Әдістемелік құрал



бет3/10
Дата11.10.2023
өлшемі42,53 Kb.
#113631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұл­­ғасын дамытуда және оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

- Баланың ішкі белсенділігін да­мы­­туға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау.

- Әр бала да оның жеке дара қа­сиет­­­тері мен қабілеттерін ашып, олар­дың өмір сүруге қажетті салаларға орны­ғуына мүмкіндік көрсету.

- Әр баланың тұлғасына деген құр­мет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ете­тін қарым-қатынасты орнату.

 - Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдіс­тер­ге бағдар жасау.

  • Мұндай педагогикалық технология­ның жан-жақты тараған түрінің бірі "Тәй-тәй" технологисы. Бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп олар­ды халықтық тағылым нәрімен су­сындатып, танымдық жұмыстарды жү­йелі түрде жүргізу баршаға ортақ міндет. Осы бағытта "Тәй-тәй" технология­сы­ның негізін қалаушы Мария Монтес­со­ри . Монтессори педагогиканың негізі ар­найы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. Мария Ман­тоссори "Баланың өсіп жетілуі үшін не қажет?" деген сұрақ қойып, оның қа­­жеттілігі өзіне қызмет етуге, өзін-өзі да­мы­туға деген ұмтылыс болып табы­ла­­тынын өзі ашқан мектептерде дәлел­деп берген. Сондықтан баланы өмірге бе­­йімдеу дамытушы ортада жүзеге асады.

  • Дамытушылық орта дегеніміз - ба­ла­ның қызығушылығын туғызатын ал­уан түрлі, тартымды материалдар ашық қол жетімділікте болатын, тәр­бие­ші жа­саған зат - кеңістік ортасы, он­дағы бала­ларды оқыту және тәрбиелеу жағ­дайы әрбір балаға өзінің жеке қарқын­мен дамуына мүмкіндік береді. Техно­ло­гияның негізі мақсаты әр ба­ла­ның же­ке қабылдауы мен даму ке­зең­дерін ес­кере отырып білім беру. Тәй-тәй" тех­но­ло­гиясы 7 орталықпен жұмыс жа­сай­ды. Аталған орталық арқылы стан­дарт­қа сай 5 білім беру саласын қамтуға бо­лады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет