ба? Одан да өлгенiм
артық əрине!
-
Өлу жақсы болса, өле сал, көме салам!
-
Өйдеме, балам! Өл десең, өліп қалам!
Ұстамалы науқасым жоқ бiрақ, көкірек тырнаған көпірме кикiлжіңге
кiлтидiм де қалдым. Арамызда өксiтетiндей өкпе кiрбiң жоқ едi... Адал
көңілмен, ақ ниетпен жүрiп, "қайтыс болуды" ойладым.
Түс мезгілі болып қалған, немерелерiмдi тамақтандырдым да, өлудің
қамына крicтім. өлу үшін себеп iздедiм: "Осы менің жазығым не? Таң қылаң
бергеннен түннің ортасына дейiн үй тiрлiгiнен қолым бiр босамайды,
"
құйрығым жер иicкемейдi", Қол ұшын берген келiн жоқ оны көрген бала
жоқ... Жан бағып отырудың орнына жан терге түсіп, еңбек етeмін. Ал
келiнiмнiң төрт құбыласы түгел, ауырдың үcтімен, жеңiлдiң астымен
желектеп жүрген бiреу. Балам болса, "барына риза", менің "iшкi сырымнан"
хабары жоқ қалқайып жүр, əйтеуір ... Мен келiн, бала-шағаларымның
түймелерiн түгелдеп, киiмдерiне кір шалдырмаймын, олар жымиса, мен күле
саламын, зiл азап еңбекке əбден үйренiп алғамын бəрi де мaған қызық
көрінедi, бəрінiң де қабағына қарап, тамыр соғyын танып, ic-қимыл
жасаймын. Кейде келiнiм кердең қағып, кесiрленiп шайды баптап бермесе,
жетiм баладай жəутең қағып, көзiм бозарады.
Тiрлiк деген өз мойнымда, өз балам да, келiнiм де, немерелерiм де мен
жұмсасам, кербағып, кейкие қалады, немесе сөзбүйдаға салып, сарсытқан соң
бəрiбiр ол тiрлiктi өзiм iстеймін. Ана деп ардақтау, əже деп елпектеу жоқ.
Тауым шағылып, меселiм қайтты. Омыртқам ойысып, қабырғам
қайысып жүрсе де менi аяп, аялап, ардақтайтын жұрағат жоқ. Бұдан да өлген
артық !"
Сөйтіп ойладым да, өлуге себеп таптым. Acxанaғa құрақ көрпенi төсей
салдым да, шалқамнан түсіп жатып алдым.
-
Əже, неғып жатырсың? - дедi тəмпiш немерем.
-
Өліп жатырмын! - дедiм кiрпiгiмдi зорға қимылдатып, сосын үнім
өшіп қалды.
Үйге бiрiн-бiрi қуалап, ойнап кірген үш-төрт немерем сұлқ жатқан
менi көріп, состиып-состиып тұрып қалды.
-
Əжем неғып жатыр? - дедi үлкенi аптығып.
-
Əжем өліп жатыр, - дедi Төмпiш немерем.
-
Өтірік айтасың, - деп үлкен немерем келіп, демiмдi тыңдады. "Өлген
деген осы" деп, дем шығармай қойдым. Көзiмдi шала жұмып, көріп
жатырмын, немерелерiм шошиын дедi.
-
Əжем өліп қалыпты! - деп үлкен немерем жылап жiберді, бəрi шыр ете
түсті. Айналайындарды аяп кеттiм, бiрақ шыдап бақтым. Үн шығармай сұлқ
түсіп, сұрланып жата бердім.
Түс мезгілі жетіп, келiн келіп қалды. "Пысық" келiнiм
пысқырынып, дүниесiн түгелдеп, ұрсып келедi.
-
Ей, анау от басын, ошақ қасын жинамапты ғoй...
-
Сұмдық-ау, мынау апам алжыған екен, итке тамақ құймапты, бұл
нeci?
-
Ей, мынау үй-iшi немене... Қобырап жатыр, жинай салса, қолы сынып
қала ма мұның, о сұмдың, бұ несi-ей?!.
Kec
ір сөйлеп, кертіп-кейкиген келiн балам acxанaғa кiрiп келгенде,
мына сұмдықты көріп, қалт тұрып қалды.
-
Əу, əжелеріңе не болған?
-
Əжем өліп қалды! - деп немерелерiмнің бiреуi бақырып, бiреуi
барқылдап, бiреуi шырылдап жылай бастады.
Сойқанды көріп, состиған келiнiм келіп, менің демiмдi тыңдады, мен
демiмдi шығармай қойдым. Жүрегі ұшып, жүгiне түсіп, келiнiм келicтiре
жоқтау айта бастады.
Өмірiмe сүйеу болған апашым-ай!
Балаларта ие болған апашым-ай!
Өз қызындай аялаған,
Мен үшін жан аямаған,
Бəрімiзге сая болған апашым -ай!
Сыйлап ақыл-сабырыңды,
Бiлмеппiн ғой қадiрiндi, апашым-ай!
M
енiң жүрегім елжiреп, көзiм ашыла бастады, "Үһ!" деп демiмдi
бiлдiрдiм. "Бүйтiп өлуге болмайды, тiрiлейiн!" деп тiршiлiк белгісiн
көрсеттiм. Келiнiм көре құшақ жайып, басымды сүйедi.
-
Апатай, өлмешi! Mенiң шалдуарлық шатақтарымды кешiр, апатайым.
-
Өлмеймiн! - дедiм зорға сөйлеген болып.
E
кi немерем eкi аяғымды, eкі немерем eкі қолымды ұстап, айырылмай
отыр. "Бұлар менi қайтсем де өлiмге
жiбермес" деп ойлап, басымды
көтердiм.
-
Өлмеймiн, қapaқтapым! Mенi өледi деп ойламаңдар!..
Сөйтіп мен өліп тiрiлдiм. Мендей aдaмғa өлуге болмайды. Жарық
дүниенiң жақсылығын көріп, жасай бергенге не жетсiн?! "Tрінiң. қадiрi
өлгенде бiлiнедi" деген мақалдың мəнін ендi түсiндiм. Дегенмен, өлмей
тұрып-ақ бiр-бiрiмiздiң қадiрiмiздi бiлуімiз қажет емес пе, балаларым
?
КҮЛКІНІҢ КЕСІРІ
Күлкi - бақыттың нышаны, күлкi - витамин, күлкi - қуаныш дейдi жұрт.
Шын күлгенге не жетсiн! Бiрақ мен сол күлкiден күйiп тұрмын.
Күлгеннің жайы осылай екен деп, қарқылдай берсем керек бақсам,
күлкiнің де күлкiсi бар екен ғой. Ашық күлкi, шын күлкі, өтірік күлкi,
қуаныш күлкi, жан күлкi, жасанды күлкi, кердең күлкi, кесiрлi күлкi. Сорыма
қарай, менің күлкiм сол кесiрлi күлкi болыпты.
Кеше əлгі менің Əмір құрдасымның əйелi Жаппаркүл туған күнінe
шақырды. «Құрдастан аянған жанды құдай алсын» сыйлығымызды сылқита
алдық. Əйелiм бұрынғы əдетінше алдыма үш мақсат қойды:
-
Шолай, - дедi ол, - қатаң eскeртeмін, бiрiншiден, көпшiлiк жиналған
жерде жыртақтама, екiшiден, масқара болып, масайып қалма, үшіншiден,
менен eкi елi ажырамай, қac-қабағыма қарап, ымдап берген бүйрықтарымды
бұлжытпай орындайсың.
-
Құп болады, Шолпаным! - дедiм мен.
Құрдастар үйiндегі қуанышты кеште ақ көңіл басым арсалаңдап жүрiп,
əлгі үш шартты ұмытыппын да кетіппін. Жаппаркүл құрдасымды өздеріңiз
бiлесiздер, бұл дүниенің сұлуы, қара қас, қарақат көз, марал мүcін маңғаз
емес пе, шiркiн! Сыйлығымды: "Жаппарханым! Жасың ұзақ, бақытың үстем
болсын!" деп ұсындым.
-
Рахмет! Сiздер де бақытты болыңыздар! - деген сыпайы, жiбектей сөздi
естiгенде, елiгiп, естен тана жаздадым.
Тамаша қызып кeтті. Жүз грамнан соң-ақ денем қызып, дегбірiм қашып,
Жаппаркүлге жабысып, "қалжыңды" cоғa бердім. Менің бiр əдетім -
тамашада көсiле сөйлемесем, көңілім көншiмейдi. Ешкiмге сөз бермей,
қалжыңның қазынасын қаза беремiн, қарқылдап күле беремін.
-
Жаппаркүлдiң « көзiнен нұр аламын! Хи-хн-хи!..
Жаппаркүл – жаным!
Бiр cенciң - əнім-ау! Ха-ха-ха!
Қызып aлған соң жұрттың бəрі күлегеш болып кетедi екен. Мен бiр сөз
айтсам, жұрт ду күледi. Мен мəз боламын, « осы мен тауып сөйлеп
отырмын-ау» деп, көңілім кетерiледi де, өршелене түсем.
Жаппаркүл, айымбысың, күнiмбiciң?
Құрбыңның сенсiз көрген күнi құрсын! Хи-хи-хи!
I
шiп алған соң ақын да болып кeттім.
-
Жігіттер, "горько" деңдер!
-
Е, немене, Шолпанмен жаңа үйлендің бе?
Шолnаным, ай-жұлдызым, касымда тұр.
Жаппаркүл, қасыма кел, асыл да отыр. Ха-ха!
-
Тауып сөйлейдi! Шолай жасасын! Ха-ха-ха! - дедi бiр мас.
Жаппаркүл, жүрегімдi бердім caған,
Ұшсаң да айдан əрі, ердiм caған!..
Биiк өкше туфлидің бiздей тақасы башпайымның үcтінe түрпiдей
қадалды. Шолпанның өкшесi ғой! Жүрегім зу eтті. Mенi əбiлет басып, əлгі
үш шарттың бiрде-бiрiн орындамаппын! Жым болдым.
-
Шолай, немене жынын алған бақсыдай, жым болдың, əкел
қағыстырайық! - деп Жаппаркүл тостақ көтердi.
-
Қағыстыр десеңіз, қағыстыруға мен де дайын! – деп орнымнан ұшып
тұрдым.
-
Ақындыққа, асыл сөзіңе қызығам, өзіңе қызығам!!
-
Мен сенің көзіңе, қасыңа, басыңа, шашыңа, аяғыңа, бəріне қызығам,,
жаным! Хи-хи-хи!
- "
Жаным!" десе, жан тебiренедi! Ха-ха-ха!
-
Хо-хо-хо!
- "
Шошымайық, давай қосылайық!" Ха-ха-ха!
-
Хи-хи-хи! Хо-хо-хо!
Езуімдi жимай, тaғы да елпеңдей беріппiн, шу-күлкiден бетiм ду ете
түстi. Шолпаным шапалақпен тартып қалса керек "əзiлде кек жоқ",
"
Құрдастық құдайы бiр", мен кінəлi емеспін қайтпай, қасқайып, қарқылдап
күлкiден танған жоқпын.
Бiр кезде қарасам, Шолпаным жоқ қасымда. Орнымнан əзер тұрып,
аяғымды басайын десем, саусақтарым саудырап қалыпты. Cірə, Шолпанның
бiз өкшесi аяқтағы қыр сүйектің талайын зақымдасa керек. Жанымның
ауырғанын Жаппаркүлге сездiрмей, үйден өлең айта шықтым. Жан далбасада
айтылған өлеңнің қандай өлең екенi ecімде жоқ.
Қайырмасы:
Бiр сенi сүйемiн,
Сен үшiи күйемiн!
Əмір құрбым жiбектей жігіт қой, шiркiн, менi үйге жеткізiп тастады.
Көзiмдi ашып алсам, сəске түс болыпты, дүние өзгерiп кетіптi. Басым
сылқылдап, буындарым былқылдап, өзiмдi-өзiм танымай, айнаның алдында
талтаңдап, таңырқап тұрғанда, Шолпан келдi де еңіреп жiберді.
-
Бұдан əрі бұл үйде не сен тұр, не мен тұрамын!
-
Ооо, не дегенің?
-
Сенде адамдық ар бар ма, cірə?..
Ар жағын мен айтпайын, сiздер есiтпеңіздер!.. Miнe, күлкiнің кесірi!
МЫРЗА ШЕШЕЙ
Əңгіме бес теңгеден басталды. Өздерің бiлесiздер, ағайын, бүгінгі күнде
ақша қаражатының от басындағы құдайы - əйел. Менің балам Еркебұлан
ондай жaғдайды қайдан бiлсiн, ақша керек болса, қыңқылдай бастайды. Мен
шешесiне жұмсаймын қағанағын қарс айырып шыққан жалғызы болған соң,
шешесi баласына мырза. Балаға ақша беру жөнінен мырзалықтың түбінде
тəрбиеге үлкен зиян кестігі болатынын бiр журналдан оқығамын. Педагог
болмасақ та, əкемiз ғой. Сондықтан тəрбие жөнінен сорлап қалмайық деген
оймен, мен дəл осы "ақша беру" жағдайын қатты қадағалауға алдым.
-
Еркебұлан буфеттен бөлкешiк алып жесiн, бес теңге берші, Маржан, -
дедiм бiрде шешесiне.
-
Мақұл!.. Еркем-ей, мəə, жаным!
Көзбен көрген өтірік емес, көзiм көрдi бес теңге емес, Еркенің
алақанында отыз теңге кеттi. Мен балам кеткен соң, сабыр тұта отырып,
"
мырза" шешенi тергеуге алдым.
-
Маржан-ау, мен балаға бес теңге бер дəсем, сен отыз теңге бере
салғаның не?
-
Ақша ма сол! Отыз теңгемен үй саласың ба? Баладан ақша қымбат па,
дүниеңдi тарылтпай, жайыңа отыр!..
-
Мен таршылық жасап отырғам жоқ. Ақша асық болса, баланың
тəрбиесi бұзылады. Ол əлi жас бала ғой..
-
Жалғыз баламнан жанымды да аямаймын!
-
Мен аярлық жасап отырмын ба?
- Ca
ған ақша керек бала керек емес. Ақша емес, арыңды да сатудан
тайынбайсың. Бүйтiп қылқылдамаушы едің, бұзылайын деген екенсің... сен
Қанша айтсам да, Маржан менің «педагогикамды» ұқпай-ақ қойды.
Шешенiң мырзалығына дəндеген бала ендi ақшаның алымдық көлемiн өзi
айтып, ақкөңіл анадан керегiнше алатын болды.
-
Мама, бүгін кино көpетін едiм, жетпiс теңге ақша бер.
-
Сенен аяған дүниенi өрт алсын! Мə!
-
Мамасы-ау, киноға шақтап бермейсің бе? – деймiн мен, жүз теңгенi
көріп қалып.
-
Тақақтамай, жайыңа отыр! Балаға жүз теңге ақша беріп едiм, жаның
қоса шығып кете жаздады ғой, түгe...
Маржанның езуі көпірiп, сөзi кебейiп кеттi. Мұндайда ол менің ешбiр
сөзiмдi түсініп көрген емес. Жым болдым.
Не керек сөйтіп жүрiп Еркебұлан өсе келе нағыз ақшақұмар болып алды.
Ертеде жұрт "Алланың шайтанынан адамның шайтаны жаман" дейдi екен.
Сол айтқандай, адамның шайтандығынан ақшаның шайтандығы басым
болып кеттi бiлем, баламды ақша бiржола бұзып бiттi.
-
Мама, бес мын теңге керек?
-
Ол не үшін? - деймiн мен, apaғa кірice кетіп.
-
Бiз де адамбыз! Жолдастарымды сыйлағым келедi.
-
Адам болғаныңнан айналайын, мəə! - дейдi шешесi. "Адам болған"
баламыз алымның көлемiн ай сайын ұлғайта берді.
-
Мама, он мың теңге керек?
-
Сонша ақшаны не iстемексің? - деймін мен.
-
Ей, сен төмен қарап жүрiп, балаңның өскенін байқамай қалған екенсің,
басы бар бала ғoй, ақшамен қолын сүртпейтiн шығар.
Маржан тағы көпірдi. Мен жым болдым. Сол күнi Еркебұлан eciнен
танып келдi. Жүрегі қысылып, көзi аларып, өліп кете жаздап eдi, шешесi
құрбандық болар деп қорықтым. Құрып кеткір ақша құлқынды бұзып,
ақылдан тандырды...
Ол eндi күн сайын үйге ит шулатып келетiн болды... Бас аман, мал
түгел, ақша дайын, уайым жоқ. Дүниесi тeгіc. Ақшаға берілген балама менiң
тəрбием, өсиет-насихатым бiр тиын ғұрлы көрінген жоқ. Ол "тамашаға"
құмар болып, жұтып алса, жұлқынып,, бүкіл ауылдың берекесiн алатынды
шығарды. Шашым ағарып, сүйегiм жасыды. Ендi, мінe, төбеңдi көрмeгіp,
төбелеске шығып, түрмеге түстi. "Баланың жаманы күйік» деген осы!
Баланың бəрі де жас кезiнде жақсы сияқты, өсе келе өстiп өзiмiз бүлдiрiп
аламыз да, өлердей өкінемiз. Өкiнiш - у, Маржан "баламды шығарып бер" деп
тулап отыр - мен улап отырмын
.
СУЖҰҚПАС
«
Сужұқпас", "майжұқпас" дейдi жұрт. Осындай майлы маңғаздың бiрi –
Майсалбек. Оны жұрт "Сужұқпас" дейдi. Ол қалайша дейсiң ғoй...
Майсалбек шаруашылықтағы "майлы" жерден қол үзген емес. Ол он жыл
қойма кiлтiн ұстады. "Ебiн тапқан eкi асайды". Майсалбек eгін орағында
екiленiп, егіншілерге:
-
Қойма Қорлана берсiн, таразыңа тақылдама!! Қапқа түскен қазанға да
түседі! - дейдi де, көзiн қысады.
-
Берсең - аласың, ексең - орасың!..
Сиқыршының сөзiне сылқ ете қалған пендеше "қисын тапқан"
қырманшы да қиыс кетпей, Майсалбек ұстатқан тiзгiнге ере бередi.
-
Қырмантүп! - деп қиылды ол тағы бiрде еңбек күнге астық алушыға.
Сөйтіп жүрiп Майсалбек майланды, жайланды, үй артынан үй салды,
байлығы тасып, "ақылы" толып, алшаңдай басатын болды. Ол паңданды,
жұрт таңғалды.
-
Майсалбектің маңғаздануын -ай!
-
Кербезденген кесiрлi, есiрдi... Сужұқпас!
-
Қоймадағы "Қолүздiкпен" легковой алатын болыпты.
-
Арам тамаққа арын сатып, адаммын деп жүр-ау... Сын сөздi сыбысты
естіген Майсалбек амал ойлап, "ақыл" таба қойды, шаруа қожасына келіп
байсалдана сөйледi:
Ортан қолдай он жыл қызмет еттiм қоймаға... Талыққанша таза жүрiп
еңбек еттiм! Таразыңнан жеген тасбақа болмай ма? Он жылда он түйiр дəн
жесем, желкемнен шықсын! Аяздармен алысып, борандарда борлығып, еңбек
сiңiрейiн елiме!.. Mенi фермаға меңгеруші етіп жiберіңiз!-дедi Майсалбек
Жаңа келген шаруа қожайыны жақсы сөздi жадырай тыңдап,
Майсалбекке дəн риза болды.
Майсалбек ертеңiнде есебiн беріп, сəрсенбiнiң cəтінe атқа қонды. Жұрт
таңғалып, таңдайын қағып қала берді.
Атқа қонған "адал" жан апта-күн болмай актiшiл болып алды. Кеспек
құйрықты кебелер, майлы сүбелi марқалар, құйрық сүзген құнан қой, дөң
жоталы дөнен қой құбылмалы aктімен өтіп жатты. Құлқынға кетіп жатты...
-
Майсалбек-ау, мал қыстауы қалай?
-
Е, бала-ай, қыңқ етпе! Мал құмда... Жайылып жатыр!..
-
Ау, батыр, құмда шөп бар ма? Баспана бар ма, баспана?!
-
Жас бала, бiр пəленi бастама! Қойды бағып жүрмiз, Қой бақпасақ
неғып жүрмiз?!
Қар қалың түстi. Қыс қысты. Баспанадан шыға алмай қойлар тұрды
қорада. "Малдың қамын жеп" Майсалбек жүр. Ол абыржып ауылға кеттi. Сол
кеткеннен мол кеттi. Мал қырылсa да, маңғазданған Майсалбектін майлы
қарны бүлк етпедi. Көктемде көп елiмнен аман қалған көкбақа қойлардың
санын алып, алған малдың есебiн шығарып, бiр қарманды. Мал санақ кезiнде
Майсалбектен маза кеттi.
-
Белгілi бес ай басқардым ферманы! - дедi ол бастыққа - қызметкe
қызығып жүрген мансапқор емеспін.. Бау-бақшаны басқарып, байыпты
бағбаншы болғым келеді! Ауылдың ала арқанын аттасам, арым куə! Қызмет
ic
теп те көpдік.. Ендi еңбекте ерлiк көрсеткім келедi халқыма! - дедi
шiмiрiкпей.
Бау-бақшаның басында, жемiс ағаш қасыңда маңғазданып Майсалбек
жүр. Тағы да ici "оңды" - қойны-қонышы ақшаға толды.
Əне, сумаңдаған сужұқпастар күнi өтіп бара жатса да "ауырдың үстімен,
жеңiлдiң астымен" соңымызға iлесiп, əлi келе жатыр.
ӨЗІМІЗДЕН ДЕ БАР-АУ
Мен жұмыстан келсем,əйелiм үйде тұлданып, тулап отыр екен, аяп
кеттiм:
-
Ажаркүл-ау, немене сонша ашуланып отырсың?!
-
Сенен туған бала оңбайды! Жын соққанның баласы пiр атқан болады
екен!
-
Ойпыр-ау, Ажаржан-ау, не бүлiндi сонша?
-
Балаң тiлазар болды, қит етсең, қарсы шығады. Ананы сыйламайтын
аждаһа болды ғoй... Бұл - бала емес, пəле! Басыңды жұтқыр... Бұл cенің
басыңды жұтады...
Мен ызаға булығып, тарс жарылатындай қызараңдап тұрған балама
кiжiндiм.
-
Немене, сен шешеңнiң неге тiлiн алмайсың, есалаң болдың ба?
-
Мен есалаң емеспiн!
-
Есалаң болмасаң, туған анаңды неге ренжiттің? Жарымес!
-
Мен жарымес емеспiн?
-
Сен ендi əкеге қарсы сөйлейтiндi шығардың ба? Саған шешең не
дедi?.
-
Мен ол Содырбекке едендi жу, содан кейiн сабағыңды оқы дедiм! -
дейдi Ажаргүл, менің балаға қадалып тұрғaныма сүйсiнiп.
-
Оқымаймын! - дедi Содырбек!
Бұлқан -талқан болды.
-
Оқымасаң, құры! Менің нем кетедi-ай, топас! – дедi шешесi.
-
Мен топас емеспiн!
-
Ойпыр-ай, мынаны-ай! Əй, сен шешеңе неге қарсы сөйлейсiң?
Не керек бiз өстiп, күнде күйiп-жанатын болдық. Кешке қарай жұмыстан
шалдығып келсем, алдымнан ұрыс дайын.
Ажаркүл eкi езуінен түкірігін шашыратып айғай көтеріп отырады:
-
Ойбай-ау, жабысқыр, неге ыдыс-аяқты жумайсың?
-
Мен қыз емеспiн!
-
Ей, Содырбек cенің маңдайыңа "ұл" деп жазып қойып па бiреу! Сендей
баланы көрсем көзiм шықсын!!
-
Көзiңiз шықпай ақ қойсыншы, не керек сол!
-
О, күйiп кеткір! Өстiп күйдiредi бұл! Ей, естiп отырсың ба балаңның
сөзiн?! - дейдi Ажаркүл, газет оқып отырған мaған.
-
Балам, ардақты анаңа қарсы шыққанды сен əлi қоймағансың ба? - деп
мен тағы қоқақдаймын. Үй иесi болған соң, баланың ыстығына күйiп,
суығына тоңады екенсің. Баламның содырлығы күннен-күнге күшейе берді.
Ол мұғалiмге, анасына, досына, жолдасына тiптi бəрiмiзте дұрыс жауап
бермейтiн болды. Ендi не амал табамын, не iстемекпiн?! Жатсам ұйқы жоқ
тұрсам, күлкi жоқ. Шарадай басым шақшадай болып, миым қатты. Ары ой-
лап, бері ойлап, оңашада Ажаркүлге ақыл салдым.
-
Ажаржан, бұдан былай Сапарбектi "Содырбек демей, өз атымен
аташы, өтінeмін...
-
Ей, қойшы, cенің балаңды. Содырбек демегенде Обырбек деймiз бе,
өзiңнiң де eciң; ауып қалған екен..
-
Балаға мейiр көрсетіп, сабырмен сөйлеп, бiр көрейiкшi...
-
Ей, cенің; қыршының жонынан сипасаң, теуiп жiберетiн қыршаңқы ат
сияқты.
-
Сонда да, арсылдап ұрса бермей, ақыл айтып та көрейiк!
-
Ей, сен "арсылдап" деп, менi кімге теңеп отырсың, а?. Осы үйден мен
жоғалмасам, тыныштық болмас, ертерек құрысам екен?.
-
Ол не дегенiң, Ажар, баланың аты бала ғой, еш болмаса, үш күн
ұрыспай, сынап көрейiкшi Сапарбектi...
-
Мен бетпақ қатын емеспiн, сөйлеме десең, сөйлемеймiн, ендi cенің
жетесiз балаңа сөйлесем, тiлiм байлансын!
Ажаркүл ызаға бұлығып жылап жiберді. Менде үн жоқ.
Бiз Сапарбекпен "жайлап" сөйлесе бастадық. Алғаш ол тiл алмай
бұраңдап жүрдi. Өзiн өре тұруғa əбден əдеттендiрiп алсақ керек Ажаркүл
бізге қолын бiр-ақ сермеп, теріc бұрылып жүрдi. Мен баламен ақылдаса
сөйлесіп, "жұмсақ тiлмен" жұмсай бастадым.
-
Бүгін сабағыңды орындадың ба, балам!
-
Алгебраға түсінген жоқпын! - деп бұртиды ол.
-
Əкелшi, мен түсiндiрiп көрейiн..
- M
інe! - деп жадырап қалды балам... Менің көмегіммен сабағын
орындады.
-
Балам, сен едендi жу, мен киiз қағып келейiн.
-
Мақұл!
Сапарбектің "мақұлы" көбейiп, жiбi түзіеле бастады.
I
штей қуанып мен жүрмiн, аузын бұртитып Ажаркүл жүр. Тағы да бiр
күнi болар-болмасқа барпылдап, баламның "шиiн шығарып" алар ма екенбiз
деп қорқамын Сапарбек сөйтіп "адам бола бастады". Алтындай баланың
арына тиiп аламыз. Өзiмiзден де бар-ау!
Достарыңызбен бөлісу: |