Шығармашылық жұмыс түрлері Сынып жетекшісі ретінде жүргізілетін жұмыс
Озат тәжірибені оқып үйрену және зерттеу мақсатында жүргізілетін жұмыс
Үйірме жетекшісі ретінде жүргізілетін жұмыс
Кабинет меңгерушісі ретінде жүргізілетін жұмыс
Олимпиадалық резервтер дайындау мақсатында жүргізілетін жұмыс
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде жүргізілетін жұмыс
Пән мұғалімі кәсіби шеберлігін шындау мақсатындағы жүргізілетін жұмыс
Дарынды балалардың қабілетін ұштау мақсатында жүргізілетін жұмыс
Әдістемелік жұмыс – бұл педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психология-педагогикалық даярлығы мен кәсіби шеберлігін жоғарылатуға бағытталған жүйелі ұжымдық және жеке қызмет. Әдістемелік қызмет келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жан-жақты көтеру;
Жалпы педагогикалық ұжымының шығармашылық әлеуетін дамыту мен жоғарылату;
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың оқу, тәрбие және даму дәрежесінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Әдістемелік жұмыста басшылыққа алатын нормативтік – құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жанындағы сырттай оқу мектебінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың олимпиадасын өткізу туралы ережесі
Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту концепциясы
Балалар құқығы туралы Конвенция
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты
Бірлестік құжаттары1. Бұйрық 2. ӘБ ережесі 3. Бірлестік құрамындағы мұғалімдердің міндеттері 4. Өткен оқу жылындағы істелінген жұмыстардың есебі 5. Жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың мақсат, міндеттері, тақырыбы, жұмыс жоспары 6. Бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы жалпы мәлімет (мәлімет туралы банк) 7. Өз білімін жетілдіру туралы мәлімет 8. Өткізілетін семинар, конференция, дөңгелек үстелдердің кестесі 9. Аттестациядан өтетін мұғалімдер туралы мәлімет, кестесі 10. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы мәлімет, кестесі 11. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың өткізілу жоспары 12. Іс - тәжірибесін тарату 13. Әдістемелік апталық өткізу жоспары 14. Үйірмелер мен факультативтерге арналған бағдарламалар 15. Пән бойынша оқу бағдарламасының және оқу – әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат 16. Күнтізбелік жоспар 17. Жас мамандармен жұмыс жоспары 18. Пән бойынша апталық өткізу жоспары 19. Бақылау нәтижелері 20. Бірлестік отырысының хаттамасы