Әдістемелік баяндама Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану


Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі



бет8/10
Дата07.01.2023
өлшемі49,19 Kb.
#60604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенемен жас жеткіншектер үшін ойын- ең маңызды іс-әрекеттің бірі.
«Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс.»
Ойын- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін «ойын»- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады., оқушыларды жалықтырмайды.
Ойын өткізуді ережелері:
1.Ойын оқытудың маңызды, байыпты түрі.
2.Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.
3.Оқушылардың барлығы іс-әрекетте болуы керек.
4.Оқушыларға даяр жауап берместен бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.
5.Көбірек ойнау керек. Қызықты жағымды ойындар барысынды оқушылар қызығып оқып үйренеді.
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

  • Қисынды ой-қабілетін дамытады

  • Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

  • Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

  • Зейіні қалыптасады

  • Байқампаздығы артады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

  • Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім жылдам?», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні», «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды.
Мысалы:
Бүгін Анардың туған күніне
Ақ тоқаш пісірдік
Үлкендігі мынадай
Кішкентайлығы осындай
Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш
Біреуді сайлап, өзің қаш.
Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет