Әдістемелік баяндама Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану



бет4/10
Дата07.01.2023
өлшемі49,19 Kb.
#60604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Оқу процесінде қолданылатын АКТ құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критериі ретінде АКТ құралдарын әдістемелік тағайындау облысы болатын жол болып табылады.
Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л. С. Выготскийбылай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді».
Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.
Ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары, ашық білім беру жүйесінде, мұғалімдерге осы уақытқа дейін қол жеткізе алмаған, оқыту мазмұнын жылдам жаңарту және жаңа білім мен технологиялар пайда болған сайын оқыту жүйесін жаңадан құру мүмкіндіктерін береді. Ақпараттық технологиялар мұғалімді дәстүрлі оқыту жүйесіне тән күнделікті оқыту материалын баяндау сияқты қызмет түрлерінен босата отырып, мұғалімге еңбек етудің интеллектуалды формаларын ұсынады.
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – ақпараттық – коммуникативтік технологиялары арқылы білім мазмұнын жаңарту. Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық – коммуникативтік технология дегеніміз - адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы.
Ақпараттық – коммуникативтік технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық – коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады (2 - сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет