37
луіне, саусақ буындарының дамуына, жалпақ
табан болмауына,сымбатты әрі сұлу болып
өсуіне үлкен мән берген. Бөбектерді тәрбие-
леуде ұлттық ойындардың берері мол. Қазақ
халқы саусақ саусақ ойынын арқылы бала-
ның саусақтың буыны сөйлеуге деген тал-
пынысын, қабылетін дамытқан. «Бес сау-
сақ», «Қуырмаш», «Санамақтар» ойындарын
ойыната отырып саусақпен қоянның, иттің,
құстың, аңның, бейнелерін көрсетуге бола-
ды. Ойынның түрі көп. Ойынның түпкі ны-
саны балалардың ойына қиялына қанат бе-
ріп, ойын ұштау, қимылды қозғалыс жатты-
ғуды жасауға төселдіру.
Жылдың ІІ жартысында «Арқан тарту»
ойынын ойыната отырып, балаларды батыл-
дыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулыдым.
Ойынды өткізу арқылы балаларды қазақ
халқының дәстүрін, әдет-ғұрпын жоғалтпай,
одан әрі дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспен-
шілігін жастайынан сіңіріп, құрметтеуге тәр-
биелеймін. Қимылдық ойындар алдымен ба-
лаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар бала-
лардың қозғалысын жүгіру, жүру, секіру, өр-
мелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға,
дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қимылдық ойындар баланың жүйке-психи-
калық дамуына жеке басының аса маңызды
салаларының қалыптасуына да үлкен әсері
етеді. Ойындардың барысы мен жүйелігіне
үлкен мән берем. Осы балалармен дене шы-
нықтыру сабағын ойын түрінде осы осы жас-
тағы сәбиге ұқсап кетемін. Мысалы: Түлкі
оянып кетепес үшін аяқ ұшымен жәй жүре-
міз, қане тұра қалып балапанның қимылын
жасаймыз. Су ішеміз, еңкейіп, шалқайып,
тойдық, қарынды аша алма кезек қолмен
сипаймыз, қыт-қыт қанатымызды жаямыз.
Ильнара осы ойынды ойынап тұрып
«түлкіден қашайық» - деп шкаф артына ты-
ғылады. Ал қалған балалар жан-жаққа қа-
шып, тағы ойынайықшы апай деп жатады.
Сабақ қалай өтіп өтіп кеткенін білмей қала-
мыз. Негізгі жаттығуға допты домалатуды
алғанда, құрсау астымен екі қолмен допты
домалатып «допты ұста» ойынын ойнатамыз.
Менің тобымдағы балалар дене шы-
нықтыру сабағы болады дегеннен қуанып,
аяқ киімдерін шешіп, дайындала бастайды,
өте қызығушылықпен қатысады. Балаларға
жатттығуларды доп орамал сылдырмақпен
жасаған ұнайды. Соңғы уақытта балалармен
пластмассадан жасалған голошпен жүргізіп
екі топқа бөліп жарыс өткізіп жүрміз. Одан
қолды «Маймыл ізі» деген жолмен жүріп
өтуді үйретудеміз. Жыл басында бұл ойынды
колоннаға тұрғызып алғанбыз «Поезд» ойы-
ны. Ол кездері балалардың ішінде Нұрдау-
лет, Ақнұрлар жіберіп қосып ойын бұзыла-
тын, қазір балаларға ойыннның атын айтсаң
тез жинала қалады. Отырып тұру тепе-тең-
дікті сақтауға «Күн мен түн» ойынын ойнату
арқылы балалар өз денелерін еркін ұстап
отырып тұра алатын болды. Лақтыру, қағып
алуға «қар лақтыру», «қағып алу» ойынын
ойнату арқылы балаларды допта Себебі доп-
ты түсіріп ала берген соң оларға жерден алма
тереміз. Осдан кейін ара қашықтықты 50 см
қылып, қағып ал деп төселдірім. Балаларға
дене шынықтыру сабақтарындағы әр қимы-
лды меңгертуді ойын түрінде көрсете оты-
рып, олардың жетістіктерін мадақтап отыр-
сам балалар өте үлкен әсер алып, тағы да
жасайық, тағы ойынайық деп тұрады. Жалпы
табанға қарсы қарсы шөп, тас, қақпақ үсті-
нен жүрзіземін. Ойын үстінде қане балапан-
дар көк шалғынға жайылайық десем балалар
шөп үстімен жүреді. Бірде Ақниет апай ая-
ғымды қытықтап жатыр деп күлді. Сол кезде
қалған балалар тұрып қалды, ол енді бір ра-
хаттана тұрып өтті. Осы жолдарды сабақтан
тыс уақытта ұйқыдан тұрғанда жүріп өтуді
қадағалаймыз. Тас үстімен жүргенді балалар
жақсы көреді. Айта кетейін Бағдаулет атты
бала жаттығуды жақсы жасайды. Бірақ кеш
балалардан соң. Ол баланы балалармен жа-
сау үшін сен өскенде салдат боласың сол кез-
де бірдей жасамасаң салдат қылмайды деп
айтқанда ол қазір ілесіп жасайтын болды.
Ойын кезіндегі әр баланың бетіндегі күлкісін
көресіз. Әліде болса ойынға тоймай тұрға-
нын байқайсыз. Күнделікті Нина апайдың
массаж түрлерінде балалр жақсы жасайды
оған деген қызығушылығы мол. Осы массаж
түрлерінде сабаққа бой жазуға қолданып
тұрамын. Мысалы:
әрқашан тістерің мықты болсын,
әрқашан тырнақтарың мықты болсын
әрқашан көздерің қырағы болсын
әрқашан қол-аяқтарың шапшаң болсын
құлақтарың сақ болсын және басқа
түрлерін де қолданамыз.
Ойынды сабақ соңында өткізгенде де
сабақты ойын түрінде бала өміріне өте маңы-
38
зы зор. Тек қана дене шынықтыру сабағы
емес тілдатыу, сенсорлық тәрбие ,айналамен
танысу, жапсыру, сабақтарымен де қимылды
ойынды ұштастыра білдім. Мысалы: сабақ
соңында «не жоқ», «не өзгерді?» ойында-
рында қолданған: аю, қоян, түлкі, ұшақ, ма-
шина, поезд, ойыншықтарының атын ата-
тып тіл дамыту үшін қимылдарын жасаттым.
«Түсін айыр» ойынын алғанда доп түстеріне
қарай шелекке салу. Алғаш кездері бір-бірі-
мен ойынатсам кейін екі топқа бөліп жарыс-
тырдым. Бала түсін айыра біледі және жыл-
дамдыққа тәрбиеленді. Жапсыру «жапырақ»
ойынын ойынаттым. Жерде шашылып жат-
қан жапырақты жинаттым. Қағаз бетіне
ұжымдық жұмыс жасадық. Ойынды қызыға
ойынаймыз, бірақ соның ішінде 2-3 бала
қатыспай қалады. Жансеріктің тілі енді шы-
ғып келе жатыр, қимыл қозғалысы жай. Ол
баламен жеке жұмыс жасау үстіндеміз.
Мақсатым баланың тілін дамыту қимылын
ширату. Доп туралы өлең шумағын шамасы
келгенше айтқызып, доп болып секіруді үй-
реттім. Аю туралы жалпақ тілін жаттықты-
рып қимылын көрсетіп қайталауды дағды-
ландырдым. Жармаханның тілі жоқ ой-қи-
мылдың, ойынға жоқ құрастырып немесе
ойыншықты жинауды жақсы көреді. Оны
жүгірту үшін «Кім бірінші» ойынын ойна-
ғанда мәреге алма қойып қызықтырып
жарыстырып жүгіруді жәйлап-жәйлап мең-
гертім, түрлі қимылдық ойындармен ата-
анасымен ескетріп үйде секіртіп, жүгіртіп
ойынайтын ойынды ойынауға жетелеуін
допты қуғызып немесе сол сияқты секіртуін
өтіндім. Біздің топтың ата-аналары балала-
рын өте жақсы қарайды. Тәрбиешілермен
тығыз байланыста болады. сабақтарға керек
киімдерді дер кезінде жеткізіп, бірдей фор-
мада болуына үлкен көмек береді. Балала-
рының қалай сабаққа қатысатынын сұрап
тұрады. Біздің берген тапсырмамызды бұл-
жытпай орындайды. Мысалы: үйде берген
қандай ойын ойынағанын сұраңдар. Сабақ
туралы сұраңдар деп айтып отырамыз. Ал
ата-аналар бізде қандай сабақ қандай ойын
болатынын балалары біліп отырады. Екі жақ-
тан баланың меңгере алмаған жаттығуларын
меңгертуге көмектесіп отырады. Балалары-
ның былтырғы жылдан өсіп тіл байлығының
дамығанын қимыл-қозғалыстарының ширақ
екенін айта келе ата-ана Елнұрдың апасы
бәрі-бәрі тәрбиешінің еңбегі балабақшаның
тәртібі деп қуанады.Осы тұста менің айта
кететінім биылғы жылға алған ашық сабаққа
дене шынықтыруды жақсы балаларға ойын
түрінде меңгертік, сонымен қатар мед.бике
Еңсепова Сұлудың еседіне сүйенсек ауру
бала өткен жылға қарағанда азайғаны олда
болса тәрбиешілердің бала денсаулығын
нығайтудағы еңбегінің жетістікке жеткені
деп білемін.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Жубаева Ж.О.,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және
бастауыш білімді дамыту» кафедрасының аға оқытушысы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан»
партиясының ХVI съезінде 5 институттық
реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100
нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынып, Қазақ-
стан халқы өз жері мен оның байлығының
ұқыпты иесі болуға үйреніп жатқанын, жаңа
технологияларды меңгеріп, тарихта ешқашан
болып көрмеген өндірістік қуаттар мен
экономиканың тұтас салалары іске қосылып
жатқанына тоқталған болатын. Онда «Ең
бастысы - біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз
Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған
жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамас-
тан, ел мен қоғамды дамытуда нақты мін-
деттер қоюды және оларды шешуді үйрендік.
Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа
қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның
басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан
«2050» Стратегиясымен пара-пар» делінген.
Елбасы заң арқылы жүзеге асатын жаңа
нормалардың, тың новеллалардың ерекше-
ліктерін түсіндіріп, мемлекеттік қызметті
жаңғыртудың негізгі қырларына тоқталады.
«Мен бұны Қазақстандағы барлық жаңғырту
үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі
ретінде қарастырамын», - деп атап өтеді.
39
Осы тұрғыда елімізде жүргізіліп жа-
тырған жарқын саясат білім беру ісін де жа-
ңартуға серпін берді. Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәй-
кес білім беру мақсаты мен міндеттері оку-
шыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес ке-
летін белгілі бір біліммен қаруландыруды
және ұлттық сана-сезімін тәрбиелеуді көз-
дейді. Педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық
құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат
екені анықталып, жаңартылған білім беруге
бағытталған бағдарламалар жарық көрді.
Бағдарлама негізінде сабақтарды ұйымдас-
тыру кезінде жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіру
мұғалім шеберлігін талап етері сөзсіз.
Қазақстан Республикасында орта білім маз-
мұнын жаңарту аясында «Назарбаев Зият-
керлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық ше-
берлік орталығы әзірлеген бастауыш сынып
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдар-
ламасы шеңберінде жалпы білім беру ұйым-
дарында қолдануға арналған жаңартылған
оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары және
бағалау модельдері көрсетілген. Біліктілікті
арттыру курсының жалпы мақсаты оқыту-
дың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы
Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне
арналған орта білім мазмұнын жаңарту бол-
ғандықтан тәсілдер туралы ойлануға және
меңгерілген білім мен ақпараттарды мұға-
лімдерді оқыту барысында тиімді ұсынуды
жоспарлауға мүмкіндігі болады.
Курстар кезінде тренерлер үшін сенім-
ді, жауапты, парасатты, шығармашыл және
белсенді болу, тәжірибелік дағдыларды ұда-
йы дамыта отырып, білім алуға ынталы бо-
идеяларымен бөлісіп, сабақ
барысында да және сабақ аяқталғаннан кейін
де әріптестік қарым-қатынасты сақтау ма-
ңызды екеніні есте ұстаған абзал. Бұл өз ке-
зегінде курс тыңдаушыларының да бірқатар
қабілетке ие болуын көздейді. Айта кетсек,
өз пәнінің өзекті білімімен қоса функцио-
налдық сауатының, ақпараттық-коммуника-
циялық технологияларды игеруін, шығарма-
шыл әрі сыни ойлауы ұшқыр болуын талап
етеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің кәсіптік ше-
берлігін жетілдіру олардың өз тәжірибесімен
бөлісіп, кері байланыс алуының арқасында
дамитындығын саналы түсінуге апарады.
Мұғалімдермен туындаған сұрақтар негізін-
де дер кезінде ашық кеңесу, ортақ талқы-
лаулар жүргізу арқылы дұрыс жұмыс жасау
бағытын беру назардан тыс қалмауы тиіс. Бір
сөзбен айтқанда, мұғалімдердің сөйлеуі, ой-
лауы мен өзара қарым-қатынасы бақылауда
ұсталып, алға дамуға үлес қосуды мақсат ету
керек. Себебі, педагогикалық шеберлік деге-
німіз - мұғалімнің дидактикалық, ұйымдас-
тырушылық, эмоционалдық көңіл-күй мен
сөйлеу техникасын басқара білу дағдысы.
Белсенді оқыту үдерісі арқылы мұғалімдер-
дің кәсіби біліктілігін арттырудда анықтала-
тын ерекшеліктері:
Дидактикалық қабілет мұғалімнің оқу ма-
териалын жеткізу қабілеті, оқушының білім
дәрежесін, іскерлігін, дағдысын ескеруі;
Инновациялық қабілет зерттеушілік, ақпа-
раттылық, педагогикалық және ұйымдасты-
рушылық, басқарушылық қызметі;
Академиялық қабілет мұғалімнің өзіндік
қабілеттері негізінде өз кәсіптік шеберлігін
жетілдіру, өз бетімен зерттеу жұмыстарын
жүргізу қабілеттері.
Білім берудің қазіргі заман талабы - әр
мұғалімнің өз қабілетін жетілдіре отырып,
оқушылардың өмірлік кәсіби шеберлігін арт-
тыру және қалыптастыру, қазіргі сапа стан-
дартының кәсіптік білім беру саласы бо-
йынша берген нұсқауларына, олардың білік-
тіліктеріне сай әрекет ету. Бастауыш сынып
мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің
мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қам-
тиды. Біріншіден, мұғалімнің шеберлігі өз
қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің
белсенділігі арқылы іске асырылады. Еге-
менді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы
да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді,
интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы
дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде
бастауыш мектептің алатын орны айрықша
екені белгілі. Бастауыш мектеп балаға жаңа
әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесі-
нің қалыптасуына негіз салады. Жалпы бала-
ның алғашқы күннен қолына қалам ұстатып
әліппені жаттатқызатын - бастауыш сынып
мұғалімі. Сандықтан да алғашқы білім алу
кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің
бірі болып саналады. Демек, баланың қандай
білім беру мекемесінен және қандай мұға-
лімнен білім алғанына байланысты. Ол алған
білімдерінің сапалық құндылығы келешекте
баланың сабақ үлгеріміне және жеке тұлға
40
ретінде қалыптасуына қатты ықпалын
тигізеді.
Ал тәлім-тәрбиенің сан-салалы, күрделі
мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күн-
делікті тұрмыста кездесетін еңбек дағдылары
арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін
білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағында
еңбек дағдысы мен іскерлік қабілеттері
мектептің жоғары сыныптарында өз жалға-
сын табып, тереңдетіліп отырады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті —
жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қа-
лыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген се-
німін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын
қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын
оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын
басты тұлға бастауыш сынып мұғалімі бол-
ғандықтан жаңартылған білім бағдарламасы-
мен жұмыс жүргізуде де алар орны ерекше
болмақ. "Адамның адамшылығы жақсы ұс-
таздан болады", деп қазақ халқының ұлы
ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен бүгінгі
жаңашыл талапты мектеп мұғалімі оқыту
үдерісіне тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, әрбір
сабақты ұтымды ұйымдастыруы үшін кәсіби
шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті жо-
ғары болғаны жөн.
Қорыта келгенде, оқыту үдерісінің жа-
ңаруына қажетті шарт кез-келген педагоги-
калық жүйенің басты тұлғасы болып табыла-
тын мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін
арттырумен нәтижелі болмақ. Ал бастауыш
сынып мұғалімінің кәсіби шеберлігіне байла-
нысты мәселелер көптеген жауапкершілікті
талап етеді. Сондықтан әр мұғалім оқу ісі
мен оқушыларына білім беру үрдісіне жауап-
кершілікті сезініп, жаңа идеяларға көңіл
көкжиегін ашуы керек деп есептеймін.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Калимагамбетова А.,
Темір ауданы Шұбаршы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең.
"Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көр-
сеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кет-
кендей, және де ұстаздың өзі адам құнды-
лықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза
адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген
соны технология, технологиялық дәуір. Осы-
ған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өске-
лең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ой-
лы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей біле-
тін, туған Отанын, жан-тәнімен сүйетін аза-
мат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жете-
леудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27
қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаң-
ғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында
білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім
беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің
түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйре-
туі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқу-
шылардың функционалдық сауаттылығын
дамытудың бес жылға арналған Ұлттық ша-
ралар жоспарын дайындау жөнінде нақты
тапсырма берген болатын. Осы міндетті жү-
зеге асыру барысында оқушыларының функ-
ционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жос-
пардың
мақсат,
міндеті
нақтыланып
жасалды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық да-
муының стратегиялық бағыттарына сәйкес
білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік
білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі
бағдар адамды қоғамның ең маңызды құнды-
лығы ретінде танып, оның рухани жан-дү-
ниесінің дамуына, көзқарастары мен шығар-
машылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі
мен мәдени құндылықтарының жоғары дең-
гейде дамуына, жеке тұлғасының қалыпта-
суына жағдай жасау.
Білім берудің жаңа бағыттарының бас-
ты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын
ала болжап, мұғалімдердің қызығушылық-
тары мен ізденімпаздығы негізінде білімі
мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісі-
нен» терең зерделей отырып, ғылыми-шы-
ғармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және
41
рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыру-
ды бағдар тұтады. Білім беруде оқыту мен
тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталуы басты
орынға шығуына байланысты, мұғалім бала-
ның қызығушылығын, бейімін, таным про-
цестерінің даму деңгейін білуі маңызды. Бас-
ты мақсат-қарқынды дамып келе жатырған
ортада өмір сүруге қабілетті, құзіреттіліктері
дамыған, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін
айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына
сай өзін-өзі көрсете білуге бейім, зерттеуші-
лік қабілеті қалыптасқан, жоғары білімді
шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы функционалдық сауаттылық
адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мә-
дени, саяси және экономикалық қызметтерге
белсене араласуы және өмір бойы білім алу-
ына ықпал ететін базалық факторы. Яғни
бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына
қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционал-
дық сауаттылық адамның мамандығына,
жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп
отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын
функционалдық сапалар: белсенділік, шы-
ғармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабыл-
дай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қа-
білеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның фи-
зикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бе-
йімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
болып
табылады.
Осыған орай Ұлттық жоспарда функ-
ционалдық сауаттылықтың төмендегідей не-
гізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық
жоспардың жоғарыда аталған мақсат, мін-
деттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетік-
тері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқу-
шыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту
үшін
білім
беру
жүйесінде
басшылыққа алынады.
Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар,
оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдар-
ламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемле-
кеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын
реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке
негізделген достық қалыптағы білім беру
ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен
тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Бүгінгі таңда Оқушыларының функ-
ционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағ-
дарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Со-
ның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын
орны ерекше. Әдебиет – оқушыға беймәлім
өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет ар-
қылы біз оқушыларға ұлттық болмысымыз-
ды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Қазақ
тілінің грамматикасын терең меңгерген оқу-
шы, қоғамның кез келген саласында қинал-
май жұмыс істеп, өзінің функционалды са-
уаттылығын көрсете алады.
Әдебиет пәні мұғалімдеріне ауызекі
сөйлеуді оқыту жұмыстарына, негізінен, лек-
сикалық жадығаттарға құрылған, соңында
қажетті нәтижеге жеткізетін қатаң талаптар
қатарын ұсынады. Ш.Х.Сарыбаев сабаққа
төмендегіше әдістемелік талаптарды қояды:
Біріншіден, көрнекілік қағидасы. Бұл
қағида тіл үйренуші әлі сөз білмейтін шақта,
тілге үйрету жұмыстары жүргізілетін баста-
уыш кезеңде, өте қажет. Және де жұмыс жағ-
дайында өздеріне жақсы таныс болған, айна-
ласындағы заттар еске де тез сақталады.
Екіншіден, бірінші сабақта берілетін сөздер
бір тақырып аясында болуы қажет. Бұл қара-
пайым жалаң сөздерді үйреткеннен гөрі, бір-
бірімен тез, жеңіл байланыстыруға болатын
сөздерді үйрету үшін қажет. Олардан сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрай алуы керек.
Бұл олардың есте сақталуына көмектеседі, ал
бұл ең басты мәселе. Үшіншіден, сабақта әрі
жазба жұмысы, әрі ауызша жұмыс түрлерінің
болуы қажет. Төртіншіден, жаңа сөздерді
оқытуда сөйлесім әрекетінің барлық түрлері
(оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) –
қолданылуы шарт. Бесіншіден, ауызекі сөй-
леуге оқыту қарапайымнан күрделіге қарай
сатылы түрде құрылады. Тіл үйренуші алды-
мен сөзді таниды, сосын сөздерді бір-бірімен
тіркестіреді, әрі қарай жай және күрделі сөй-
лемдерді құрайды, ең соңында қарапайым
мәтіндерді құрастыруға көшеді. Алтыншы-
|