Параграф 10. Қосымшалар
104. Қандай да бір себептермен негізгі бөлікке енгізілмейтін көмекші немесе қосымша материалдар қосымшаға орналастырылады.
105. Қосымшалар магистрлік диссертацияның (жобаның) жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді. Қосымшада мазмұнды тақырып болуы керек.
106. Қосымшаларға мыналар кіруі мүмкін:
1) Аралық математикалық дәлелдер, формулалар мен есептеулер;
2) Көмекші немесе цифрлық деректер кестелері;
3) Сынақ хаттамалары мен актілері;
4) Сұрау салу сауалнамалары немесе эмпирикалық зерттеулердің басқа да қолданылған түрлері;
5) Эксперименттер, өлшеулер мен сынақтар жүргізу кезінде қолданылатын аппаратуралар мен аспаптардың сипаттамасы;
6) Магистрлік диссертацияны (жобаны) орындау процесінде әзірленген ЭЕМ шешетін міндеттердің алгоритмдері мен бағдарламаларының нұсқаулықтары, әдістемелері, сипаттамасы;
7) Көмекші сипаттағы иллюстрациялар (фотосуреттер);
8) Магистрлік диссертация (жоба) нәтижелерін енгізу актілері және т.б.
107. Қосымшалардың көлемі шектелмейді. Әрбір нақты жағдайда қосымшалардың құрамын ғылыми жетекшінің келісімі бойынша магистрант айқындайды.
Параграф 11. Аннотация
108. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны бойынша қосымша магистрант көлемі 1 б.б. аспайтын аннотацияны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазады. Егер диссертациялық зерттеу ағылшын тілінде жүргізілсе, ағылшын тіліндегі реферат беріледі.
109. Магистрлік диссертацияға (жобаға) аннотация - бұл диссертацияның қысқаша сипаттамасы, оның мазмұнын қысқаша сипаттайды, ілеспе құжат түрінде жасалады және магистрлік диссертацияға (жобаға) қоса беріледі. Аннотация магистрлік диссертацияда (жобада) бар деректерді қысқаша көрсетуі керек және магистрлік диссертация (жоба) туралы алдын ала пікірді жылдам жасауға мүмкіндік береді.
110. Аннотация мазмұны:
1) Өзектілігі;
2) Мақсаты;
3) Міндеттері;
4) Ғылыми жаңалық;
5) Ғылыми және практикалық құндылығы;
6) Қорғауға шығарылатын жұмыстың негізгі ережелері;
7) Нәтижелерді апробациялау;
8) Негізгі қорытындылар.
111. Аннотация-А4 форматында басылады. Times New Roman қаріп, кегль 14. Жиектері: жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 10 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |