Бағалаудағы критериалды тәсілдер
Білім берудегі технологиялық тәсілдің маңызды ерекшелігі мақсаттың болуы, ол өз кезегінде мұғалімге өз жұмысы мен оқушының әрекетін бағалап, білім беру үрдісіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияда мақсаттар нақтылануда.Оның нәтижесінде мұғалімнің нақтылауынан кейін келесі қасиеттерге ие мақсаттар тұжырымдалуы тиіс:
оқытудың мақсаты, мазмұны және пәннің логикасымен қисынды байланысқан;
өлшемді(оқитындардың алған білім, білік, дағдысы көлемінде);
белгіленген уақыттық межесі бар.
Бағалаудағы критериалды тәсілдер:
Оқу мақсаттары: Білім беру жүйесін жобалаудағы «Кері дизайн»;
Бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау;
Бағалау критерийлері: ойлау деңгейлері (білу, түсіну, анализ, синтез, бағалау), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар;
Бағалау шәкілі: белгілі пайыздық қатынаста бағалау рәсімдері топтамасының балдар қосындысы ретінде;
Бағалау қағидаттары.
Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі» деген анықтама берген. Ол әдебиеттерге талдау жасай отырып, оқу мақсаттарын қоюдың негізгі тәсілдерін қарастырады:
1.Мақсатты зерделеленетін мазмұн арқылы анықтау.
Мақсат қоюдың бұл тәсілі неғұрлым кеңінен танылған дәстүрлі жол болып табылады(мысалы, «Параграфтың мазмұнын оқу...», «Теореманы зерделеу...»).Оқытудың технологиялық тәсілінің жақтастары бұндай мақсаттарды сөзсіз жеткіліксіз деп есептейді, себебі оған қол жеткізілгенін бағалау өте қиын.Дегенмен, бұл мақсаттар қолдануға жарамды, себебі олар оқытудың мазмұнын көрсетіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |