Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

26 
     
 
месі,  кофе-брейк,  флэшмоб  ұйымдастырыл-
ды. 
 
Екінші  кезеңде  қатар-қатар  сабақтар 
шеруі  ұйымдастырылып,  тыңдаушылар  өз 
қалаулары 
бойынша 
ашық 
сабақтарға 
қатысты. 
 
3-деңгейлі  сертификатталған  тарих  пә-
нінің мұғалімі Г.С.Нұрқасымова 10
а
 сыныпта 
«Биғазы  Дәндібай  мәдениеті»атты  тарих  са-
бағында  интернет  желісінен  керекті  мәлімет 
ала  алуларына  ықпал  етіп,  оқушылардың  өз 
бетімен  іздендіру  жұмыста-рын  көрсе-те 
білді. 
3-деңгейлі  сертифи-катталған  ағылшын  тілі 
пәні-нің 
мұғалімі 
Ж.Н.Тлепина 
6
а
 
сыныбында 
«Hobbis» 
сабағында 
оқушылардың  тіл  дамыту  жұмыстарын, 
сөйлеу  мәнерін,  тіл  игерудегі  білімдерін 
айқындай білді. 
2-деңгейлі  серти-
фикатталған  орыс 
тілі  пәнінің  мұға-
лімі 
А.Ж.Балмаханова 
11
б
 
сыныбында 
"Особенности 
художественного воплощения темы любви в 
повести 
А.И.Куприна 
«Гранатовый 
браслет»"  тақырыбында  сабақ  өткізіп,  жеті 
модулді енгізе отырып, оқушылардың ашыла 
алуларына  жол  таба  білді,  шығарма  толық 
игеріліп, 
сабақ 
мақсатына жетті. 
Семинар  соңында 
3-деңгейлі  серти-
фикатталған  пси-
холог 
маман 
С.Х.Есенаманова 
«Ашық 
микрофон» 
ұсынып, 
тыңдаушылардың  пікірі  тыңдалып,  кері 
байланыс  орнатты,  кері  байланыс,  пікірлесу 
барысында  не  сәтті,  сәтсіз  тұстары  туралы 
айтылып 
өтті. 
Сонымен 
қа-тар, 
З.М.Кашкенова  былтырғы  оқу  жылында  да 
іссапармен 
біздің 
мектебімізге 
келіп, 
информатика  пәнінің  мұғалімі  Ж.Бабанизов 
пен 
ағылшын 
тілі 
пәнінің 
мұғалімі 
А.Аманкулованың 
сабақтарына, 
К.С.Көптілеуованың  фокус  топтағы  сабағы-
на  қатысқандығын  айтып,  жүйелі  жұмыста-
рына ризашылығын білдірді. 
Қатысушылар  тәжірибелік  көмек  беру-
мен  қатар  желілік  қоғамдастықтың  жұмыс 
барысын  тексере  келген  педагогикалық  ше-
берлік  орталығының  тренері  З.М.Кашкенова 
мен  әдіскер  Н.К.Тұрлыбаеваға  көптеген 
сұрақтар қойып, өзара пікірлесуге мүмкіндік 
алды. 
Семинарды  қорытындылай  келе,  об-
лыстық  педагогикалық  шеберлік  орталы-
ғының  тренері  З.М.Кашкенова  семинардың 
мақсатына  жеткендігін,  күтілетін  нәтижеге 
қол жеткізгендігін айтып өтті,яғни білім беру 
үрдісінде  жаңа  идеяларды  енгізу  арқылы 
білім  сапасы  артады,  өңірлік  білім  беру 
ұйымдарымен  тәжірибе  алмасады,  деңгейлік 
бағдарламалар өзара байланыста болады. 
Оқытушының  міндеті  білімді  көбейту 
емес,  осы  білімдерін  өз  бетімен  алуға  мүм-
кіндік  беретіндей  құралмен  қамтамасыз  ету 
және  оқушының  жекелей  дамуы,  жеке  тұл-
ғаның  қалыптасуы,  өзін  өзі  жетілдіру  және 
қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық 
қажеттіліктерін  қалыптастыру.  Білім  беру 
үрдісінде  жаңа  технологияларды  дамыта 
оқыту,  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын  жоғар-
латуды көздейді. 
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа техно-
логияның  тиімді  әдіс-тәсілдерін  жас  ұрпақ-
тың  бойына  сіңіре  отырып  тәрбие  беру 
мұғалімнің  басты  міңдеті.  Сондықтан  әрбір 
педагог  сапалы  білім  беру  үшін  сабақты 
үнемі  қалыптасқан  формада  өткізуден  көрі 
оқытудың  жаңа  технологиясын,  жаңа  әдіс-
тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін 
өткізу  тиімді.  Бұл  бағытта  білім  берудің 
әртүрлілігі,  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы 
ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа 
идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондық-
тан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу 

 
 
 
27 
     
 
мазмұны  мен  оқушылардың  жас  ерекшелік-
теріне  қарай  таңдап  алудың  маңызы  зор. 
Қазіргі  таңда  оқытудың  озық  технология-
ларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты 
маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданыл-
ған  жаңа  технологиялардың  өзі  әрбір  мұға-
лімнің  шеберлігіне  байланысты  әрқалай 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жалпы білім беретін мектептегі биоло-
гия пәнінің бастауыш білім беру сатысында-
ғы  дүниетану  пәні  негізінде  құралады.  Бұл 
пән  бойынша  оқушыларға  еліміздің  табиға-
ты,  табиғи  байлығы,  экономикасы,  ғылымы 
мен  мәдениеті,  этика,  әдеп,  эстетика,  адам 
қоғам, адам табиғат арасындағы қарым-қаты-
нас  түрлері  жайында  ғылыми  сарамандық 
ұғымдар  беріледі.  Пәнді  оқып  үйрену  бары-
сында  оқушылар  дүниенің  үш  құрамдас  бө-
лігі:  адам,  қоғам,  табиғат  саласынан  білім 
алады және олардың өзара байланысты екен-
дігін  ұғынады.  Биология,  химия,  география 
пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның 
ішінде  қоршаған  дүние  заттары,  құбылыста-
ры, табиғат экология туралы ғылыми түсінік 
қалыптасады. 
Биология бұл орта буында алғаш қосы-
латын  пән.  Сондықтан  орта  буында  өсімдік 
құрылысы  өсімдік  жайындағы  білім  берудің 
алғашқы  баспалдағымен  танысады.  Осы 
пәнді  оқытуда  жаңа  технологиялардың 
тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте 
сақтауға негізделген ақыл-ойын дамыта оты-
рып оқушының пәнге деген қызығушылығын 
арттыруғ болады. 
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы 
стратегияларды  пайдалануда  оқушылардың 
ізденушілік,  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдас-
тыруға  жолашады.  Оқушы  жүрегіне  жол  та-
уып,  оның  білімге  деген  құштарлығын  арт-
тырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгей-
де  ұйымдастыру  үшін,  әр  оқушының  дара 
ерекшеліктерін  ескере  білім  алуға  қабілетін 
зерттей  отырып,  тұлғалық  негізінің  ашылу-
ына жол ашатын ұстаз. 
Биология  пәнін  оқытуда-қазіргі-кезде-
қойылатын-талаптары-мынандай: 

 
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану; 

 
Жаңа  форматтағы  әдіс-тәсілдерді  сабақта 
қолдану; 

 
Негізгі  білімділік  ұғымдарды  терең 
меңгерту; 

 
Оқытудың 
жаңа 
технологиясын 
пайдаланып,  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын арттыру; 

 
Топтық  негізде  іздене  білу  дағдыларын 
қалыптастыру; 

 
Тақырыптық зерттеу жүргізу; 

 
Ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін,  өз  ойын 
қорытуға дағдыландыру; 

 
Оқушының  өзбетімен  жұмыс  жасау 
қабілетін жетілдіру, дамыту; 

 
Шығармашылық  тапсырмалар  орындату 
арқылы қабілеттерінарттыру. 

 
Сыни 
тұрғыдан 
ойлау 
қабілеттерін 
арттыру. 

 
Тәжірибе 
жүзінде 
білім, 
біліктілік 
дағдыларын қалыптастыру; 

 
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс 
жасауға дағдыландыру; 

 
Жаңа технологияларды сабақтапайдалану; 

 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай 
білім беру. 

 
Тізбектелген  сабақтар  топтамасындағы 
сыни тұрғыдан ойлау модулі. 
Әрбір  ұстаздың  алдына  келген  бала  да 
әртүрлі  ойлау  қабілетінде  болады,  мысалы 
кейбірі  шапшаң  ойлап,  тез  жұмыс  істесе, 
кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тап-
сырманы  (тақырыпты)  қайтадан  қарап  шығу 
тиімді  болып  табылады.  Осы  орайда  биоло-
гия  пәні  бойынша,  «құстардың  құрылысы 
мен  ерекшеліктері»,  «қан  айналым  жүйесі», 
«тіршіліктің пайда болуы» атты тақырыптар-
дағы  сабақтарда  жаңа  технологиялардың 
тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен 
қатар  сабақтарда  «кубизм»,  «топтастыру», 
«бес  жолды  өлең»,  «түртіп  алу  жүйесі», 
«венн  диаграммасы»  стратегияларын  жиі 
пайдалануға болады. Оқушылардың қызығу-
шылығын арттыру үшін осындай тиімді әдіс-
тердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүр-
лі  сабақтардан  өзгешелігі  топтап  отырып, 
оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ор-
таға  салыпталдайды.  Осы  стратегияларды 
пайдаланып  өткізген  сабақтарда  өз  ойына 
нықайтып,  өзін  еркін  ұстап,  өз  білімін  өзі 
талқылауға  оқушыларға  мүмкіндік  жасалы-
нады. 
Ортаға салған ойларын мәтіндегі негіз-
гі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде 
де  қорғайды.  Әр  топ  қағаз  бетіне  түсірген 
сызбаларды  талқылап,  сөйлейтін  оқушы  да 
топ  мүшелерімен  бөліскен  ойларын  жинақ-

 
28 
     
 
тап  сөйлеуге  дайындалады.  Бірінші  кезеңде 
оқушылар  әрі  ойланып,  әрі  еске  түсіріп,  әрі 
жазып,  өз  ойларын  саралап,  өзге  оқушылар-
дың  пікірін  тыңдап,  білімін  кеңейте  түседі. 
Ортамен  қарым-қатынас  жасай  білуге, 
басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға 
келуге,  топ  алдында  өз  ойын  қорғай  білуге, 
айта  білуге  үйретеді.  Оқушылардың  жазған 
пікірі  басқа  оқушылардың  пікірін  тыңдап 
толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде 
ойындағы негізгі қажеттігін жазады. 
Әр  мұғалім  сабақ  өткізген  кезде  оқу-
шыларға сапалы білім беру үшін жаңа техно-
логияларды  пайдалана  отырып,  сонымен  қа-
тар  компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қол-
дану  арқылы  білім  берсе,  оқушылардың  қы-
зығушылығы арта түсері анық.  
«Қазіргі 
заманда 
жастарға 
жаңа 
технологиямен 
байланысты 
әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте 
қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас 
ұрпаққа 
білім 
беру 
жолында 
жаңа 
технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру 
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп 
білемін. 
 
 
 
 
ЖАҢА ДӘУІР КЕЛБЕТІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ 
 
Турмамбетова А.Т., 
Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі 
 
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай 
сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең 
мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
 
Мемлекет  басшысы  қай  Жолдауында 
да  елі  үшін  тереңінен  тебіреніп  қарапайым 
халықтың  бар  жағдайын  қарастырады. 
Биылғы 
Жолдау 
нақты 
бағдарымен 
ерекшеленіп,  осы  күнге  дейінгі  тағылымды 
тарихымызда  мүлде  болмаған  жаңа  ұғым  – 
Мәңгілік  ел  құруды  айшықтайтын  ұзақ 
мерзімді Стратегияны жүзеге асыру жөнінде 
шынайы  бағдарлама  ұсынды.  Егер  ел  өз 
бағыты  мен  баратын  айлағын  білмесе, 
ешқандай жел оңынан соқпайтынын орынды 
айтқан Қазақстан Көшбасшысы басты міндет 
ретінде  әлемнің  ең  дамыған  30  елінің 
қатарына  кіруді  белгіледі.  Бұл  әрбір 
қазақстандық  азаматтың  мойнына  жүктелер 
ұлы міндет болмақ. Бұл міндеттер – елдігіміз 
бен  бірлігіміз,  ерлігіміз  бен  еңбегіміз 
сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен 
сынақ болатынын әсерлі жеткізді.  
Жолдауда  менің  көңіліме  қатты  әсер 
еткені, 
Президент 
қазақстандық 
патриотизмді 
дамыту 
жайына 
жеке 
тоқталды.  Яғни,  біз,  Қазақстаннан  Мәңгілік 
ел жасау идеясын жүзеге асырамыз. Мәңгілік 
ел  деген  өз  атауында-ақ  алдымызда  тұрған 
барлық 
мақсат-мұраттарды 
сыйдырып 
тұрған  өте  ауқымды  жоба,  игілікті  бастама. 
Оның  аясында  біз  тек  ұлы  жетістіктерге 
жетіп  қана  қоймай,  ел  бірлігін,  ынтымағын, 
ауызбіршілігін  сақтай  отырып,  болашақ 
ұрпаққа  жеткізуге  тиіспіз.  Сонда  Қазақстан 
мәңгілік мемлекет болады. Бүгін Мәңгілік Ел 
болудың  жарқын  болашағына  жол  сілтеген 
мемлекет басшысының осы Жолдауының ел 
өмірі үшін ерекше маңызды болары даусыз. 
Мемлекет басшысы алдағы 35 жылды 7 
«бесжылдыққа»  бөлді,  әр  бесжылдықтың 
өзінің  енді  тақырыбы  және  әрқайсысының 
мақсат-мүддесі  болатындығын  атай  отырып, 
мемлекетіміздің қуатын, әлеуетін күшейтетін 
бағытын 
межелеп 
нақтылап 
берді. 
Сондықтан қоғамымыздың әрбір мүшесі осы 
ұлы іске қатынасуы қажеттігін міндеттеді. 
Елбасының  Жолдауында  әдеттегідей 
әлеуметтік  салаға  айрықша  көңіл  бөлінді. 
Соның  ішінде,  студенттердің  стипендиясы, 
денсаулық, 
білім, 
әлеуметтік 
қорғау, 
мүгедектерге 
және 
асыраушысынан 
айрылғандарға  төленетін  жәрдемақылардың 
өсетіндігін  атап  айтты.  Қашан  да  Елбасы 
жастардың  қамын  ойлайтын  лидер  екендігін 
таныта 
біледі. 
Стратегияның 
тікелей 
жастарға  арналғанын,  оны  жүзеге  асыратын 
да,  жемісін  де  көретін  де  тек  қана  өздері 

 
 
 
29 
     
 
екенін  атап,  оларға  деген  үлкен  сенімін 
білдірді.  
Жолдауда  Қазақстанның  әлемдегі  ең 
дамыған 
30 
елдің 
қатарына 
кіру 
тұжырымдамасында 
алдағы 
жұмыстың 
ұзақмерзімді 
басымдықтары 
белгіленді. 
Аталған  басым  бағыттар  бойынша  бірқатар 
мәселелердің  шешілетіндігі  жоспарлануда. 
Өзімді  ең  алдымен  білім  беру  саласына 
бағытталған  жобалар  аса  қызықтырды. 
Алтыншы  басым  бағытында  айтқандай, 
болашақта  дамыған  елдер  қатарына  барар 
жолда  қазақстандықтардың  әлеуеті  мен 
дамуы  ілгерілеген  белсенді  әрі  білімді 
азаматтардан  жасақталған  ел  болуымыз 
керек  екендігін  ұғындырды.  Ол  үшін  әрине 
біз, ең алдымен озық және бәсекеге қабілетті 
ұлттық 
білім 
беру 
жүйесін 
құруды 
аяқтауымыз шарт. Барлық дамыған елдердің 
сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар. 
Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының 
сапасын  жақсартуда  ауқымды  жұмыстар 
күтіп  тұрғанын  атады.  Сондықтан  оларға 
заманауи 
бағдарламалар 
мен 
оқыту 
әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну 
маңызды  екендігін  айтты.  Орта  білім 
жүйесінде  жалпы  білім  беретін  мектептерді 
Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту 
деңгейіне  жеткізу  керектігі  –  әрине  бүгінгі 
күннің еншісіндегі өзекті әрі міндетті болып 
отырған  мәселелердің  бірі  екендігін  атағым 
келіп  отыр.  Бұл  жоба  шын  мәнінде  қазіргі 
орта  білім  беру  жүйесіне  ең  қажетті,  ең 
оңтайлы  әрі  нәтижелі  болары  сөзсіз.  Себебі, 
еліміздің  әр  өңірлерінде  ашылып,  халықтың 
көңілінен  шығып  отырған  бұл  зияткерлік 
мектептер халық арасындағы шын мәніндегі 
озық ойлы, қиялы ұшқыр балаларды даралап, 
оқытып,  әлемдік  деңгейдегі  балалармен  тең 
түсе  алатындай  болашағымызды  тәрбиелеп, 
оқытып,  дайындап  жатыр.  Англиядағы 
Кембридж  университетінің  білім  беру 
факультеті 
мен 
Назарбаев 
зияткерлік 
мектептері  басқармасы  бірлесе  отырып 
дайындаған 
мұғалімдердің 
біліктілігін 
арттыру курстарының І, ІІ, және ІІІ деңгейлі 
бағдарламасын 
жасап, 
Үкімет 
осы 
Бағдарлама  аясында  мұғалімдерді  өркениеті 
озық  елдердің  білім  беру  саласындағы  жан-
жақты тәжірибелер мен сынақтан өткен озық 
үлгідегі 
жаңаша 
тәсілдерді 
үйретіп, 
қазақстандық  мектептерде  сол  курста  білім 
алған  мұғалімдер  арқылы  үлкен  сынақтан 
өткізуде.  Бұл  сынақ  әрине  өз  нәтижесін 
берері  анық.  Болашақ  күттіріп  отырған 
мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын 
тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі 
оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік 
ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын 
игере алуы тиіс. 
Айрықша  айта  кететін  маңызды  жай  – 
мемлекеттік  тіліміз  бен  төл  тіліміз  қазақ 
тілінің  жағдайы.  Қазақ  тілі  бүгінде  ғылым 
мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын, 
қазақ  тілінде  білім  алатындардың  саны  жыл 
өткен сайын көбейіп келе жатқандығы - біраз 
жайттан  хабар  береді.  «Енді  ешкім  өзгерте 
алмайтын  бір  ақиқат  бар.  Ана  тіліміз 
Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! 
Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың 
ұйытқысы  ете  білгеніміз  жөн»,  -  деп  үндеу 
тастағанда өзін нағыз патриот сезінетін әрбір 
қазақстандықтың  бойын  мақтаныш  сезімі 
кернегені  анық  еді.  «Ана  тілі  халық  болып 
жасалғаннан  бері  жан  дүниесінің  айнасы, 
өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын 
бәйтерегі»,  -  деп  Жүсіпбек  Аймауытұлы 
айтқандай-ақ  тіліміздің  мәңгілік  жасары,  өз 
топырағымызда 
мәңгілік 
өсіп-өніп, 
түрленетініне  біз,  әрине  тек  қана  қуанамыз, 
шаттанамыз, мақтанамыз. 
Елбасымыз  барша  қазақстандықтарды 
біріктіріп, 
ел 
болашағының 
іргетасын 
қалаған  басты  жеті  құндылығын  атады. 
Қазақ халқы үшін қашан да киелі саналатын 
жеті  саны  бізге  қадірлі.  Бұл  құндылықтар 
көктен түсе салған жоқ, бұл құндылықтарды 
халық  уақыттың  қатал  сынынан  өткізіп,  өз 
қолдарымен 
жасаған 
әрі 
қастерлеуге 
тұрарлық  қазақстандықтардың  бойтұмары 
іспетті өте қасиетті «жетілік». Олар:  
-
 
тәуелсіздігіміз бен Астанамыз; 
-
 
 ұлттық 
бірлігіміз, 
бейбітшілік 
пен 
келісім; 
-
 
зайырлы 
қоғамымыз 
бен 
жоғары 
руханиятымыз; 
-
 
 экономикалық өсіміміз; 
-
 
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамымыз; 
-
 
тарихымыздың, 
мәдениетіміз 
бен 
тіліміздің ортақтығы; 
-
 
еліміздің 
ұлттық 
қауіпсіздігі 
және 
бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді  шешуге 
жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

 
30 
     
 
Мемлекет басшысы айтқандай осы құн-
дылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіс-
ке  ұмтылып  отырғанымызды,  елімізді  ны-
ғайтқанымызды, ұлы жетістіктерімізді еселе-
генімізді толқып айтты. 
Мемлекет  басшысы  өз  Жолдауында 
«қадірлі  халқым,  менің  серіктестерім,  қым-
батты  отандастар»  деп  үн  тастауы  оның  өз 
халқына  деген  сүйіспеншілігі  мен  мейірі-
мінің шексіз екендігінің дәлелі, оған біз әри-
не  тамсандық.  Тәуелсіздікке  қол  жеткізген-
нен  гөрі  оны  ұстап  тұру  әлдеқайда  қиын 
екендігін еске түсіріп, бұл үшін өзімізді үне-
мі  қамшылап,  ұдайы  алға  ұмтылуымыздың 
керектігін  аңғартты.  Осы  тұсқа  келгенде 
менің  ойыма  бірден  ұлы  Абайдың  мына  бір 
ғибратты  сөзі  есіме  түсіп  кетті:  «Жарысу 
деген  –  озып  келгенді  аяқтан  тарту  емес, 
қалып 
қойған 
өзіңді 
ҚАМШЫЛАУ». 
Елбасымыз  әлем  кеңістігінде  ғұмыр  кешкен 
талай  халықтың  басынан  өткен  өзара 
алауыздық 
пен 
жан-жаққа 
тартқан 
берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға 
жібергендігін  ашына  айтқандай  болды.  Сол 
үшін  бізге  жүктелер  міндет  –  бірлік  пен 
ауызбіршілік, татулық пен келісім. 
Мемлекет басшысының үндеу соңында 
айтылған  түйінді  ойы  -  байлығымыз  да, 
бақытымыз 
да 
болған 
Мәңгілік 
Тәуелсіздігімізді 
көздің 
қарашығындай 
сақтай білуіміз керек делінген  тілегі адамды 
жігерлендірді, 
қайрады, 
талпындырды, 
үміттендірді,  сенім  ұялатты.  Өз  ойымды 
топшыларда айтарым - бүгінгі XVIII Жолдау 
халыққа  құт  болып,  елге  ырыс  әкеледі  деп 
сенемін.  Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл! 
Бірлікте болайық! Ілгерілейік!  
 
 
 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 
 
Умарова А.С., 
Ақтөбе қаласы №5 ОМ мұғалімі 
 
Бүкіл  дүниежүзілік  білім  беру  кеңісті-
гіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстан-
да білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс 
педагогика  теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісі-
не нақты өзгерістер енгізуімен қатар елімізде 
болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру 
қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  та-
быстарды  сын  көзбен  бағалай  отырып  сара-
лауды, оқушылардың шығармашылық әлеуе-
тін  дамытуды,  мұғалім  іс-әрекетін  жаңаша 
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бүгінгі 
таңда  мектептің  оқу  үрдісін  жетілдіру  үшін 
инновациялық  білім  беру  технологияларын 
пайдаланудың  тиімділігін  өмірдің  өзі  дәлел-
деп отыр. 
Оларға  бірдей  талап  қойып,  олардың 
табиғи  қабілеттерін,  нақты  мүмкіндіктерін 
анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күн-
нің өзекті мәселесі. 
Сабақтың  қызықты  өтуі  мұғалімнің 
үнемі  іздену,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолда-
ну,  оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына 
байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инно-
вациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін 
сабақ  барысында  пайдалана  отырып,  сабақ-
тың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді. 
Ал білім беру технологияны пайдалану 
міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра 
отырып,  мүмкіндік  деңгейге  жеткізеді.  Сон-
дықтан  мұғалімнің  біліктілігін  көтеру  мен 
шығармашылық  педагогикалық  әрекетін 
ұйымдастыруды  қазіргі  педагогикалық  тех-
нологияларды меңгерудің маңызы зор. 
Инновация – латынша аударғанда  «жа-
ңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді 
екен. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, ин-
новация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық 
арада  пайда  болған,  бұрынғының  орнын  ба-
сатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес 
енгізілетін  жаңалық  болып  шығады.  Бұл 
әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қа-
білеті, белсенділігін қалыптастыру, оқу мате-
риалдарын өзінше пайдалану арқылы таным-
дық  белсенділігін  арттыру  алға  шығады. 
Мұның ерекшеліктерін негізінен мыналар: 

 
үйренушінің 
белсенділік 
іс-әрекетін 
дамыту; 

 
 
 
31 
     
 

 
оқыту  мен  үйретудің  өзара  үйлесімділігін 
қалыптастыру; 

 
мұнда  үйренушінің  танымдық  үрдіске 
белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; 

 
көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану 
арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер 
ету; 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану-
да  мұғалім  сабақты  дайын  күйінде  бағалай-
ды. Оқушының өзі ізденіп, өз бетінше игеріп, 
ал  мұғалім  негізгі  міндетті  оқушының  іс-
әрекетін бақылау жатады. 
Әдіскер  С.Көшімбетова  өзінің  зертте-
уінде  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқытудың  инно-
вациялық  әдіс-тәсілдерін  қолданудың  мы-
нандай ерекшеліктерін атап көрсетеді: 

 
дамыта оқыту технологиясы оқу  – тәрбие 
үрдісінде 
«Оқушы  –  субъект,  мұғалім  –  объект» 
тұрғысынан  қарастырып,  оқушыны  ұдайы 
шығармашылық ізденіске бағыттайды: 

 
саралап  деңгейлеп  оқыту  технологиясын-
да  оқытудың  мазмұны  мен  әдістері  шығ-
армашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде 
адамның  инновациялық  қабілеттерінің  қа-
лыптасуына бағытталады: 

 
дербес  оқыту  технологиясы  оқу-тәрбие 
үрдісінде  игерту  үшін  ізгілік  адамгершілік 
қасиеттерін қалыптастыра отырып, жеке тұл-
ғаның  әлеуметтік  жауапкершілігін  арттыра-
ды: 

 
иллюстрациялы  түсіндірмелі  оқытуда 
«адам-қоғам-табиғат  үйлесімдік  бағыттағы 
дүниетанымында  жүйелі  саналы  мәдениет 
қалыптастырады» 

 
ақпараттық  бағдармалап  оқыту  оқытудың 
мазмұнын  пәнаралық  байланыс  тұрғысынан 
ұйымдастыру; 
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қа-
жет. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің басты 
талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, 
сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, бі-
лімділік  деңгейге  жеткізу.  Осы  мақсатта  са-
бақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта із-
деністе  болады.  Қазіргі  уақыт  талабына  сай 
мен  де  өз  сабақтарымды  жаңаша  ұйымдас-
тырып, өзіндік тың ізденіске талпынып оты-
рамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды 
халық  педагогикасы  негізінде  тәрбиелеп, 
оқушылардың  сабаққа  қызығуын  арттырып, 
сабақ беру  әдісінің түрлерін пайдаланып ке-
лемін.  Мен  қолданатын  сабақтың  жаңа  түр-
лері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жү-
ру  барысына  қарай  дамытпалы  саяхат,  аук-
цион, ұжымдық  сынақ, ертегі, панорамалық, 
интерактивті 
сабақтар, 
интеллектуалды 
ойын, тест әдістемесінен өткізіп келемін. 
Оқытудың  сапалы  болатындығы  және 
ең  бастысы,  оқушылардың  пәнге  деген  жа-
уапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс іс-
теу ынтасы, оқушының ізденушілік – шығар-
машылық  зерттеушілік  қабілеттері  артады. 
Демек, әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде 
түрлі  инновациялық  және  интерактивтік 
әдістемесін 
пайдалана 
білсе, 
сабақ 
сапасының жақсара түсетіні сөзсіз. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет