Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы


-тақырып. Фигура (айшықтау) және оның түрлері



бет5/7
Дата19.09.2023
өлшемі161,5 Kb.
#108480
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
9-тақырып. Фигура (айшықтау) және оның түрлері.
Фигура (айшықтау) әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлігін күшейтетін тәсіл. Синтаксистік қалыптың өзгеру себептері. Фигураның түрлері. Арнау және оның түрлері. Жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Олардың өзіндік ерекшеліктері. Қайталаудың мағыналық сипаты. Оның түрлері: жәй қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, кезекті қайталау. Антитезаның (шендестіру) қарам-қарсы ұғымдарды бір-біріне бетпе-бет қою арқылы жаңа сапалық мағына немесе ұғым тудыру қасиеті. Градация (дамыту) және оның көркем ойды ажарлаудағы ролі. Оның Е.Ысмайлов бөліп көрсеткен екі түрі: түйдектеу мен баяулату. Инверсия (сөз орнын ауыстыру). Инверсияның жазушы стилімен байланысы. Элипсис (сөз тастап кету) және оның эфимизммен байланысы. Егіздеудің (параллелизм) екі ұдай құбылыстарды салыстыра суреттеушілік қызметі. Әдеби тілді ажарлау мен айшықтаудағы басқа да мағыналық өзгерістер туралы қазіргі ой-пікірлер.
10-тақырып. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Өлең өлшемдері. Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: а) еркін құрылысты тіл – проза; белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия. Өлең түрінде ой айту принциптері. Өлең құрылысы, жүйесі. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуезділік. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесіндегі буынның атқаратын қызметі. Силлабатоникалық өлең жүйесінің ерекшеліктері.
Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі. Өмір мен өлеңдегі ырғақ заңдылықтары. Өлең құрылысын түзудегі ырғақтың мәні. Өлең тілінің ұлт тілі және әдебиеттің даму заңдылығына байланысы.Өлең пішіні және схема туралы түсініктер. Өлең құрылым туралы қазіргі пайымдаулар.
Өлең құрылымын ажыратудың жолдары.поэзиялық шығармадағы ең үлкен бірлік шумақ. Шумақтың белгілі бір аяқталған ойға қатыстылығы. Тармақ және оының белгілі бір өлшемге негізделуі. Бунақ. А.Байтұрсыновтың бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түрлері.Қазақ өлеңінің буын сандарының сәйкесу жолдары. Он бір буынды өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарының сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі – ұйқас. Ұйқастың өлең пішіні мен мазмұнына әсері. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері: қара өлең ұйқасы, шұбырптпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас кезекті ұйқас , осы күнгі ерікті ұйқас. Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Ұйқас пен ойдың бірлікте болу принциптері. Ұйқас қуалаушылқтың өлең мазмұнына тигізер әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [12], 85-88 беттер, [14], 112-118 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет