«Әділетті салық» Сөздерді қазақ тіліне аударып, сәйкес нөмірлеңіз



бет2/2
Дата15.03.2023
өлшемі16,35 Kb.
#74425
1   2
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Банк мемлекеттік салықтың мына түрлерін төлей ме?
а) табыс салығы;
ә) қосымша құнға салынатын салық (НДС);
б) құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
в) жер салығы:
г) мүлік салығы:
ғ) көлік құралдарына салынатын салық;
д) жол салығы.


5. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.
Корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы (НДС), әлеуметтік салық, көлік құралдары салығы, мүлік салығы, салық саясаты, салық жүйесі, бағалы қағаздарға салынатын салық, жер салығы, мемлекеттік салық , салық мөлшері, салық мәдениеті.


6. Мәтінді (тексті) оқыңыз, өз пікіріңізді қосыңыз.
Өздеріңізге белгілі Рейган саяси аренаға шығар алдында да АҚШ белгілі бір дәрежедегі дағдарысты басынан кешті. Осы кезде американ экономисі Лаффер өндірістің дамуы мемлекеттік салыққа тікелей қатысты деген заңын ойлап тапты. Сол бойынша Рейган іле шала салықтың саны мен мөлшерін кең көлемде қысқартты. Расында да экономика қайтадан жандана бастады. Рейган елдің сүйікті Президенттерінің біріне айналды.


7. Сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Қазақстанда салық саны және мөлшері көп пе?
ә) Қазақстан жағдайында салық мөлшерін төмендету керек пе, әлде көтеру керек пе?
б) Салық төлегенге дейінгі табыс ( шығындарыңыз) қандай (шартты түрде)?
в) Салық төлемдері (налоговые платежи) көп пе?


8. Мына сөздер мен сөз тіркесінің қазақша баламасын жазып, нөмірлеңіз:
1) двойное налогообложение -табыс салығы
2) налог на автотранспортные средства -құнды қағазға салынатын салық
3) налог на ценные бумаги -көлік құралдары салығы
4) подоходный налог - қосарланған салық


9. Сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Банк қосарланған салық төлеп көрді ме?
ә) Қосарланған салықты болдырмау туралы келісім Қазақстан үшін тиімді ме, әлде басқа ел үшін Түркия, Германия, Қытай) тиімді ме?
б) Шағын тексті оқыңыз. Асты сызылған сөздерге пікірлеріңізді айтыңыз.
Өтіп бара жатқан ғасырдың З0- жылдарында Америкада «Ұлы депрессия» деген атау алған дағдарыс болғаны белгілі. Сол кездегі мемлекет басына келген Рузвельт кінәнің кілті тарифтік ставканың шектен тыс көп болуы деп білген. Содан соң Смут Хаули тарифін жойған. Өйткені, бұл тариф Америка тарихындағы ең жоғары тариф болған екен. Шетел тауарларының елге келуінің тежелуі осының әсері деп таныған әйгілі президент сол қадамымен отандық экономиканың алға басуына жол ашыпты. Осы тарифтің тоқталуы экономика ғылымына «еркін сауда» деген терминді әкелді.
в) Біздің елдегі шетелдік банктер салықты қалай төлейді?
г) Қазақстанның шетелдегі банктері салықты қалай төлейді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет