Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады.Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді(мысалы, «Оқушыларды ...таныстыру», «... көрсету», «... түсіндіру». Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.
3. Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою.Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді(мысалы, «білігін қалыптастыру (дамыту)», «оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»).Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады.Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ.
4.Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы. Мақсаттардың бұндай тұжырымдамасы сабақты жоспарлау мен өткізуге анықтық, белгілілік енгізеді(мысалы, «Сабақтың мақсаты-шешу(орындау, шығару)».Бірақ мақсатты бұлайша етіп қою мұғалімге оқушы қол жеткізген нақты нәтижені анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызады.
Сонымен, педагогикалық технологияда оқу мақсаттарын қоюдың қандай тәсілдері неғұрлым тиімді болып табылады? Оқытудың мақсаты оқушының іс-әрекетінен көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады.Сонымен бірге оқытудың нәтижелері оларды дәлме-дәл анықтайтындай етіп анықталады.Нәтиженің нақтылығын түсіну екі түрлі жолмен іске асады:(1)мақсаттардың деңгейлерге бөлінген айқын жүйесін (таксономиясын) құру.Оқушы неғұрлым жоғары деңгейге қол жеткізсе, ол да, мұғалім де үлкен жетістіктерге жетеді; (2)мақсаттарды мейлінше дәлме-дәл және нақты тілмен сипаттау [1].
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасына сай оқу мақсаты мен оның нәтижелері жоғарыда айтылған тәсілдерге негізделіп анықталады.Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша «Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер».Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Деңгейлік бағдарламалар курсының мұғалімдері бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары мен бір сабақтың жоспарын, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдер жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды пайдаланады.