Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында Құлагердің мерт болуы қай бөлімде айтылады? А) Ас
В) Жалғыз қазық
С)«Бай-бай, Құлагерім!..» Д) Құлагер
Е) Егес
Бұқар жыраудың толғауларын көрсетіңіз. А) «Тілек»
В) «Ердің бақыты – әйел» С) «Ай, Абылай, Абылай!» Д) «Не қымбат?»
Е) «Айналайын Ақжайық»
F) «Күлдір-күлдір кісінетіп»
Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігінде» кездесетін 3 тұжырымды белгілеңіз (√).
Тұжырымдар
|
√
|
1) Үлкен ағам Қожабай көлінің басынан Лебяжі теміржол стансасына алып
шықты.
|
|
2) Біздің қазақтардай киіз үйде не керует, не абдыра-сандық, не кілем жоқ.
|
|
3) «Қасқыры мен түлкісінің ен-таңбасына дейін білемін.»
|
|
4) Таспа – Жырғалаң жазығын Түп алқабынан бөліп тұратын тау жотасы.
|
|
5) Аягөз дегенің – шағын ғана станция.
|
|
Берілген үзінділерді шығарма атауларымен өзара сәйкестендіріңіз.
Жазушылар
|
Шығармадан үзінділер
|
Сәйкестендіру
жауабы
|
1. М.Дулатұлы
«Бақытсыз Жамал»
|
A) Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала
қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен.
|
1
|
2.Б.Майлин «Шұғаның
белгісі»
|
B) Ғали бір болыста басқа ауылнайға
қараған Дүйсебек деген кісінің баласы еді.
|
2
|
3.Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»
|
C) Көкек туа елге оралған Сырым екі-үш апта ешкіммен тілдеспей, үйінде тым-
тырыс жатып алып-ақ еді...
|
3
|
4. Б.Момышұлы
«Ұшқан ұя»
|
D) Менің бір Базарбай дейтін інім сол
Есімбектің қойын бақты.
|
4
|
5. Т.Ахтанов «Күй аңызы»
|
E) Бесікте жатқанда құлағына анасының
әлдиі сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын.
|
5
|
6. Қ.Мұханбетқали ұлы
«Тар кезең»
|
F)Жаңыл нарды үйге жақынырақ әкеліп
байлады.
|
6
|
16
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятынан үзінді
Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдіріндей осы аппақ. Үстінде
шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды.
Маған қарап Шұға күлді.
Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды.
Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға.
Артыма
жалт қарасам, екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім.
Әбдірахман ғой, - дедім.
Әбдірахманың кім?
Қазақбайдың баласы.
Ия, әлгі учитель баласы ма?
Ия.
Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді.
...Әбдірахман
мектепті бітіргенде, дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп, песірсіз тұр еді. Әбдірахманға
песір бол деп жабысты, оған да болмады. Жамантік болысындағы бір байдың школына барып, бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе?» - деп қалжыңдады.Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды.
(247 сөз)
Тапсырма:
Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.
Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Н. Айтұлының
«Бәйтерек» поэмасында жырланған қазақ халқының өткені мен бүгінін
салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап,150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
17