Әдістемелік нұсқаулық Қ арағанды, 2018 ббк


Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық



бет6/26
Дата25.04.2023
өлшемі0,74 Mb.
#86642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Бағалау критерийлерін құрастыру Әдіст нұсқау

Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.

  • Толтыруға арналған кестеорта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан болып табылады.Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пайдалана алады.

  • Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.

  • Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді[2].

    Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
    Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.


    1.2. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі

    Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі


    бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы
    жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек, қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Сана философиясына сәйкес асимметрия санадағы объект алдыңғы қалыптасқан сенім мен артықшылықтарға сай болмаған жағдайда туындайды. Оңтайлы сәті оның дамуына алып келетін берілген объектіні қабылдаудың объективтілігін арттыру болып табылады.
    Педагогикалық мақсаттардың ең алғашқы үлгісінің авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол «Таксономия» еңбегінің бірінші бөлігін жарыққа шығарды(1956).Блум таксономиясы–танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді:білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Келесі онжылдықта Д.Кратволь және басқа да ғалымдар «Таксономия» еңбегінің екінші бөлігін (аффективті сала бойынша) жазды.Бірінші бөлігі танымдық (когнитивті) мақсаттар саласын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет саласы мен ол қамтитын сәйкес мақсаттарға тоқталайық.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет